Университтеттің оқу әдістемелік
кеңесімен құпталған
«___»____________20 ж. №_____хаттама
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
1.1 Пәннің мақсаты- Ежелгі Қазақстан тарихының жалпы тарихи
процесстегі маңызын және ролін көрсету Студенттерді қазақ қоғамының ең ерте
кезеңімен, адамның және адам қоғамының
негізгі кезеңдерінің даму
ерекшеліктерімен таныстырып отырып, оның өзіндік сипатын танытып,
студенттерге тағылым беру көзделеді.
1.2 Пәннің міндеттері:
-Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден
ХІІІ ғасырдың басына
дейінгі тарихи процестің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы толық
түсініктер беру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
-Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып,
хронологиялық тұрғыдан студенттерді мол фактологиялық материалдармен
таныстыру;
-Қазақстандағы ежелгі дәуірдегі және
ортағасырлардағы тарихи-
этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын айқындау;
-«көшпенділік өркениет» феноменінің мазмұнын ашу;
-Түркі мемлекеттерінің қалыптасуының ерекшеліктерін ашу;
-Қазақ халқының этногенезінде маңызды
рөл атқарған қыпшақ және
оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету;
-Ұлы Жібек Жолының ежелгі және ортағасырлық
Қазақстанның саяси,
экономикалық және мәдени өміріндегі қосқан үлесін көрсету;
-Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстанның саяси,
экономикалық және мәдени дамуы туралы түсінік беру.
1.3 Пәнді игеру барысында студент келесіні білуі қажет:
Ежелгі Қазақстан тарихының жалпы тарихи процесстегі маңызын және
роліннің теориялық аспектілерін кешенді түрде білуі керек.
1.4 Пәнді игеру барысында студент келесідей дағдыларды білуі қажет:
тарихи эволюция заңдарын түсіндіру, тарихилық принцип негізінде,
тарихи өткенімізді талдай білу;
жазбаша жұмыстарды (конспект, аннотация, реферат,
баяндама, эссе)
жаза білу және оларды дұрыс рәсімдей білуге дағдылану,
өзінің қорытындыларын салиқалы негіздей білу;
семинарларға дайындалу барысында қолда бар ғылыми әдебиетке өз
бетінше сын
көзбен талдау жасай білу;
тарихи деректерді жіктеп, талдай білу;
картаны жақсы бағдарлауға дағдылану және оны ауызша жауап беруден
пайдалана білу;
тарихи білімнің теоретикалық, қолданбалы және бағалылық аспектілерін
көрсете білу, оларды күнделікті, сондай-ақ,
кәсіби өмірде практикалық
шешімдерді негіздеуде қолдана білу.
Достарыңызбен бөлісу: