Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді



Pdf көрінісі
бет44/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді. 
Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы
Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын 
қарастырады.  Бұл  теория  дамып  келе  жатқан  адамдар  мен  өздері  тұрып  жатқан  мәдениет 
арасындағы  өзара  қарым-қатынастың  маңызын  атап  өтті.  Әлеуметтік-мәдени  теорияның 
негізінде  психолог  Лев  Выготскийдің  жұмысы  жатыр,  оның  пікірі  бойынша,  ата-ана, 
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты 
болады. 


27
Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «Баланың  мәдени  дамуындағы  кез  келген  қызмет  екі 
түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, 
әуелі  интерпсихикалық  санат  ретінде  адамдар  арасында,  содан  кейін  интрапсихикалық 
санат  ретінде  баланың  жан-дүниесінде  көрініс  табады».  Бұны  осы  дәрежеде  ерікті  зейінге, 
логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени 
теория  үлкендер  мен  құрдастардың  индивидтің  оқуына  ықпал  етуіне  ғана  емес,  сондай-ақ, 
мәдени  сенімдер  мен  қатынастардың  оқу  және  тәрбие  үдерістеріне  қалай  ықпал  ететініне 
көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет