Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасы мен қызметі



бет37/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
М.Шоқайдың қоғамдық-саяси көзқарасы мен қызметі:
Мұстафа Шоқай - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең — балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті. Мұстафа Шоқай Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде дүниеге келді.
Түркістан автономиясының жетекшісі.Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шура-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады.

  1. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы. 1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.


ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет