Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған



бет20/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
Тарих Гос

ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден,
одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.



  1. XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.

XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.


XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.


Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген. Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.


Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мысалы: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б.


Ертегілер: “Ер Төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, Аламан-Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бөзінген”, “Сыттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жобайы аңдар бейнеленген. “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожа Насыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет