Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет8/46
Дата28.03.2022
өлшемі0,62 Mb.
#29080
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Көркемдік-технологиялық тұғыр. Оқушылардың немесе оқушылар тобының оқу-танымдық іс-әрекеті құралдар мен материалдардың қасиеттері, композициялық заңдылықтары, түстану негіздері, құрастыру және модельдеу, көркем еңбек нысандарын дайындаудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін шығармашылық өнімге айналдыру үшін бастапқы материалдарды қайта өңдеп қолдануға бағытталған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашыл түрде қолдана білуін қамтамасыз етеді.

Оқушылар ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, өз жұмысын жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасында:



  • көркем жұмыстарын жасауда компьтерлік-сандық технологияларды қолдану;

  • ғаламтордан және дерекқордан ақпараттар іздеу (сандық және ғаламтордан алынған дәйектерді маңызына қарай табу, таңдау, өңдеу );

  • белгілі мақсаттар және нақты аудитория үшін түрлі дереккөздерінен алынған материалдар кіретін слайд презентацияларын жасау дағдыларын дамыту;

  • басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу, хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру;

  • белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет