Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет53/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

33
Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум 
таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен 
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш 
бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту 
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым 
тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға 
бірдей аударуға ынталандыру. 
13-сурет. Блум таксономиясы 
Танымдық  саладағы  дағдылар  белгілі  бір  тақырыпты  білу,  түсіну  пен  сыни  ойлау 
тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру негізінен осы дағдыларды, яғни төмен тәртіптегі 
мақсатты алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, 
ең  төменгі  үдерістерден  жоғарыға  қарай  кезең-кезеңмен  қозғалуды  көздейтін  алты  кезеңді 
қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен 
материалдардың есте сақталғанын растау:
•  арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).
•  жалпылайтын  сипаттамаларды  білу:  конвенциялар,  үрдістер  мен  сабақтастық, 
жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.
•  Тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жалпыла-
улар, теориялар мен құрылымдар және т.б.
Сұрақ қойылу үлгісі: Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
Түсіну
Негізгі  идеяларды  ұйымдастыру,  салыстыру,  түсіндіру,  сипаттау  және  бекіту  жолымен 
фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:
•  аударма жасау;
•  интерпретация;
•  Экстраполяция.
Сұрақ  қойылу  үлгісі:  Алма  мен  апельсинді  пайдаланудың  денсаулыққа  пайдасын 
салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет