Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Түсіндірме жазба


Оқу жетістіктерін бағалау



бет4/4
Дата14.10.2022
өлшемі56,6 Kb.
#43080
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
«Сауат ашу» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

4. Оқу жетістіктерін бағалау

33. «Сауат ашу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.


34. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
35. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
36. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
37. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

5. «Сауат ашу» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


38. «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі:


1-кесте

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

6 сағат

198 сағат

39. Бастауыш білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін бастауыш сынып кабинеті санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы керек.
40. «Сауат ашу» пәнінің мазмұны:
1) «Сауат ашу» пәні –ортақ тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән;
2) «Сауат ашу» пәні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле (интегративті) құрастырылды;
3) «Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашудың әліппе кезеңі І тоқсанда басталып, ІІІ тоқсан ішінде аяқталады. Мұғалім сағат санын үш кезең бойынша сыныптағы оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеруіне, әр кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруына орай еркін жоспарлай алады.
41. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;
2) фонематикалық есту қабілетін дамыту;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;
4) сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;
5) қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);
6) артикуляциялық жаттығу;
7) ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;
8) ауызша, жазбаша (графикалық жазу)тілін дамыту.
42. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;
2) фонематикалық есту қабілетін дамыту;
3) дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;
4) әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;
5) тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;
6) біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;
7) әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;
8) сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жетілдіру.
43. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:
1) мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;
2) тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;
3) байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту;
4) каллиграфия нормаларын сақтап сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.
44. Тыңдалым және айтылым:
1) мұғалім мен өзге оқушылардың сөзін тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру, сөз мағынасын түсіну, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы;
2) тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлеуде қолдану. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер, санамақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жатқа айту. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппаратты дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы;
3) фонетика: дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңішке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу;
4) сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру;
5) тыңдаған материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру, мазмұнын айтып беру.. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу;
6) түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру;
7) коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениетін сақтау, этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту;
45.Оқылым:
1) сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау;
2) дыбыстардың мағына ажыратушылық функциясын түсіну;
3) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
4) сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнін түсіну;
5) дыбыс пен әріпті ажырата білуі; әріп – дыбыстың таңбасы екенін білу. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану.
6) дауыстап оқу. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу», рөлге бөліп оқу;
7) сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация);
8) жылдың соңында таныс емес мәтінді оқу техникасының нормасы: минутына 20-25 сөз бен тыныс белгілері;
9) ескерту: Шылау, екі әріпті сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады;
10) қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру;
11) орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру;
12) сөздердің мағынасын (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы) ажырата алу;
13) мәтін туралы жалпы түсінік.Әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату. . Әңгімелеу сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы;
14) оқыған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, не туралы екенін анықтау;
15) қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; оқыған материалға баға беру (ұнайды/ ұнамайды);
16) әліпби ретімен құрылған дереккөздерден яғни суретті кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялардан қажетті ақпараттарды (мұғалімнің жетекшілігімен) табу. . Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;
46.Жазылым:
1) сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу;
2) жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу;
3) айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу;
4) сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылу. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатынын білу және қолдану;
5) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
6) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық талапқа сай дұрыс жазу;
7) ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде.. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғыну, оларды орынды қолдануға үйрету;
8) әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыстардан буын құрап жазу. Буындардан сөз құрап жазу;
9) сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрап жазу. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау;
10) жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану;
11) бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау, дұрыс жазу;
12) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;
13) көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;
14) жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде орынды қолдану;
15) тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде орынды қолдану;
16) іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) орынды қолдану;
17) сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;
18) мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.
47. Пән мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арқылы оқушылардың тілдік сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан бөлім атаулары сөйлеу әрекеті түрлеріне сәйкес алынған. Ұсынылған бөлім өз кезегінде әрі қарай түйінді дағдылар түрінде берілген бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер бойынша оқу мақсаттары білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген.
2-кесте

1-сынып



Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері)

Бөлімше (түйінді дағдылар)

1




Тыңдалым және айтылым

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

3

Жазылым

3.3 Жоспар құру

3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

3.5 Мәтінді түрлі формада құрау

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.7 Қатені табу және түзету

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

48. Бағдарламада «Оқу мақсаттары» кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгіде бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.2.1. кодында «1» - сыныбы, «1» - «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» - бөлімшеcі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.
49. Ескерту. «Жазылым» бөлімі бойынша:
Ж 1 «Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу»;
Ж 2 «Түрлі стильде мәтін жазу» бөлімшелерінің оқу мақсаттары 2-4 сыныпта «Қазақ тілі» пәнінде қарастырылады.
50. Оқу мақсаттарының жүйесі:
1) тыңдалым және айтылым:
3-кесте

Бөлімше (түйінді дағдылар)

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.1.1.1* тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрациясы бойынша болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.6.1* сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.9 Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

2) оқылым:
4-кесте

Дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2.2.1 мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.2.5.1 мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

3) жазылым:
5-кесте

Бөлімше (түйінді дағдылар)

Оқу мақсаттары

3.3 Жоспар құру

1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

3.5 Мәтінді түрлі формада құрау

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

1.3.6.1* мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу

3.7 Қатені табу және түзету

1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексеру және қателерін түзету

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу

1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату

1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану

1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын (терминсіз) қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

51. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Сауат ашу» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
52. Ұзақ мерзімді жоспар:
6-кесте



Ортақ тақырып

Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрлері)

Бөлімше (түйінді дағдылар)

Оқу мақсаттары

І тоқсан

Әліппеге дейінгі кезең

Әліппе кезеңі


1 Өзім туралы
 
 
 
 

 
2 Менің мектебім



Тыңдалым және айтылым

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау


1.4 Оқиғаны болжау
 

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
 
 
 
 
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
 
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

1.1.1.1* тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.4.1* мәтіннің мазмұнын тақырыбы/иллюстрация бойынша болжау
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
1.1.6.1* сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап.1 бе
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Оқылым 

2.1 Оқу түрлерін қолдану
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.5.1* мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Жазылым


3.3 Жоспар құру

 
3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу


 
3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау


3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау


 
 

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау



1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

ІІ тоқсан

Әліппе кезеңі

3 Менің отбасым және достарым

4 Бізді қоршаған әлем



Тыңдалым және айтылым



1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау


1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану


1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Дыбыстарды, сөздерді, орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту



1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
1.1.6.1* сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну


 

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу


 
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату



1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.2.1 мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.2.4.1* мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.2.5.1* мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Жызылым

3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
 
 

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
 
 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау



1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.3.7.1* мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексеру және қателерін түзету
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу
1.3.9.3* бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою



ІІІ тоқсан

Әліппе кезеңі

Әліппеден кейінгі кезең



5 Саяхат
6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тыңдалым және айтылым
Оқылым

Жазылым


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
 1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
1.4 Оқиғаныңдалған
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2.1 Оқу түрлерін қолдану


 

2.2 Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну


 
 2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну
 
 2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
 
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау
 
 2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату
 
 
 
 
 3.5 Мәтінді түрлі формада құрау
 
 

 3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу
 
 

 3.7 Қатені табу және түзету 


3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


 


3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау
3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау
 

1.1.1.1* тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы/ иллюстрация бойынша болжау
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну.3 сөздің буыннан тұратынын тшыл
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.2.4.1* мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.2.5.1* мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен)сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап
1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу.
1.3.7.1* мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексеру және қателерін түзету
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу
1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)

ІVтоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

7 Тағам және сусын
8 Дені саудың – жаны сау

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым



1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
 
 
 1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Оқиғаны болжау


 
 
 1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
1.6 Тыңдаушының назарын аудару
 
 
 

 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту


2.1 Оқу түрлерін қолдану
 
 2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну
 
2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
 
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу


2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау


 2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
 
 
2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
 
 3.3 Жоспар құру
 
 3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

3.5 Мәтінді түрлі формада құрау
 

3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу


3.7 Қатені табу және түзету

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


 
3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау



1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы/иллюстрация бойынша болжау
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.2.1 мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын анықтау
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.2.5.1* мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен)сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату
1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар, энциклопедия) ақпараттарды табу
1.2.8.1 мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) мәтіндерді салыстыру
1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін құрап жазу.
1.3.7.1* мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексеру және қателерін түзету.
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу
1.3.9.3* бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау
1.3.10.2 тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)

53. Ескерту.
1) Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша оқу мақсаттары кешенді және түрлі нұсқада қолданыла алады.
2) «*» белгіленген оқу мақсаттарының бөлігін жүзеге асыруға болады.
3) «/» - осы белгі оқу мақсатындағы бөліп қарастыруға болатын бөліктерді көрсетеді..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет