Бағдарламасы шеңберінде бағалау рəсімдерін өткізу ережесі жалпы ережелер осы бағалау рəсімдерін өткізу Ережелері «Тиімді оқыту мен оқу»


 МҰҒАЛІМДЕРДІ/БАСШЫЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУҒА ЖƏНЕ ТРЕНЕРЛЕРДІ



Pdf көрінісі
бет9/89
Дата22.04.2022
өлшемі0,92 Mb.
#31922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89
7. МҰҒАЛІМДЕРДІ/БАСШЫЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУҒА ЖƏНЕ ТРЕНЕРЛЕРДІ 

СЕРТИФИКАТТАУҒА/РЕСЕРТИФИКАТТАУҒА ҰСЫНУ БОЙЫНША ЕМТИХАН 

КЕҢЕСІ 

 



9

 

23. Мұғалімдер  мен  басшыларды  сертификаттауға  ұсыну  бойынша  Емтихан  кеңесі 



төрт  адамнан  кем  емес  ПӨО  қызметкерлерінен  құралады  жəне  бағалау  нəтижелерін 

модерациялау рəсімдері аяқталғаннан кейін өткізіледі. 

24.  Мұғалімдер мен басшыларды сертификаттау бойынша Емтихан кеңесі: 

1)  сертификаттауға  ұсынылған/ұсынылмаған,  бағалау  рəсімдерінен  қайта  өтуге 

ұсынылған мұғалімдер мен басшылардың тізімін бекітеді; 

2)  


бағалаудың 

барлық 


рəсімдерінің 

сақталуын 

қарайды 

жəне 


растайды/растамайды; 

3)  кез келген бұзушылық жəне «есептелмеді» шешімі қабылданған жағдайларды 

қарайды; 

4)  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау  рəсімдеріндегі  өзгерістерге  байланысты 

мəселелерді қарайды; 

5)  бағалау үдерісі мен рəсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; 

6)  мұғалімдер  мен  басшыларды  сертификаттау  бойынша  өзге  де  шешімдер 

қабылдайды; 

 

25. Тренерлерді сертификаттау бойынша Төраға жəне алты адамнан кем емес ДББҰ, 



Оқыту  орталықтары,  ПӨО  қызметкерлерінен  тұратын  Емтихан  кеңесі  тренерлер 

портфолиосын  бағалау  нəтижесін  модерациялау  рəсімдері  аяқталғаннан  кейін 

жүргізіледі. 

26. Тренерлерді сертификаттау бойынша Емтихан кеңесі: 

1)  сертификаттауға/сертификаттау үшін бағалау рəсімін қайта өтуге,  басқа білім 

беру  бағдарламасын  растауға,  ресертификациялауға  ұсынылған/ұсынылмаған  

тренерлердің тізімдерін бекітеді; 

2)  бағалаудың 

барлық 

рəсімдерінің 

сақталуын 

қарайды 


жəне 

растайды/растамайды; 

3)  кез келген бұзушылық жəне «есептелмеді» шешімі қабылданған жағдайларды 

қарайды; 

4)  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау  рəсімдеріндегі  өзгерістерге  байланысты 

мəселелерді қарайды; 

5)  бағалау үдерісі мен рəсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; 

6)  тренерлерді 

сертификаттау/ 

басқа 


білім 

беру 


бағдарламасын 

растау/ресертификациялау бойынша өзге де шешімдер қабылдайды; 

Оқыту    тəжірибесі  болмаған  кезде  тренерді  сертификаттау/ресертификациялау 

мерзімін ұзарту 1 (бір) жылға 1 (бір) реттен артық емес жүзеге асырылады. 

Оқыту  тəжірибесі  болмаған  кезде  сертификаттау/ресертификациялау  мерзімін 

ұзарту  бағалау  өткізілетін  күнге  дейін  бір  апта  бұрын  тренердің  ПӨО-на  ұсынылған 

өтініші  негізінде жүзеге асырылады. Емтихан кеңесі тренердің өтінішін қарайды жəне 

өтініште көрсетілген электрондық поштаға дəлелді жауап жібереді. 

Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты еңбек қатынастары бұзылған тренелердің 

ресертификациялау мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды. 

27. Мұғалімдер  мен  басшыларды  сертификаттауға  ұсынатын  Емтихан  кеңесі  мен 

тренерлерді  сертификаттауға  ұсыну  бойынша  Емтихан  кеңесінің  шешімі  көпшілік 

дауысымен  қабылданады,  осы  Ереженің 6 жəне 7 Қосымшаларына  сай  хаттамамен 

ресімделеді, ол хаттама ақырғы құжат болып саналады, қайта қарауға жатпайды. 

28. Емтихан Кеңестерінің Хаттамасы ПӨО кеңсесінде тіркеліп, сақтауға беріледі. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет