Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/07 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
Дата02.03.2017
өлшемі176,9 Kb.
#5133
түріБағдарламасы

Студенттерге арналған пән

бағдарламасы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/07



Қазақстан Республикасының  білім және ғылым  министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих, археология және этнология  кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН 

ПӘНДІК БАҒДАРЛАМА 

 

«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша

050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар


Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасын

бекіту парағы

Нысан


ПМУ ҰС Н  7.18.2/11

БЕКІТЕМІН

 Тарих және құқық

       факультетінің  деканы

           ________ Ақышев А.А.

            «____»________200__ж.

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент Батталов Қ.Қ. 

______________

Тарих, археология және этнология кафедрасы



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 «Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша

050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған

Бағдарлама   «___»_______   20__   ж.   бекітілген   оқу   жұмыс   бағдарламасының

негізінде құрастырылған 

Кафедра отырысында  «___»____20__ж. хаттама №__ ұсынылған

Тарих, археология және этнология кафедра меңгерушісі ______Ерманов А.Ж.



Мақұлданған  

Тарих және құқық факультетінің ОӘК    «____»____ 20__ж., хаттама №___

ОӘК төрайымы      ________________________  Мошна Н.И.


«Ежелгі дүние тарихы»

 

пәні бойынша



ПӘНДІК БАҒДАРЛАМА

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Батталов   Қайрат   Қанатұлы  –   тарих,   археология   және   этнология   кафедрасының

доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (дәріс, тәжірибелік сабақтары)

тел. 673685  ішкі. 1326.



Консультация уақыты: жұма 11.00 – 13.00 № ауд. 431, ОУК

«Ежелгі дүние тарихы»

 

пәні бойынша типтік бағдарлама МЖБС сәйкес



мәдениеттану   бөлімінің   студенттеріне   арналып,   кредиттік   білім   беру

технологиясы негізінде құрастырылған..



Барлық сағат саны – 135 (3 кредит). Оның ішінде: дәріс – 30 с., тәж. – 15 с. СӨЖ –

90с. 



Бақылау түрі –емтихан

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Ежелгі дүние тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір бөлігі және IV

мыңжылдықтың соңында Ніл мен Евфрат аңғарларындағы  алғашқы таптық қоғамдар мен

мемлекеттік   құрылымдардың   пайда   болуынан   басталып   біздің   заманымыздың  V-ші

ғасырының   екінші   жартысына   дейінгі   кезеңді   қамтып,   негізінен   құлиеленушілік   қоғам

тарихын зерттейді.

Бұл пәнді оқу барысында студенттерде алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда

болуы,   дамуы   мен   құлауы   туралы   ғылыми   түсінік   қалыптастыру   керек.   Бұл   уақытта

экономикалық   қатынастардың,   әлеуметтік   және   сословиелік   құрылымның,   мемлекеттік

ұйымның, идеалогиялық  және діни өмірдің жаңа формалары  қалыптысып жатты, адамзат

қоғамының   кейінгі   дамуы   үшін   бастама   жасаған   мәдени   құндылықтар   пайда   болды.

Сондықтан   да   ежелгі   дүние   тарихын   оқу   қазіргі   заманғы   жоғарғы   тарихи   білім   берудің

міндетті бөлігі болып табылады.

1.1 Пәнді оқыту мақсаты: 

«Ежелгі дүние тарихы» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы тарихи құбылыстарды

түсінуге, теориялық көзқарасты   маман ретінде қалыптастыруға, ежелгі дүние тарихының

жалпы тарихи процесстегі маңызын және ролін көрсетуге, студенттерді ежелгі дүние кезеңі

қоғамының,   адамның   және   адам   қоғамының   негізгі   кезеңдерінің   даму   ерекшеліктерімен

таныстырып  отырып,   оның   өзіндік   сипатын   танытып,   студенттерге   тағылым   беру,

құлиеленушілік   қоғам   формациясын   оқып   үйрену   негізінде   студенттердің   тарихи   ойлау

қабілеттерін арттыру көзделеді.



1.2 Пәннің міндеттері:

Пәнді   оқытудың   міндеті   дайындықтың   жоғарғы   дәрежесіне   ие,   тарихи   фактілерді

біліп қана қоймай тарихи құбылыстарды түсіну  үшін қажет ғылыми теориялық көзқарасты

игерген   маманға   қойылатын   талапқа   сай   анықталады.   Студенттерге   ерте   дүние   тарихы

курсының ерекшіліктерін түсіндіруге  қажет методикалық негіздерді  білуі тиіс.

1.3 Курсты игеру нәтижесінде студент келесідей мәселелерді білу керек:

- ежелгі дүние тарихының жалпы тарихи процесстегі маңызын және  мәселелерінің

теориялық аспектілерін;

Ежелгі Шығыс елдерінің тарихына қатысты:

- ерте   өркениеттердің   пайда   болуы   мен   дамуына   табиғат   жағдайлары   мен

географиялық ортаның ықпалын;



- суармалы   егіншіліктің   тек   ұжымдық   еңбектің   арқасында   ғана   мүмкін   болуына

алып келген өндірістің төменгі дәрежесін;

- осыған   байланысты   көршілік   қауымдардың   ұзақ   сақталуы   және   жерге   жеке

меншіктің дамымауының себептерін;

- суғару   жүйелерін   құрудағы   көптеген   қауымдардың   әрекеттерін   біріктіру   мен

үйлестіру қажеттілігін;

- Ежелгі Шығыс тарихы адамзаттың мәдени дамуындағы аса маңызды кезеңдердің

бірі екендігін, әртүрлі ғылымдардың, әдебиеттің, философиялық ойдың, жазудың пайда болу

дәуірі екендігін білуге тиіс.

Ежелгі Грекия мен Римнің тарихына қатысты:

- б.з.д. ІІ мыңжылдықтан бастап б.з.д. VI ғасырлардағы Грекияның тарихын, яғни

крит-микен өркениетінің, полистік жүйе мен грек мемлекетінің қалыптасу дәуірін;

- б.з.д. V-ІV ғғ. Грекия  тарихын,  яғни  полистік  жүйенің  дағдарысын, Македония

мемлекетінің   күшейуіне   және   Александр   Македонскийдің   жаулаушылық   жорықтарын,

эллинизм дәуірін, оның ерекшеліктері мен дамуының үрдістерін;

- б.з.д. VIII ғ. мен б.з. V ғ. аралығындағы Рим мемлекеті мен қоғамының қалыптасу

және даму тарихын білуге тиіс.

кешенді түрде білуі керек.



1.4   Курсты   игеру   нәтижесінде   студент   келесідей   дағдыларды     қолдана   білуі

керек:

-   оқу   құралдарымен,   монографиялармен,   ғылыми   мақалалармен   жұмыс   жасауға,

оқытушы ұсынған еңбектерде конспект жасауға;

- шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі материалдарды сыни талдаудан өткізе отырып

пайдалануға;

- ежелгі дүние тарихы жөніндегі деректерді топтастыру білуге және олардан мәлімет

ала білуге;

- баяндаманы ережеге сай, дұрыс көркемдеуге дағдылану;

-  бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-

зерттеу жұмысында пайдалану.



2 Пререквизиттері:

1)

 Алғашқы қоғам тарихы;

2)

Этнология;



3)

Мәдениеттану;

4)

Әлемдік діндер тарихы.



3 Постреквизиттер:

1) Орта ғасырлар тарихы

2) Орта ғасырдағы Африка және Азия елдері тарихы


Пәннің тақырыптық

жоспары


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10



4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ 

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе



1

2

Ежелгі Египет тарихы



2

1

5



3

Ежелгі Қосөзен

2

1

5



4

Ежелдегі Кіші Азия мен Закавказье

2

1

5



5

Шығыс Жерорта теңізінің 

жағалауындағы елдер

2

1



5

6

Ежелдегі Иран мен Орта Азия



2

1

5



7

Ежелдегі Оңтүстік Азия

2

1

5



8

Ежелгі Қытай

2

1

5



9

Кіріспе. Греция.

2

5

10



Б.з.д.ІІ мыңж.Грекия тарихы

2

1



5

215


1

1

Б.з.д.ҮІІІ-ҮІ ғғ.Архаикалық Грекия 



2

1

5



13Б.з

.д.


ІІІ-І

ғғ.Ке


йінгі

Респ


убли

ка

тари



хы.

Римн


ің

Карф


аген

мен


күре

сі

және



оның

Жер


орта

теңіз


інде

толы


қ

үсте


мдік

ке

жету



і..

12

Б.з.д. ІІ-І ғғ. Римнің 



экономикасы,әлеуметтік құрылымы және

сословиелер. 

1

1

5



14

Рим республикасының құлауы(б.з.д.180-

130жж.)

Рим республикасы саяси  жүйесінің 



дағдарысы.Әлеуметтік қайшылықтардың

күшеюі.


1

1

5



15

Ерте Империя дәуірі

Октавиан Августтің билік құруы. 

Монархиялық тәртіптің 

ұйымдастырылуы.

1

1



5

16

Б. з . II ғ. Рим империясы.Антониндер 



әулеті. Рим империясынын « Алтын 

ғасыры» 


1

1

5



17

Б. з . II ғғ.мәдениет

1

-

5



18

Б. з. ІІІ ғ.дағдарыс

Римдік құл иеленушілік қоғам мен 

мемлекеттің дағдарысы.

1

-

5



19

Кейінгі Рим Империясы

ІҮ ғасырдағы Рим қоғамы және 

мемлекет.Доминат жүйесі.

1

1

5



Барл

ығы

:  

30

15

90

   


4.2 ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Кіріспе

Ежелгі     Шығыс   елдерінің   тарихы-алғашқы   құлиеленуші   қоғамдар     мен

мемлекеттердің   тарихы.   «Ежелгі   Шығыс   тарихы»   түсінігі,   оның   географиялық   және

хронологиялық аясы. «Классикалық Шығыс» термині.

      Б.з.д.ІV   мыңж.   екінші   жартысында   Ніл   және   Евфрат   аңғарларында   алғашқы

мемелекеттердің пайда болуы.

Шығыс  елдерінің   тарихы   даму  ерекшеліктері.Ежелгі  Шығыс  тарихын  зерттеген   ел

тарихшылары концепцияларын талдау.XIX ғасырдың басынан бастап ежелгі Шығыс тарихын

зерттеуге жалпы шолу.

Географиялық   ортаға   жалпы   сипаттама.   Ежелгі   Шығыстың   халықтары   және   тіл

семьялары.

Ежелгі   Шығыыстағы   қауымдық   жүйе   және   оның   Ежелгі   Шығыс   қоғамының

әлеуметтік   –   экономикалық   құрылымындағы   ролі.Ежелгі   Шығыс   қоғамының   дамуындағы

мемлекеттің ролі.

      Ежелгі   Шығыс   халықтарының   даму   ортақтығы   және   ерекшеліктері.   Жоғара   дәрежелі

Ежелгі Шығыс мәдениетінің құрылуы және оның әлеуметтік мәдениет тарихындағы маңызы.

«Антик   тарихы»   түсінігі.   Антика   тарихы   мен   Ежелгі   Шығыс   елдері   тарихының

арақатынасы, байланысы және өзгешеліктері.Ежелгі Грекияның әлемдік тарихтағы орны.

Курстың   географиялық   және   археологиялық   шеңбері.   Грекия   тарихын   кезеңдерге

бөлу.   Ерте   Рим   тарихы   –   ежелгі   дүние   тарихын   аяқтаушы   бөлім,   құл   иеленушілік

құрылыстың даму шыңы ретінде маңызы. Рим тарихының бүкіл әлемдік тарихи үрдістегі

маңызы.   Италияның   географиялық   орыны   мен   табиғи   жағдайы.   Италияның   халқы,

этникалық әртектілігі, негізгі тайпалары мен халықтары.

2-тақырып.Ежелгі Египет тарихы. 

Орталықтандырылған   жалпы   египеттік   мемлекеттің   құрылуы   және   оның   Ежелгі

патшалық дәуіріндегі гүлденуі. Ерте патшалық  кезеңі б.з.д. ІІІ мыңж. орталықтандырылған

Египет мемлекетінің құрылуы.  Перғауын және оның деспотиялық билігі. Ежелгі патшалық

соңындағы саяси бытыраңқылықтың күшеюі және Египеттің номдарға ыдырауы.

Орта және жаңа патшалық дәуіріндегі Египет. Бірінші өтпелі кезең. Орта патшалық

кезеңіндегі   Египет   экономикасы   мен   күш-қуатының   өсуі.   Египеттіктердің   гиксостармен

күресі және олардың елден қуылуы. Аменхотеп IV-нің (Эхнатон) діни – саяси реформасы.

Рамсес   ІІ.Хетт-Египет   соғыстары.  Елдегі   әлеуметтік   қарама-ұайшылықтардың   шиленісуі.

Жаңа патшалық соңындағы Египеттің құлдырауы мен әлсіреуі.

Б.з.д. І мыңж. Египет.Елдегі   шетелдіктер билігі және саистік қайта өрлеу.  Египетті

ливиялықтардың   қол   астындағы   Египет.  Саистың   күшеюі   және   XXVI   саистік   әулет

тұсындағы    елдің   қайта     бірігуі.  Оның  ішкі   және  сыртқы   саясаты.  Египеттің   гректермен

байланысы.  Б.з.д.VII-VI   ғғ.Египеттің   экономикалық,  әлеуметтік,  саяси     және   мәдени

дамуының негізгі процестері. Ежелгі Египет мәдениеті.

Египет   діні.   Мифология.   Басты   нанымдары.   Эхнатонның   монотеизмді   енгізуге

тырысуы.   Табынуды   ұйымдастыру.   Храмдар   мен   абыздар.   Ежелгі   египеттіктердің   жазуы.

Ежелгі Египет әдебиеті. Египеттік бейнелеу мен сәулет өнерінің негізгі жетістіктері. Білім

беру жүйесі. Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениет дамуындағы орыны мен маңызы.

3-тақырып. Ежелгі алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия.

Географиялық   орта,  халық.  Месопотамиядағы   мемлекеттің   қалыптасуы.  Б.з.д.   ІІІ

мыңж.Месопотамияның   негізгі   тарихи даму процестері.  Ұлы өзендер: Тигр және Евфрат.

Месопотамияда ирригациялық егіншіліктің даму жағдайы.

Ежелгі Месопотамия тарихының кезеңдері. Ежелгі Месопотамия тарихының маңызды

деректері және тарихнамасы.



Месопотамияны   қоныстану   процесі.   Шумер   –   б.з.д.   ІІІ   мыңжылдықтың   І-ші

жартысындағы   елдегі   экономикалық,   саяси   және   мәдени   даму   орталығы.   Ертеәулеттік

дәуірдегі шумерлік қала-мемлекеттердің саяси тарихы. Лагаш, оның өркендеуі мен құлдырау

тарихы.   Аккад   билігіндегі   Месопотамия.   Кутилердің   басқыншылығы   және   Аккадтың

құлдырауы.  Аморейлер мен эламдықтардың  шабуылы  және Шумер-Аккад  патшалығының

құлауы.


Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы Месопотамия. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы  Месопотамияның

саяси   бытыраңқытылығы.   Вавилонның   күшейуі.   Касситтік   әулет   тұсындағы   Вавилон.

Митания   мемлекеті.   Митания   мемлекетін   ассириялықтардың   талқандауы.   Б.з.д.   ІІ

мыңжылдықтың –ші жартысындағы Ассирия қоғамы мен мемлекеті. Арамей тайпаларының

басып кіруі және Ассирия мемлекетінің құлдырауы.

Ассириялық   және   жаңававилондық   державалар.   Жаңаассириялық   кезеңдегі

Ассирияның экономикалық және әскери-саяси өсуі. Б.з.д. ІХ ғасырдағы Ассирияның жаулап

алулары.   ІІІ   Тиглатпаласар   реформалары   және   Ассирияның   қайта   өрлеуі.   Б.з.д.   І

мыңжылдықтағы   Ассирия   державасының   әлеуметтік-экономикалық   құрылысы   және   саяси

ұйымдастырылуы.   Ассирияның   құлау   себептері.   Вавилонда   Ассирия   билігінің   орнығуы.

Набонид   және   елді   парсылардың   жаулап   алуы.   Парсылық   саяси   жүйе   шеңберіндегі

Вавилония.   Б.з.д.   VII-IV   ғасырлардағы   Вавилонияның   экономикасы   мен   қоғамы.   Ауыл

шаруашылығы және аграрлық қатынастары. Храмдық шаруашылықтар. Қолөнер мен сауда.

Өсімқорлық. Кейінгі Вавилония қоғамының құрылымы.

Ежелгі   Месопотамия   халықтарының   мәдениеті.   Діни   түсініктері   және   негізгі

нанымдары.   Месопотамия   халықтарының   мифтері.   Месопотамиядағы   жазу.   Сына   жазуы.

Ежелгі Месопотамия әдебиетінің даму сатылары. Гильгамеш туралы эпос. Білім беру жүйесі.

Мектептер, мұрағаттар, кітапханалар. Ғылыми-тәжірибелік білімнің қалыптасуы.



4-тақырып. Ежелгі Кіші Азия және Закавказье. 

Кіші Азия:  территориясы және халқы.  Тарихының ежелгі   кезеңі.  Кіші  Азияның

ежелгі тарихы туралы деректер. 



Хетт   патшалығы.  Ежелгі   Хетт   мемлекетінің   қалыптасуы.  Хетт   патшалығының

Жаңахеттік кезеңдегі қайта өрлеуі. Жерорта теңізінің шығыс жағалауы және алдыңғы Азияда

үстемдік ету үшін күрес. “Теңіз” халықтарының шабуылы және Хетт державасының құлауы.

Хеттер экономикасы. Хетт мәдениеті. 

Урарту және Закавказье мемлекеттері. Урарту мемлекеті – Ван патшалығының пайда

болуы.   Урартудың   Ассириямен   күресі.   Урарту   мемлекетінің   құлдырауы   және   құлауы.

Закавказьедегі Урартудан кейінгі кезең.

5-тақырып. Шығыс Жерорта теңізі  жағалауындағы елдер.

Ежелдегі   Сирия,   Финикия,  Палестина,  Карфаген.   Б.з.д.   І-ші  мыңжылдықтағы

Финикия мен Сирияның өркендеуі. Палестина территориясына ежелгі еврей тайпаларының

басып кіруі. Б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтар аралығында Израиль-Иудей  патшалығының құрылуы.

Оның   екі   патшалыққа:   Израиль   және   Иудейге   бөлінуі.  Б.з.д.   І-ші   мыңжылдықтағы

Палестинадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Әлеуметтік қарама-қайшылықтардың

шиеленісуі. Пайғамбарлық қозғалыс.

Шығыс Жерорта  теңізі  жағалауы  Ассирия, Жаңа Вавилон, Парсы  державаларының

билігінде.   Шығыс   Жерорта   теңізі   жағалауы   халықтарының   материалдық   мәдениет

дамуындағы жетістіктері. Дін және мифология.

Солтүстік   Африкадағы   Карфаген   және   басқа   да   финикиялық   колониялар   негізінің

қалануы.   Қолданбалы   ғылымдар:   агрономия,   математика,   астрономия,   география,

фортификацияның ерекше дамуы.

6-тақырып.Ежелгі Иран мен Орта  Азия. 

Элам және Мидия-Иран территориясындағы ең ежелгі мемлекеттері. Ежелгі Иран

мен Орта Азияның табиғаты және халқы. Иран мен Орта Азияның географиялық орналасуы

және табиғи жағдайы.  Иранның ежелгі тарихы жөніндегі деректер және   тарихнама.  Киелі

кітаптар жинағы «Авеста». Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың ІІ-ші жартысы-б.з.д. ІІ мыңжылдықтың



І-ші жартысындағы Элам. Б.з.д. ІІІ-І-ші мыңжылдықтағы Мидия территориясындағы ежелгі

тұрақтар. Иран тілдес  тайпалардың  енуі  және таралуы.  Мидия тайпалық  одағы. Мидияға

Ассирия шабуылы. Мидия қоғамы, мемлекеттік құрылымы және мәдениеті.

Б.з.д. VI-IV-ші ғасырлардағы  “әлемдік”  Парсы  державасы.  Б.з.д. І мыңжылдық

басындағы парсы тайпалары. І-ші Дарийдің билікті басып алуы және Персия державасының

бүтіндігінің қалпына келтірілуі. Персияның діні мен мәдениеті. Мүсін өнері, рельеф, бояулы

суреттер.



Б.з.д.   ІІІ-І-   мыңжылдықтар   межесіндегі   Орта   Азия.  Қоғамның   мүліктің   және

әлеуметтік жіктелуі және мемлекеттің қалыптасу процесі. Ерте Бактрия мемлекеті. Көшпелі

сақтардың тайпалық одақтары. Орта Азиядағы Парсы үстемдігіне қарсы көтеріліс.

Кушан державасы және ПарфияОрта Азия Селевкилер мемлекетінің құрамында.Грек-

Бактрия   патшалығының   құрылуы.Грек-Бактрия   патшалығының   қиратылуы.Парфия

патшалығының   пайда   болуы:   әлеуметтік-экономикалық   және   саяси     құрылысы.   Парфия

мемлекетінің және оның мәдениетінің тарихи маңызы.

7-тақырып. Ежелдегі Оңтүстік Азия. 

Ертедегі оңтүстік Азия. Ерте дәуірдегі оңтүстік Азияның территориясы,табиғаты мен

халқы. Ең көне (Инд) өркениеті. Ең көне (Инд) өркениетінің пайда болуы. Мохенджо-Даро

және Хараппа. Инд өркениеті орталықтарының ауыл шаруашылығы, қолөнері мен саудасы.

Қаланың бейнесі мен қалалықтар тұрмысы. Ганг жазығындағы алғашқы мемлекеттер (б.з.д.

ІІ мыңж. Соңы - І мыңжылдықтың бірінші жартысы).

Арий   мәселесі.   Арийлердің   экономикасы   және   әлеуметтік   қатынастары.   Ганг

жазығының игерілуі. Темірді қолдану. Қоғамдық және саяси құрылысы. Әлеуметтік жіктеліс.

Абыздар   мен   әскери   ақсүйектердің   рөлі.   Варналар   жүйесі.   Брахмандық   дін.   Саяси

құрылымдар – Солтүстік Индияның монархиялары мен республикалары.

Жалпы индиялық державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. І мыңж.ІІ-ші

жартысы).  Индияға   грек-македондықтардың   басып   кіруі   және   олармен   күрес.   Маурилер

империясы   және  оның  гүлденуі.  Ашоканың   сыртқы,  ішкі   және  діни  саясаты.   Буддизмнің

таралуы.

Грек-Бактрия патшалығымен қақтығыс. Жалпы индиялық империяның әлсіреуі. Оның

өмір сүруінің тарихи маңызы. Маурилер әулетінің ауысуы. Таптар, варналар, касталар және

олардың қатынастары. Тәуелсіздік пен қанау формалары. Құлдық. Жалдамалы еңбек.



Ерте дәуірдің соңғы кезеңіндегі Оңтүстік Азия (б.з.д. І-ші мыңжылдықтың І-ші

жартысы).  Кушандар   тұсындағы   Индия.   Индияның   саяси   бытыраңқылығы   және   жаңа

жалпыиндиялық мемлекеттің пайда болуының жағдайлары. Магадханың жаңадан көтерілуі

және   Гупттар   әулетінің   билігі.   Ғұн-эфталиттердің   басып-кіруі.   Гупттар   империясының

ыдырауы.


Б.з.д. І-V ғғ. әлеуметтік-экономикалық қатынастарындағы өзгерістер. Жер меншігінің

жаңа   формалары.   Құлиеленушілік   қатынастардың   дағдарысы   және   ыдырауы.   Үнді

қоғамының феодалдану процесі.

8-тақырып. Ежелгі Қытай.

Ежелгі   Қытайдың   табиғат   жағдайлары   мен   халқы.   Қытайдағы   ежелгі

мемлекеттік   құрылымдардың   пайда   болуы.   Шань-Инь   мен   Чжоу.  Деректері   және

тарихнамасы. Инь дәуіріндегі экономика, қоғам және мемлекет. Чжоу тайпасы және оның

иньдіктермен қарым-қатынастары. Б.з.д. VIII-III ғғ. Ежелгі Қытай. Шығыс Чжоу кезеңі.

Қытайдағы   алғашқы   орталықтандырылған   мемлекет-цинь   империясы.  Цинь

патшалығының көтерілуі. Орталықтандырылаған мемлекеттің  құрылуы және экономикалық

және   құқықтық   шаралар.   Б.з.д.   ІІІ-ші   ғасырдың   аяғындағы   әлеуметтік-саяси

қайшылықтардың шиеленісуі және халықтық соғыс.



9-тақырып. Ежелгі Грекия тарихы. Деректер мен тарихнама.

Археологиялық   мәліметтер:   Эванстың   қазбалары   және   Криттері   басқа   да   қазба

жұмыстары.   Мифология   және   көркем   әдебиет   ескерткіштері   тарихи   дерек   ретінде.


Публицистика   және   шешендік   өнер   шығармалары.   Лисий,   Исократ,   Демосфен.   Арнаулы

әдебиет шығармалары: философиялық, ғылыми және экономикалық еңбектер. 



10-тақырып. Б.з.д.ІІ мыңж.Грекия тарихы

Б.з.д.ІІ   мыңж.   Крит   және   Ахейлік   Грекия.Грекия   б.з.д.   ХІ-ІХ   ғғ.Гомер   поэмалары

Грекияның әлеуметтік-саяси және экономикалық тарихының дерегі ретінде.

11-тақырып.   Б.з.д.ҮІІІ-ҮІ   ғғ.   Архаикалық   Грекия.   Ежелгі   Грек   полисі,   оның

пайда болуы мен мәні.

Полистің пайда болуы: крит-микендік, гомерлік және архаикалық кезеңдер. Тирания

және полис қалыптасуында алатын орны. Полис мәні. Полистік ұйымның түрлері: олигархия,

аристократия, демократия. Афины мен Спарта полис ретінде.



Б.з.д. VIII-VI ғғ. Пелопоннес. Спарта,Коринф,Аргос.Спарта аграрлық полистің үлгісі

ретінде.Таптық   сословиелік   жіктестік.   Спарта   бастаған   Пелопоннес   одағының   құрылуы.

Аттикада полистің қалыптасуы. Афина қолөнер-аграрлық полис ретінде.

12-тақырып.   Б.з.д.   ІІІ-І   ғғ.   кейінгі   Республика   тарихы.  Рим   мен   Карфагеннің

Жерорта   теңізінің   батысы   үшін   күресі.   Римнің   Шығыс   Жерорта   теңізіндегі

жаулаушылықтары.

Бірінші Пуни соғысы. Римнің Карфагенмен күресінің аяқталуы. Екінші Пуни соғысы.

Ганибал   жорығы.   Фабий   Максим   диктатурасы.   Римнің   Африкаға   жорығы.   Рим

жетістіктерінің негізгі себептері.



13-тақырып.   Б.з.д.   ІІ-І   ғғ.   Римнің   экономикасы,әлеуметтік   құрылымы   және

сословиелер.  Италияның   әлеуметтік-экономикалық   даму   процесіне   Рим   жаугершілігінің

ықпалы. Аграрлық қатынастың ерекшеліктері. Қолөнер. Сауда. Товар-ақша қатынастарының

дамуы. 

Б.з.д. ІІ-Іғғ. басындағы Римнің ішкі тарихы. Екінші Пуни соғысының салдарлары,

190-180жж.   Рим   нобилететі   арасындағы   күрес.   Б.з.д.   ІІ   ғ.   екінші   жартысындағы   Рим

қоғамындағы   саяси   күрес.   Сицилиядағы   құлдардың   алғашқы   көтерілісі.   Оның   Римдегі

сословиелік күреске ықпалы. Тиберий және Гай Гракхтар. 130-120жж.күрестің нәтижелері.

Гай Гракх қаза тапқаннан кейінгі Сенат реакциясы. Югуртин соғысы.

14-тақырып. Рим республикасының құлауы (б.з.д.180-130жж.).

Рим республикасы саяси жүйесінің дағдарысы. Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі.

80-жж.басындағы олигархиялық және демократиялық топтар. Римнің Митридатпен алғашқы

соғысы.   Римдегі   Марий   төңкерісі.   Цини   билігі.   Суллалар   Италияда   және   б.з.д.   83-82

жж.азаматтықтар соғыстар. Сулланың жеңісі және оның диктатурасының орнауы. Жаңа (3-і)

Митридат   және   ІІ-ші   Тигранның   Армения   патшасымен   соғысы.   Спартак   бастаған   Ұлы

құлдар көтерілісі. Б.з.д. 70ж.-60ж. басындағы  саяси  топтардың күресі. 60-жж.Римнің ішкі

саяси күресі. Сервилий Руллдың заң жобалары маңыйындағы күрес және Катилина бүлігі.

60-жж. Цицеронның саяси қызметі. 

15-тақырып. Ерте Империя дәуірі

Октавиан   Августтің   билік   құруы.   Монархиялық   тәртіптің   ұйымдастырылуы.

Монархиялық   жүйенің   тарихи   қажеттілігі.   Октавиан   -   Цезарьдің   мұрагері.   Октавианның

саяси   бағдарламасы   және   оның   алғы   шарттары.   Октавиан   Августің   заңы,   приципат

формасында монархиялық жүйе негіздерінің қалыптасуы. 



Б.з.д.І-ІІ   ғғ.   Рим   империясындағы   әлеуметтік-экономикалық   қатынастар.

Жерорта теңізінің экономикалық гүлденуі. І-ІІ ғғ. Рим қоғамындағы әлеуметтік қатынастар.

Колонаттық қатынастың эволюциясы. І-ІІ ғғ. Рим қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтардың

ерекшіліктері. Қарсылық білдірудің діни түрде жүруі. Христиандықтың пайда болуы. Рим

империясының әкімшілік құрылымы. Б.з.д. І ғ. Рим империясы. Юлий-Клавдий және Флавий

әулеттерінің билигі.



16-тақырып. Б.з. II ғ. Рим империясы. Антониндер әулеті. Рим империясынын

«Алтын ғасыры».

Антониндер   әулетінің   билікке   келуі.   Римдік   Жерорта   теңіздінде   әлеуметтік

қатынастардың   және   мәдени   өмірдің   бірегейленуі.   II   ғ.   –   антика   өркениетінің   барынша


гүлденген шағы. Антониндердің аграрлық және экономикалық саясаты. Колондар жөніндегі

заңдар. Құлдық мәселесі және оның шешімі.  



17-тақырып.  Б. з . II ғғ.мәдениет.

Жерорта теңізі елдерінің мәдени дамуының қорытындысы ретінде.  Жерорта теңіздік

антикалық мәдениеттің пайда болуы. Антикалық мәдениеттің гүлденуі, оның себеп-салдары.

Тәрбие және білім беру жүйесі.Юлий-Клавдий кезеңі – римдік әдебиеттің шарықтау шегі . 



18-тақырып. Б.з. ІІІ ғ.дағдарыс.

Римдік құл иеленушілік қоғам мен мемлекеттің дағдарысы. Саяси дағдарыс және 193-

197 жж. азамат соғысы, Северлер әулеті. Жауынгерлік императорлар  және олардың саясаты.

Б.з. ІІІ ғ. Варварлық шет аймақтар. Варварлардың Рим шекараларын бұзуы, олардың Рим

территориясында қоныстануы және оның салдары.

19-тақырып. Кейінгі Рим Империясы. ІҮ ғасырдағы Рим қоғамы және мемлекет.

Доминат жүйесі.

ІІІ   ғ.   дағдарыстан   шығу.   Диоклетианның   және   Максимилианның   әлеуметтік-

экономикалық   және   саяси   реформалары.   Диоклетианның   діни   саясаты.   Сыртқы   саясаты.

Диаклетиан реформаларын Константиннің   аяқтауы. Константин ұрпақтары, олардың билік

үшін күресі. Юлианның діни және әлеуметтік саясаты. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының

басталуы. Рим әскерінің варварлануы. Феодосий І және оның империяны сақтау жолындағы

күресі.   ІҮғ.Рим   империясы.   Мәдени   құндылықтар   жүйесінің   өзгеруі.   Христиандық

дүниетанымның   енуі   және     антикалық   мәдениеттің   күйреуі.   Хат   алысулар   әдеби   жанр

ретінде. 


4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

2-тақырып.Ежелгі Египет тарихы.

1.  Б.з.д.   І   мыңжылдықтағы   Египет.   Елдегі     шетелдіктер   билігі   және   саистік   қайта

өрлеу. Египетті ливиялықтардың қол астындағы Египет. 

2. Саистың күшеюі және XXVI саистік әулет тұсындағы елдің қайта бірігуі. Оның ішкі

және сыртқы саясаты. Египеттің гректермен байланысы. 

3. Б.з.д.VII-VI ғғ. Египеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуының

негізгі процестері. 

4.  Ежелгі   Египет     мәдениеті.  Ежелгі   Египет   мәдениетінің   әлемдік   мәдениет

дамуындағы орны және маңызы.

3-тақырып.Ежелгі алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия.

1.  Б.з.д.   ІІ   мыңж.   Месопотамия.   Б.з.д.   ІІ   мыңж.   Месопотамияның   саяси

бытыраңқылығы. Вавилоннның күшеюі. Касситтік әулет тұсындағы Вавилон.

2.  Ассириялық   және   Жаңа   Вавилондық   державалар.   Жаңа   Ассириялық   кезеңдегі

Ассирияның экономикалық және әскери-саяси өсуі. Б.з.д. І мыңж. Ассирия державасының

әлеуметтік-экономикалық   құрылысы   және   саяси   ұйымдастырылуы.   Ассирияның   құлау

себептері.

3.  Ежелгі   Месопотамия   халықтарының   мәдениеті.   Діни   түсініктері   және   негізгі

нанымдары. Месопотамия әдебиетінің даму сатылары. Гильгамеш туралы эпос.

4-тақырып. Ежелгі Кіші Азия және Закавказье. 

1. Кіші Азия:территорясы және халқы.Тарихының ежелгі  кезеңі.

2. Хет мемлекеті. 

3. Урарту және Закавказье мемлекеттері. Урарту мемлекеті - Ван патшалығының пайда

болуы. Урартудың Ассириямен күресі. 

4.  Урарту   мемлекетінің   құлдырауы   және   құлауы.   Закавказьедегі   Урартудан   кейінгі

кезең.

5-тақырып. Шығыс Жерорта теңізі  жағалауындағы елдер.

1. Б.з.д. І-ші мыңж. Палестинадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Әлеуметтік

қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Пайғамбарлық қозғалыс. 

2. Шығыс Жерорта теңізі жағалауы Ассирия, Жаңа Вавилон, Парсы державаларының

билігінде. 

3.  Шығыс   Жерорта   теңізі   жағалауы   халықтарының   материалдық   мәдениет

дамуындағы жетістіктері. Дін және мифология. 

4.  Солтүстік Африкадағы Карфаген және басқа да Финикиялық колониялар негізінің

қалануы.   Қолданбалы   ғылымдар:  агрономия,   математика,   астрономия,   география   ерекше

дамуы.


6-тақырып.Ежелгі Иран мен Орта  Азия. 

1. Элам және Мидия-Иран территориясындағы ең ежелгі  мемлекеттер.

2.  Б.з.д. ІІІ-І мыңж. Орта Азия.  Б.з.д. ІІ-І мыңж. межесіндегі Орта Азия. Қоғамның

мүліктік және әлеуметтік жіктелуі және мемлекеттің қалыптасу процесі. 

3.  Ерте Бактрия мемлекеті. Көшпелі сақтардың тайпалық одақтары. Орта Азиядағы

Парсы үстемдігіне қарсы көтеріліс.

4.  Кушан державасы.  Орта Азия Селевкилер мемлекетінің құрамында. Грек-Бактрия

патшалығының құрылуы. Грек-Бактрия патшалығының қиратылуы. 

5.  Парфия   патшалығының   пайда   болуы:   әлеуметтік-экономикалық   және   саяси

құрылысы. Парфия мемлекетінің және оның мәдениетінің тарихи маңызы.



7-тақырып. Ежелдегі оңтүстік Азия. Ертедегі оңтүстік Азия.

1.  Арий   мәселесі.   Арийлердің   экономикасы   және   әлеуметтік   қатынастары.   Ганг

жазығының игерілуі. Темірді қолдану. Қоғамдық және саяси құрылысы. Әлеуметтік жіктеліс.

Абыздар мен әскери ақсүйектердің ролі. Варналар жүйесі. Брахмандық дін. 

2.  Саяси   құрылымдар   -   Солтүстік   Индияның   монархиялары   мен   республикалары.

Жалпы индиялық державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. І мыңж.ІІ-ші жартысы). 

3.  Ерте   дәуірдің   соңғы   кезеңіндегі   Оңтүстік   Азия   (б.з.д.   І   мыңж.І-ші   жартысы).

Кушандар тұсындағы Индия. Индияның саяси бытыраңқылығы және жаңа жалпы индиялық

мемлекеттің пайда болуының жағдайлары. 

4. Магадханың жаңадан көтеруілуі және Гупттар әулетінің билігі. Ғұн-эфталиттерінің

басып кіруі. Гупттар империясының ыдырауы.

5.  Б.з. I-V ғғ. әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы  өзгерістер. Жер меншігінің

жаңа     формалары.   Құл   иеленушілік   қатынастардың   дағдарысы   және   ыдырауы.   Үнді

қоғамының феодалдану процесі.



8-тақырып. Ежелгі Қытай.

1.  Ежелгі   Қытай   патшалықтары   арасындағы   үстемдік   жолындағы   күрес.   Цинь

патшалығындағы Шань Яньның реформалары. Қытайдағы б.з.д.VI-III идеологиялық күрес.

Философиялық   ілімдер   мен   мектептердің   пайда   болуы.   Конфуцзы   және   Монды   ілімдері.

Легизм және даосизм.

2. Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған мемлекет - Цинь империясы.

3. Б.з.д. ІІІ ғ.-б.з.ІІІ ғ. Хань империясы. Ежелгі Қытай  мәдениеті. У-дидің билік құруы

және   оның   реформалары.   Б.з.д.   ІІ-І   ғғ.   Хань   империясының   сыртқы   саясаты   және   оның

территориясының кеңеюі. Хань қоғамының әлеуметтік құрылымы. Империядағы әлеуметтік-

саяси дағдарыстың пісіп-жетілуі. 

4, Б.з. І-ІІІ ғғ. сыртқы саясат. Сюнну (хунну,ғұндар), сяньби, цянь тайпаларымен күрес.

Парфиямен   қарым-қатынастар.   Кейінгі   Хань   империясындағы   демографиялық   және

этникалық процестер. 

5. Ежелгі Қытайдағы феодалдану процесі. Кейінгі Хань империясындағы саяси және

әлеуметтік қозғалыстар. Философиялық және діни жүйелер. Конфуций  ілімінің пайда болып,

таралуы.


10-тақырып. Б.з.д. ІІ-ші мыңж. Грекия тарихы.

1. Б.з.д. ІІ-ші мыңж. Крит және Ахейлік Грекия. 

2.  Грекия   б.з.д.   ХІ-ІХ   ғғ.   Гомер   поэмалары   Грекияның   әлеуметтік-саяси   және

экономикалық тарихының дерегі ретінде.



11-тақырып.   Б.з.д.ҮІІІ-ҮІ   ғғ.   Архаикалық   Грекия.   Ежелгі   Грек   полисі,   оның

пайда болуы мен мәні.

1.  Полис   мәні.   Полистік   ұйымның   түрлері:   олигархия,   аристократия,   демократия.

Афины мен Спарта полис ретінде. 

2. Б.з.д. VIII-VI ғғ. Пелопоннес пен Аттика. Демостың ақсүйектермен күресі. Драконт

заңдары. Солон заңдары. Писистрат пен оның ұлдарының тираниясы. 

3.   Афинадағы  Клисференнің   билікке   келуі.   Клисфен   заңдары   және   афинылық   құл

иеленушілік демократияның қалыптасуы.

12-тақырып.   Б.з.д.   ІІІ-І   ғғ.   кейінгі   Республика   тарихы   Рим   мен   Карфагеннің

Жерорта теңізінің батысы үшін күресі. 

1. Римнің Шығыс Жерорта теңізіндегі жаулаушылықтары.

2.   Пуни   соғыстары.  2-ші   Пуни   соғысының   әлеуметтік-экономикалық   нәтижелері.

Үшінші Пуни соғысы - Карфагеннің талқандалуы. 



3.  Рим   державасы  -  Жерорта     теңізіндегі   ірі   құл   иеленушілік   қоғамның   орталығы

ретінде.


13-тақырып.   Б.з.д.   ІІ-І   ғғ.   Римнің   экономикасы,әлеуметтік   құрылымы   және

сословиелер.

1.  Б.з.д. ІІ-І ғғ. Рим құл иеленушілік қоғамындағы жіктік және әлеуметтік құрылым.

Б.з.д. ІІ-І ғғ. Рим қоғамындағы қайшылықтардың күшеюі. 

2. Б.з.д.ІІ-І ғғ. басындағы Римнің ішкі тарихы. Гай Гракх қаза тапқаннан кейінгі Сенат

реакциясы.   Югуртин   соғысы.   Кимврлер   мен   тевтондықтардың   басқыншылығы   және   Гай

Марийдің әскери-саяси  реформалары. 

3.  Б.з.д. ІІ ғ. аяғындағы әлеуметтік қайшылықтардың күшейе түсуі. Одақтық соғыс.

Б.з.д. І ғ. азаматтық соғыстар. Суланың диктатурасы.

4. Римдегі триумвират жүйесі. Цезарьдің билігі.

5. Октавиан Августтың принципат жүйесі. Ішкі және сыртқы саясат. Идеалогияның

күшейуі. Птолмейлік Египетті бағындыру.

16-тақырып.  Б.з. II ғ. Рим империясы. Антониндер әулеті. Рим империясынын

«Алтын ғасыры».

1. Антониндердің сыртқы саясаты. Траянның жаулап алулары. 

2. Соңғы Антониндер кезінде империяда ішкі және сыртқы жағдайдың нашарлауы. 

3.  Шекараларға   варварлардың   тегеуріні.   Абсолютизм   үрдістерінің  күшеюі.

Антониндердің құлауы.

17-тақырып.  Б. з. II ғғ. Рим мәдениеті.

1. Римдік сәулет өнері мен қала салудың гүлденуі. Рим мүсін өнерінің дамуы. 

2. Рим құқығы және оның гүлденуі. 

3. Стоиктік философия ғылымының жағдайы.



19-тақырып. Кейінгі Рим Империясы. ІҮ ғасырдағы Рим қоғамы және мемлекет.

Доминат жүйесі.

1.  Рим   империясының   Батыс   және   Шығыс  (Византия)   болып   бөлінуі.   Әскер   мен

мемлекеттік аппараттың варварлануы. Шіркеу ішіндегі күрес. 

2.  Халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұндар мен готтар. Вестготтардың қозғалысы.

Герман тайпа бірлестіктерінің Рейнде белсенділік көрсетуі. 

3.  Германдықтардың   Рейндегі   шекараны   бұзуы   және   Батыс   Рим   империясының

территорясында     варварлық     корольдіктердің   құрылуы.   Вандалдардың   Испания   мен

Африкаға   басып   кіруі.   Африкадағы   вандалдар   мемлекеті.   Оңтүстік-шығыс   Британиядағы

англдар мен сакстар. Варварлардың Рим мұрасын пайдалануы. Ғұндардың жаулаушылығы. 

4.  Империяны   тұрақтандыру   үшін   жасалған   соңғы   әрекеттер.   Император

Майорианның реформалары және оның сәтсіздігі. 

5. Ромул Августулдың құлатылуы және Рим империясының күйреуі.



4.4 СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру 

формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарын 



өңдеу

конспект


сабаққа қатысу

15

2



Үй тапсырмасын 

орындау


жұмыс дәптері

сабаққа қатысу

30

3

Қосымша 



материалдарға 

дайындық


конспект

коллоквиум

25

4

Курс жұмысын 



орындау

курс жұмысы

курс жұмысын 

әзірлеу және қорғау

15

5

Бақылау шараларына 



дайындық

РК1, РК2


5

Барлығы:

90

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1.Ежелгі патшалық дәуірдегі Египеттің әскери саясаты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Шишова И.А. Раннее законодательство и становление рабства в античной Греции.-

Л.,1991.

2. «Хаммурапи  заңдары» бойынша ежелгі Вавилонның экономикасы  мен қоғамдық

қатынастары. 

Ұсынылатын әдебиеттер:

Хрестоматия по истории древнего мира / под ред. В.Г.Боруховича.-Саратов,1973;

3. «Авеста» иран тілді  халықтар тарихының  дерегі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Жумагулов   К.Т.Завоевание   Аттилой   Северной   Италии//Вестник   КазГУ.-Серия

историческая.-Вып.16,-Алматы,2000.-С.3-14

4. «Ведалар» Үндістанның ежелгі  тарихы бойынша  дерек ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Федотов В.В. Историческая география  античного мира.-М.,1996

5.Конфуцийдің   «әндер   мен   гимдер   кітабы»   Қытайдың   моральдық-этикалық

нормаларын зерттеудің дерек көзі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

6.Ежелгі Грекия тарихы деректерінің негізгі типтері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Хрестоматия по истории древнего мира / под ред. В.Г.Боруховича.-Саратов,1973;

Федотов В.В. Историческая география  античного мира. - М.,1996.

Хрестоматия по истории древнего мира / под ред. В.Г.Боруховича.-

7.Афинаның   алғашқы   заң   шығарушылары:   Драконт   пен   Клисфен   (деректерді

аудиторияда оқу). 

Ұсынылатын әдебиеттер:

8.Тиранияның тарихи типтері.

9.Периклдың әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Строгецкий В.М:Полис и империя в классической Греции. - Нижний Новгород, 1991.

10.Ежелгі рим тарихы бойынша деректердің сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


Строгецкий В.М: Полис и империя в классической Греции. - Нижний Новгород, 1991.

11.Рим Республикасының тарихы бойынша деректердің сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Вдовин   В.Н.   Социальная   политика   афинской   тарани  //  Античность   и

общечеловеческие ценности. - Вып.3. - Алматы, 1995. - С.11-24.

Дандамаев М.А. Политическая история Ахеменидкской державы. - М.,1985.

12. Плутархтың өмірбаяны - Спартак көтерілісінің тарихын зерттеу дерегі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Жумагулова   К.Т.Завоевание   Аттилой   Северной   Италии  //  Вестник   КазГУ.  -  Серия

историческая. - Вып.16, - Алматы, 2000. - С.3-14

13.  Анкира жазбалары мен Августың өмірбаянындағы  мәліметтер бойынша Август

билігінің формасы мен мазмұны.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Берве Х.Тираны Греции.-Ростов-на-Дону,1997

14. Библия Израиль-Иудей патшалығының дерегі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Хрестоматия по истории древнего Рима/под ред. В.И.Кузищина. - М.,1987

15.Август билігінің жалпы нәтижелері және принципаттың қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.-М.,1989;



      Мамандықтың жұмыс оқу 

          жоспарынан көшірме

Нысан

ПМУ ҰС Н.18.3/32



050203 - «Тарих» 

мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пәннің атауы «Ежелгі дүние тарихы» 

Оқу


формасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

боойынша бақылау



формасы 

Семест


р

Семестр бойынша студенттердің жұмыс

көлемі 

кредиттер



Академиялық

сағаттар


Кредит-

тер


аудиторлық сабақ

(ак. сағат)

СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы ауд СӨЖ емт. сын. Кур.

жоба


КЖ

барлығы дәр тәж. зер. барлығы СӨЖМ

Күндізгі

ЖОБ


негізінде

3

135



45

90

2



2

2

3



45

30 15


90

          

             Кафедра меңгерушісі _______________ Ерманов А.Ж. 20__ж. «__»__________  


Әдебиет

Негізгі:

1Источниковение истории Древнего Востока /под ред.В.И.Кузищина.-

М.,1984;

2История древнего Востока/под ред.В.И.Кузищина.,-М.,1988;

3История древней Греции/под ред.В.И.Кузищина.-М.,1991;

4История древнего Рима/пол ред.В.И.Кузищина.-М.,1994;

5История Европы.В 8-т. Т.1.Древняя Европа,-М.,1988.

Қосымша:

1Хрестоматия по истории древнего мира / под ред. В.Г.Боруховича.-

Саратов,1973;

2Хрестоматия   по   истории   древнего   Рима/под   ред.В.И.Кузищина.-

М.,1987.

3Берве Х.Тираны Греции.-Ростов-на-Дону,1997.

4Вдовин В.Н. Социалльная политика афинской тарании//Античность и

общечеловеческие ценности.-Вып.3.-Алматы,1995.- С.11-24.

5Дандамаев   М.А.Политическая   история   Ахеменидкской   державы.-

М.,1985.


6Жумагулова   К.Т.Завоевание   Аттилой   Северной   Италии//Вестник

КазГУ.-Серия историческая.-Вып.16,-Алматы,2000.-С.3-14

7Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.-М.,1989;

8Studia 


historica//Московский   городской  

  педагогический

университет.Кафедра истории мировых цивилизаций.-Вып.2.-М.,2002.-138

с.

9Строгецкий В.М:Полис  и империя   в классической Греции.-Нижний



Новгород,1991.

10 Федотов В.В. Историческая география  античного мира.-М.,1996

11 Шишова  И.А. Раннее законодательство и становление   рабства в

античной  Греции.-Л.,1991.



Курстың саясаты.

Әрбір   студент   сабақтың   барлық   түріне   қатысуға   міндетті,   топтың   тақырыпты

таллқылауында   белсенділік   танытып,   өз   курстарыныңыздық   қалыпты   жұмыс   істеуіне

кедергі   келтіреді.   Сабақта   өзін-өзі   устаудың   алгиақтығына   шара   қолданылыды,   типті

аудиториядан   қуылғанға   шейін.   Мен   сіздерден   мына   талаптардың   орындалуын   талап

етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу,

университеттің ішкі ережесін бұзбау. 

Сабақтың   жібергендерге   мен   мынадай   айыптық   санкция   белгілеймін;   белгісіз

себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан балдар қойылмайды. 

Үй тапсырмасын орынағандарға семинар сабақтарында ең жоғарғы сандық 6 балл

қойылады,   сөннымен   қатар   тәжірибелік   сабақта   болмағанға   (белгісіз   себептермен)   –   0

балл, үй тапсырмасы орындалмай қалғандықтан тек қатысу үшін 1 балл қойылады. Осы

жіберілген   сабақтарды   студент   қайыра   орындап   шыққан   жағдайда   ең   жоғарғы   балдың

орнына   тең   жартысы   көлемінде   балл   белгіленеді.   Студенттің   мұғаліммен   бірге   СӨЖ

сабақтарында тапсырманы орындағаны үшін максимум  – 4 бал беріледі. Тек 14 аптада

СӨЖ аясында берілген пәндік тапсырмаларды  орындаған жағдайда – мексимум  12 бал

қойылады.

Әрбір   сабаққа   дайындық   міндетті,   берілген   тапсырма   толығымен   оқылуға   тиіс.

Сіздің   дайндығыңыз   тәжірибе   сабағы   барысында   сұрақ   беру   мен   тест   тапсырмаларын

арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі. 

Дәрістік   және   тәжирибелік   сабақ   барысында   белсенділік   танытқан   студент

марапатына   максимум   бал   қосылады.   Белсенділікке   жауап   берген   студенттің   айтарына

қосымша тың материалдар ұсыну. 

 Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге

келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі. 

Семестр барысы 2 межелік  бақылаудан  тұратып тест түрінде бақылау шаралары

өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі. Ағымды үлгерім

мен   межелік   бақылау   үлесінің   ара-қатынасы   –   70/30:     Рейтинг   1(2)=АҮ*0,7+МБ*0,3.

Рейтинг   100   балдық   жүйе   бойынша   есептеледі.  Курстық   жобаны   орындаған   үшін

максимум 100 бал қойылады.

Пән   бойынша   оқу   үрдісі   екі   рейтингтен   тұрады.   Пән   бойынша   емтиханға   кіру

рейтингісі келесідей есептеледі: Кіру рейтингі = (Р1+Р2)/2.

Ежелгі   дүние   тарихы   пәні   бойынша   емтихан   комбинациялық   формада

(тест+ауызша   жауап     түрінде)   өтеді.   Алғашында   Оқу   үрдісінің   мониторингі   бөліміне

тапсырылған   тест   сұрақтарының   қорынан   жасалған   30   сұрақтан   тұратын   тест

тапсырмасын шешу қажет. Одан соң 2 сұрақтан тұратын билеттің сұрақтарына жауап беру

қажет. Емтиханның бағасы 100 балдық жүйе бойынша қойылуы қажет. Тестілеу нәтижесі

мен   ауызша   жауаптың   ара-қатынасы   –   30/70.   Яғни,   емтихан   бағасы   =   ТН*0,3+АҮ*0,7

формуласы   бойынша   есептеледі.   Пән   бойынша   қорытынды   баға   =   емтиханға   кіру

бағасы*0,6+емтихан бағасы*0,4 формуласы бойынша есептеледі. 



Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі 

1 рейтинг

Барлы

ғы

Апталар


 

1

2

3

4

5

6

7

8

Апта ішіндегі үлкен

балл

6

10



10

13

10



19

10

22



100

Сабаққа


қатысу 

дәр. 


– 4 б.

Қ

4



Қ

4

Қ



4

Қ

4



Қ

4

Қ



4

Қ

4



Қ

4

32



тәж.

– 6 б.


Қ

2

Қ



1

Қ

1



Қ

1

Қ



1

Қ

1



Қ

1

Қ



1

9

Тәжірибе



сабақтарына

жазбаша  дайындық

(конспект)

К

0



К

2

К



2

К

2



К

2

К



2

К

2



К

2

14



Тәжірибе

сабақтарында  жауап

беру 

С

0



С

3

С



3

С

3



С

3

С



3

С

3



С

3

21



СӨЖМ орындау

С

С



С

С

3



С

С

9



С

С

12



24

Межелік


бақылау

МБ1


100

2 рейтинг

Барлы

ғы

Апталар


 

9

1

0

1

1

12

1

3

14

15

Апта ішіндегі үлкен балл

10

10 20 10


10 30

10

100



Сабаққа

қатысу 


дәр. 

– 1 б.


Қ

4

Қ



4

Қ

4



Қ

4

Қ



4

Қ

4



Қ

4

28



тәж.

– 1 б.


Қ

1

Қ



1

Қ

1



Қ

1

Қ



1

Қ

1



Қ

1

7



Тәжірибе   сабақтарына  жазбаша

дайындық (конспект)

К

2

К



2

К

2



К

2

К



2

К

2



К

2

14



Тәжірибе сабақтарында жауап

С

3



С

3

С



3

С

3



С

3

С



3

С

3



21

СӨЖМ


 

және


 

СӨЖ


орындау

С

С



С

10

С



С

С

20



C

30

Межелік бақылау



МБ2

100

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
    • СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет