Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай



Pdf көрінісі
бет42/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай 
көмектесуге болады?
америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі 
(1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма 
ұсынған:
• талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
• мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей 
мүмкіндік ұсыну;
• оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті 
жетістіктерін анықтау;
• ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
• уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым 
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) 
Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді 
табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу 
оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. 
Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын 
жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде 
балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр 
теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс 
енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және 
проблемаларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.


43
Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға 
тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Бұл ретте мәселен, Ұлыбританияда 
жасалған тәжірибені алуға болады. Онда 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология 
бойынша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік 
Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен 
жұмыс» мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009). Балаларға құрбыларымен 
қарым-қатынас жасап, құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды 
шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір 
дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық, 
проблемаларды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, 
вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық 
тізімін дамыту қажет болды.
Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430 
оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда болды 
және университеттің оқу курстарына қатысты, сонымен бірге оларға тұруға орынжай 
беріліп, болашақта ұлттық ғылыми жарыстарға, мектептегі ғылыми дәрістер мен ғылыми 
үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу 
нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған 
мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет