Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориялары Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік
психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасына
баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және
сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып
танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым авраам Маслоу болды
(1968). Төменгі деңгейге ол физиологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге –
өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды (8-сурет).