Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай



Pdf көрінісі
бет70/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай 
көмектесуге болады?
америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі 
(1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма 
ұсынған:
•  талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу;
•  мәдени  және  басқа  наным-сенімдеріне  қарамастан  барлық  оқушыларға  бірдей 
мүмкіндік ұсыну;
•  оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті 
жетістіктерін анықтау;
•  ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
•  уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым 
«күрделі»,  «ынталандыратын»  тапсырмалар  қажет  деген  пікір  қалыптасқан.  Эйр  (2001) 
Выготский  мен  Катцтың  еңбектерінен  дәйексөз  келтіре  отырып,  теория  мен  зерттеулерді 
табиғатты  зерттейтін  «міндеттер»  ретінде  қарастырады.  Міндет  қоя  отырып  жұмыс  істеу 
оқушыларды  жайлылық  аймағынан  аздап  шығатын  деңгейде  жұмыс  істеуге  міндеттейді. 
Ол,  Выготский  бойынша,  тым  күрделі  жұмыс  балаларға  орындалмайтын,  ынтасын  жоятын 
жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде 
балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр 
теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс 
енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және 
проблемаларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет