Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру


Пәнді тиімді оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар



бет12/46
Дата07.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#18264
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Оқу бағдарламасы Музыка Бастауыш мектеп

Пәнді тиімді оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар:

  • жабдықталған компьютер (монитор, жүйелі блок, саб-буфер, дыбыс ұлғайтқыштар (колонкалар), микрофон, тышқан, пернетақта, жүйелілік фильтр);

  • домбыра, фортепиано, синтезатор, баян, аккордеон;

  • фонотека (CD-музыкалық жазбалар қоры);

  • музыкалық орталық;

  • ноутбуктер (топтық жұмыстар үшін);

  • бейнекамера;

  • фотоаппарат;

  • қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра, дабыл, дауылпаз, қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ, шаңқобыз, тұяқ тас, мұйіз, тоқылдақ;

  • балаларға арналған музыкалық аспаптар жиынтығы: ксилофон, металлофон, бубен, маракастар, музыкалық үшбұрыш, белгілі биіктіктегі қоңыраулар, балалар барабандары.


4.2. Оқу пәнінің мазмұны
Пәннің мазмұнын анықтау үшін музыканы оқыту мақсаттарының үш бөлімнен, алты бөлімшеден тұратын жүйесі жасалған. 1-4 сыныптардағы музыкалық білім берудің мазмұндық бағыты оқыту мақсаттары жүйесінің үш бөліміне бағынған. Бұл бөлімдер оқушылардың музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелер құрылымының логикасы оқушылардың музыкалық шығарма мәнін түсінудің негізі ретінде ақпараттарды қабылдауға негізделген (музыканы тыңдау және қабылдау, талдау және тыңдаған музыкаға әсерлену).

1 бөлім. «Тыңдау, талдау және музыканы орындау» мынадай үш бөлімнен тұрады: «Музыканы тыңдау және талдау», «Музыкалық-орындаушылық қызмет», «Музыка сауаты». Бұл бөлімнің мақсаты музыкалық сауатты, тыңдау және музыканы талдау, вокалды-хор, аспаптық және ырғақтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

2 бөлім. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстарды жасау» сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуды қалыптастыруға бағытталған: музыка шығару мен импровизация жасау үшін идея мен материалды талқылау және жинақтауды қарастыратын екі бөлімшеден тұрады. Осы бөлімде музыкадағы бастапқы АКТ дағдыларының қалыптастыратын оқу мақсаттары көзделеді.

3 бөлім. «Презентация және бағалау» музыканың мазмұны арқылы оқушылардың коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған музыкалық-шығармашылық жұмысын көрсету мен бағалау кезеңдерін қамтиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет