Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет72/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Экстернат
Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің тағы бір оңтайлы нысаны 
экстернат болып табылады. Бұл оқушыларға оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік 
береді. Осы орайда Ұлыбританиядағы экстернат бір жыл бұрын ағылшын тілі мен математика 
бойынша емтихан тапсыру үшін бір мектептің дарынды және талантты оқушыларын тартты. 
Бұл  мектептегі  дарынды  және  талантты  оқушыларды  ынталандыру  мен  дамытудың  тиімді 
тәсілі  болды.  Оқушылар  мен  мұғалімдердің  пікірі  білім  беру  бағдарламаларын  бағалау 
үшін жазылып алынды. Әдеттегідей дарынды және талантты оқушылар күрделі тапсырмаға 
құлшына кірісіп, оларды мақсатқа сай және тез арада орындап шықты, бірақ ағылшын тілі 
мұғалімінде олардың жекелеген мәтіндермен жұмыс істеуі жеткілікті екендігіне күмән туды.
Сын тұрғысынан ойлау туралы тарауда жазылғандай, Блум таксономиясы дарынды және 
талантты оқушыларды оқыту тәсілін анықтау үшін модельдер ұсынады. Бұл арада тағы бір 
айтарлығы, барлық оқушылар Блум таксономиясы деңгейі аясында ойлануға қабілетті деген 
пікір  болуына  қарамастан,  жекелеген  мұғалімдер  дарынды  және  талантты  оқушыларға 
көп уақыт бөлініп, оларға баса назар аударылу қажеттігін, әсіресе таксономияның жоғарғы 
жағындағы позициялар - бағалау, жинақтау және талдау үдерістерін белсенді қолдану қажет 
екендігін алға тартады.
ренцулли  мен  райс  (1985)  дарынды  және  талантты  оқушылардың  білімін  жетілдіру 
бойынша қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель жасап шығарды:
•  Бірінші кезең – жалпы зерттеу жаттығулар (жетілдіру, байыту).
•  екінші кезең – топтық оқу жаттығулары (үдеріс).
•  Үшінші кезең – нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу (нәтиже).
Білімді жетілдірудің бірінші кезеңі оқушыларға әртүрлі тақырыптағы көптеген тапсырмалар 
мен жаттығулар түрлерін ұсынады. Бірінші кезең баспа материалдарын, БаҚ, саяхат, болмаса 
баяндамашыларды шақыру және т.б. қамтитын кез келген сабақ түрінде өткізілуі мүмкін. Осы 
кезең  балаларды  стандартты  оқу  бағдарламаларынан  тыс,  оқушылар  үшін  тартымды  және 
қызықты салаларда дамытуға ықпал етеді.
Білімді жетілдірудің екінші кезеңі оқушыларда зерттеу жүргізуге және бірқатар эмоциялық 


44
әрі зияткерлік үдерістерді жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында 
әзірленген.  ренцулли  мен  райстің  пікірі  бойынша,  олар  шығармашылық  ойлаудың, 
проблемаларды  шешу  қабілетінің,  сын  тұрғысынан  ойлаудың  болуын,  шешім  қабылдауға 
және  аффекттік  үдерістерге  дайын  болуды,  зерттеушілік  дағдының,  қарым-қатынас  жасау 
дағдысының, қалай оқу керектігін үйрену дағдысының болуын көздейді.
жекелеген міндеттерді тек шағын топтар ғана шеше алады, осыған байланысты барлық 
оқушыларды  қатыстыру  мақсатында  топтастыру  кезінде  икемді  болған  дұрыс.  Топтық 
жұмыстар сыныптау мақсатында жиі қолданылады. Мәселен, математика сабағындағы топтық 
жұмыстар  қолданылған  жекелеген  жобаларда  толық  топтарға  қарағанда,  шағын  топтағы 
оқушылардың  анағұрлым  тиімді  жұмыс  істегені  анықталды.  Себебі,  тығыз  ынтымақтастық 
пен сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстады.
Кейде дарынды және талантты оқушылар жағымсыз тәртіп көрсетуі мүмкін, бұл олардың 
ерекше қабілеттеріне тікелей байланысты, мәселен:
•  тәжірибеде қолданылатын, есте қалған кең ауқымды білімі талқылау кезінде басымдық 
көрсетуі мүмкін;
•  зияткерлік  ойнақылық,  пайымдау  мен  қиялын  көрсететін  балалар  үнемі  тапсырмаға 
қызығушылық танытпауы, болмаса оны орындауға ниетінің жоқтығын білдіруі мүмкін;
•  проблемаларды нақты шешуге және есепті дұрыс шығаруға ұмтылатын балалар басқа 
оқушылар мен оқытушыларды жиі түзете беруі мүмкін;
•  нәзік  әзілі  басқа  біреулерге  жақпай,  оның  салдарынан  түсініспеушілік  орын  алуы 
мүмкін;
•  биік жетістіктерге ұмтылатын балалар өздерін сәтсіздіктен қорғау мақсатында тәуекелге 
баруға итермелейтін міндеттерді шешуден қашқақтауы мүмкін;
•  өз бетімен жұмыс істегісі келетіндер басқалармен бірлесе жұмыс істеуге қызу қарсылық 
көрсетуі мүмкін.
Мұғалімдердің  дарынды  балалардың  мінез-құлқын  ұғыну  сипаты  олардың  осы 
проблемаларды түсіну және оқушылар үшін қам жеу дәрежесін көрсетеді. Мәселен, кейбір 
мұғалімдер дарынды балалардың әдеттен тыс идеялар ұсынуға бейімділіктерін ынталандырады, 
ал кейбіреулері – мұндай мінезді тәртіпбұзушылық деп санайды. Кейбір мұғалімдер дарынды 
балалардың кездейсоқ шешімдерге күмәнмен қарау бейімділігін қош көреді, ал кейбіреулері 
– мұны сыйламаушылық деп біледі. Кей кездері қолайсыз мінез-құлық көңіл қалғандықтың 
нышаны болуы ықтимал. Әдетте ақпаратты тез игеріп алатын оқушылар негізгі қағидаттарды 
жеңіл аңғарады, олар зияткерлік тапсырмаларды жақсы көреді және де жекелеген оқу кезеңін 
айналып өтеді, сондықтан егер оқу бағдарламасының белгілі бір тапсырмаларын сыныптағы 
басқа  оқушылармен  бірдей  жылдамдықта  орындау  қажет  болған  жағдайда,  олардың  іштері 
пысады,  сосын  олар  тықырши  бастайды.  Мұндай  оқушылар  «сыныптың  күлдіргішіне» 
айналып,  сабақтың  өту  тәртібін  бұзады  немесе  өзінің  бойындағы  оқуға  деген  ықыласын 
басады. Сондықтан мұндай оқушыларды проблемалық субъектілер ретінде қарамай, мұғалім 
оқушылардың  дарындылығы  мен  таланты  тұрғысынан  осындай  жағымсыз  тәртіптің  шығу 
себебін анықтап, оларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет