Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән "ө,қ" дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға
баулу.
Сөздік қор.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Шығарманы жеткізуде оның мазмұны мен сипатына сәйкес түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, мәнерлеп айтуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата білуге және дұрыс жауабын ұсынуға, бір-біріне неге, не үшін деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға, бір-бірімен еркін диалог құруға, еркін талқылауға мүмкіндік беру.
Математика негіздері
|
- заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;
- сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;
- эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту; тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)
және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
|
Сурет салу
|
- қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;
- түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту.
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
|
Жапсыру
|
- қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
- өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту.
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол
заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
|
Мүсіндеу
|
- өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем- эстетикалық талғамды дамыту;
- өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану. Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
|
Музыка
|
- балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді ұсыну.
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |