Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022- 2023 оқу жылына арналған
Жалпы дамытушы жаттығулар: Көзбен бағдарлай отырып,ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу)педагогпен бірге орындауға үйрету.Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.Қолға және иық белдеуіне,денеге,аяққа арналғанжаттығулар қолдарын жоғарға жәнежанына көтеру,бір қолындағы затты алдына әкеліп,екінші қолына ауыстыру;қолдарын шапалақтау.Допты бір-біріне беру,аяқты өзіне қарай тарту,қалаш тәрізді дөңгелету,отырған,жатқан қалыпта екі аяқты созу,түрегеліп тұрған қалыпта солға,оңға,алға қарай еңкею.Отырып,аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу,екі аяқпен секіру.
Негізгі қимылдар.
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
Сапта бір –бірлеп, бірінің артынан бірі жүру
Сапта бір –бірлеп, бірінің артынан бірі жүгіру
2-3 м қашықтықта алға жылжи отырып,қос аяқтап секіру
Арақашықтығы 4 м тура бағытта еңбектеу
1,5м арақашықтықта бір-біріне қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты бір-біріне домалату
Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру
Сапқа бір-бірден қайта тұру
Аралықты сақтай отырып, тізені жоғары көтеріп жүру.
Қол мен аяқ қимылын үйлестіре отырып аяқтың ұшымен жүгіру.
Қос аяқтап басты затқа тигізе отырып жоғарыға қарай секіру.
Аяқты алшақ ұстаған қалыпта допты 1.5 м қашықтыққа домалату
4 м арақашықтықта заттардың арасымен жыланша еңбектеу
Биіктігі 20 см еңіс тақтай бойымен жүру