Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


«жалпымектептік саясатты»



Pdf көрінісі
бет65/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

«жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп 
тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.
Тарихи шолу
Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр. 
Бұл өзгерістерге 1972 жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған Marland 
есебі  түрткі  болды.  аталған  есеп  аҚШ-тағы  дарынды  және  талантты  балалармен  жұмыс 
істеу  жеткілікті  қамтамасыз  етілмегендігін  көрсетті.  есепті  қорытындылай  келе,  аҚШ-
тағы дарынды және талантты балалар «жоғала бастағаны», сондықтан олар қалыпты жұмыс 
істеу  мүмкіндігінен  мәңгіге  айрылу  қаупі  бар  екені  белгілі  болған,  бұл  осы  проблеманы 
басқа проблемамен – мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыр ахуалымен теңестіретін. Кейінгі 
зерттеулер  көрсеткендей,  дарынды  және  талантты  балалар  басынан  кешетін  көптеген 
эмоциялық және әлеуметтік қиындықтарды жоюға болады, ол үшін олардың деңгейі мен оқу 
қарқынына бейімделген әрі келісілген оқу ортасы болу қажет (Neihart et al., 2002).
Дарынды  және  талантты  оқушылар  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар  ретінде 
зерттелуі тиіс екендігін мойындаумен қатар, «дарынды» және «талантты» деген санаттарды 
анықтауда жалғыз аспектіліктен көп аспектілікке қарай ойысу орын алды. Дарындылар мен 
таланттылардың жалғыз аспектілік анықтамасы бір ғана критерийге негізделеді – зият деңгейі 
және  оның  IQ  балдары  негізінде  анықталуы.  Әдетте,  мұндай  тәсіл  оқушылардың  жалпы 
санынан дарындылық пен таланттың аздаған пайызына дейін (шамамен 1-ден 3 пайызға дейін) 
анықтауға мүмкіндік бере алмайды. ал көп аспектілі анықтамалар көптеген критерийлерге 
негізделеді және кешенді тәсіл қолданады, бұл ерекше қабілетті оқушылардың жалпы санынан 
анағұрлым  жоғары  пайызды  (мәселен,  10-нан  15  пайызға  дейін)  анықтай  алады.  Заманауи 
анықтамалар  оқушылардың  кез  келген  пайызын  дарынды  немесе  талантты  деп  бөлуден 
қашқақтайды,  өйткені  осы  түсініктерге  байланысты  өлшемдерді  түсінуде  әр  мектептің 
ұстанымы әртүрлі болып отыр. 
ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі 
негізінде нақты анықтады:
•  қабілеттері ортадан жоғары;
•  тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
•  жоғары деңгейлі шығармашылық.
ренцулли мен райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, 
әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген 
пікір  білдіреді.  Олар  осы  санаттағы  оқушылар  әдетте  кәдімгі  мектепте  ұсыныла  бермейтін 
көптеген білім беру мүмкіндіктері мен қызметтерін қажет етеді деп санайды.
Дарындылық пен талант түсінігін жалғыз аспектіліктен көп аспектілік тұрғыдан түсінуге 
көшу  зияттың  өзі  не  екенін  түсінуде  өзгеріс  қажет  екендігін  меңзейді.  Бұл  енді  біртұтас 
нәрсе  ретінде  емес,  зияттың  қырлары  жағдайында  қаралады.  Зияттың  қырлары  идеяларын 
жақтаушылардың арасында зияттың сегіз түрін анықтаған Гарднерді (2006) атап өткен жөн:


39
•  Логикалық-математикалық;
•  Лингвистикалық;
•  Кинестетикалық;
•  Кеңістіктік;
•  Музыкалық;
•  Тұлғааралық;
•  Тереңдетілген;
•  Табиғи.
аталған  зият  түрлерін  зият  саласы  емес,  ерекше  қабілет  саласы  ретінде  қарастыруға 
болады. Гарднер зиятты қабілеттер, таланттар немесе ақыл қабілеттерінің жиынтығы ретінде 
анықтайды, бұл адамдарға проблемаларды немесе міндеттерді оның шешімі бір немесе бірнеше 
мәдени мәнмәтіндерге пайдалы болатындай етіп шешуге мүмкіндік береді. Дарындылар мен 
таланттылардың көп аспектілі анықтамасы оқушыларды жоғарыда аталған зият түрлерінің кез 
келгеніне сәйкес дарынды және талантты деп есептеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет