Байланысты: Оқу бағдарламасы Музыка Бастауыш мектеп
1. «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері «Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет үдерісінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.