Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету.
Көркем әдебиет
|
- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту;
- балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну.
Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
|
|
|
Математика негіздері
|
- заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;
- сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;
- эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту; тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
|
Сурет салу
|
- қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;
- түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
|
Жапсыру
|
- қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
- өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту.
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол
заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |