Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет9/47
Дата25.05.2023
өлшемі143,75 Kb.
#97587
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Перспективалық жоспар 22ж ересек

Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету.
Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде).
Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. Сылдырмақтармен әуендерді ойнау.
Билер.
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау. Жеңіл, ырғақпен қозғалу.

Құрастыру

- балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру.
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет