Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Жақын арадағы даму аймағында



Pdf көрінісі
бет77/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Жақын арадағы даму аймағында
» (жаДа) жұмыс 
істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. жаДа оқушы дамытатын 
дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл 
тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі 
немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда 
оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. 
Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі 
ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары 
мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, жаДа аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау 
және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон 
(2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Заманауи түсінік
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін 
көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар: 
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;


72
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, 
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында 
болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, 
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. 
Зерттеу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың 
жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын 
дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» 
сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын 
өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдер ұсынып, қадағаланатын 
оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. 
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог 
арқылы беріледі де, оқушылардың сабақта түрлі жұмыстарды орындау кезінде өзара байланыс 
пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына 
байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет 
белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін 
әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. александердің пайымдауынша, диалог 
арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, 
оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе 
білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және 
кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін 
зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа 
тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.
александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, 
керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының 
білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында 
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін 
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру 
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып 
табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет