Табыстыоқыту мен табысты мұғалім Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама табысты мұғалімнің алдына
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Табысты
оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де
қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай
жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,
қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).