Көркемдік-музыкалық ұстаным
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі музыкалық іс-әрекет (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу іс-әрекеті) барысында музыкалық сауат негіздерін қолдану нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқушылардың және оқушы топтарының оқу-танымдық іс-әрекеттері. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттері тек сабақтармен ғана шектелмейді, сонымен бірге сабақтан тыс іс-әрекеттермен кіріктірілуі қарастырылады, оның ішінде оқушылардың түрлі шығармашылық-музыкалық, драмалық үйірмелерге қатысуымен.
Берілген ұстанымдар:
әрбір оқушының музыкалық білімін одан әрі дамыту мақсатында әрбірінің жеке пікірін құрметтеу және қолданыстағы білімдер мен дағдыларды қолдану маңыздылығын түсінуі;
арнайы тапсырмалар мен педагогикалық қызмет түрлері арқылы оқушыларға ынталандыра және дамыта білім беруді түрлерін қолдануы;
оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселелерді шешудің стратегияларын моделдеуі;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі мен белсенді оқуын қолдауы;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық дағдыларын түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу арқылы дамытуы;
оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыруы;
әртүрлі музыкалық іс-әрекет түрлеріне оқушылардың белсенді қатысуы;
дербес білімді ізденуге құлшынысты қалыптастыруы;
«оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуын қолдауы;
бағалаудың әртүрлі тәсілдерін одан әрі дамыту үшін қолданыу;
әрбір оқушының шығармашылық дағдыларын ашу үшін қолайлы ортасын құруы;
оқушыларды белсендіру және мотивациялау мақсатында оқытудың дифференциациясы;
пәнаралық кіріктірілуі арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |