Бағдарламасы шеңберінде сыйлықтарға ұтыс ойынын жүргізудің ережелері



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі135,17 Kb.
#9805

Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 

билеттер сату бағдарламасы шеңберінде сыйлықтарға ұтыс ойынын жүргізудің 

ережелері 

 

1. 

Жалпы ережелер 

 

1.1. 



Сыйлықтарға  ұтыс  ойынын  жүргізу  (бұдан  əрі  –  Іс-шара)  Алматы 

қаласындағы  2017  жылғы  28-ші  Дүниежүзілік  қысқы  Универсиадаға  (бұдан  əрі  – 

Универсиада)

 

билеттер сатуды ынталандыру мақсатында жүргізіледі. 



1.2. 

Іс-шара осы ережелерге (бұдан əрі – Ереже) сəйкес жүргізіледі. 

1.3.  Іс-шараны  ұйымдастырушы  болып  «Алматы  қаласындағы  2017  жылғы  28-ші 

Дүниежүзілік  қысқы  Универсиадаға  дайындалу  жəне  өткізу  жөніндегі  дирекция»  МҚ 

(бұдан əрі – Дирекция) табылады, мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй, 

10-қабат. 

1.4.  Іс-шараға  дайындалу  жəне  өткізу  бойынша  барлық  ұйымдастырушы-

техникалық жұмыстарды ресми билеттік оператор – «KASSIR.KZ» анықтаған техникалық 

компания орындайды, ол Ұйымдастырушының атынан жəне тапсырмасы бойынша əрекет 

етеді. 


1.5. Іс-шара Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі. 

1.6.  Іс-шараның  сыйлық  қоры  өз  өнімдерін  ұсынатын  Универсиаданың  ресми 

демеушілерінің есебінен қалыптастырылады. 

1.7.  Іс-шараға  Ұйымдастырушының  қызметкерлеріне  жəне  өкілдеріне,  сондай-ақ 

қызметкерлер мен өкілдердің жақын туыстарына, жəне Іс-шараны өткізуді ұйымдастыруға 

немесе осы Іс-шараны өткізуге тікелей қатысы бар қызметкерлерге жəне кез-келген басқа 

тұлғалардың өкілдеріне, олардың жақын туыстарына қатысуға тыйым салынады. 

1.8.  Іс-шара  Қазақстан  Республикасының  2016  жылғы  9  сəуірдегі  №  495-V 

«Лотереялар жəне лотерея қызметі туралы» заңының 1 бабы 4) тармақшасында көзделген 

мəн  бойынша  лотерея  болып  табылмайды  жəне  тек  Универсиадаға  билеттер  сатуды 

ынталандыруға ғана бағытталған. 

1.9. 


Іс-шараны  өткізу  ережелері,  ұтыс  ойынының  нəтижелері,  сонымен  қатар               

Іс-шараны  өткізуге  қатысты  басқа  ақпарат  www.almaty2017.com  ресми  сайтында  (бұдан 

əрі – Сайт) жарияланады. 

 

2. 



Іс-шараларды өткізу мерзімдері мен сыйлықтарды ойнататын орындар 

 

2.1. 


Іс-шара  2016  жылғы  21  желтоқсан  жəне  2017  жылғы  8  ақпан  аралығында 

өткізіледі. 

Іс-шара  сыйлықтарын  ойнатуға  2016  жылғы  15  қазан  жəне  2017  жылғы  8  ақпан 

аралығында сатып алынған билеттер қатысады. 

2.2. 

Сыйлықтарды  ойнатудың  бірінші  кезеңі:  2017  жылғы  11  қаңтарда  сағат 



23:59:59 дейін сатып алынған билеттер қатысады. 

2.3.  Сыйлықтарды  ойнатудың  екінші  кезеңі:  барлық  сатып  алынған  билеттер 

қатысады. 

2.4.  Ұтыс  ойындарының  бірінші  жəне  екінші  кезеңдерін  өткізудің  орындары  мен 

уақыттары туралы ақпарат 

www.almaty2017.com

 сайтында жарияланады. 

 

3. 



Іс-шараға қатысушылар 

 

3.1.  Іс-шараға  18  жасқа  толған,  Қазақстан  Республикасының  аумағынада  тұратын, 

Универсиаданың спорттық жарыстарына, сондай-ақ Универсиаданың ашылу жəне жабылу 

салтанаттарына  билет  сатып  алған  кез-келген  жеке  тұлға  –  Қазақстан  Республикасының 

азаматы (бұдан əрі – Қатысушы) қатыса алады. 


3.2. 

Іс-шараға  қатысу  Қатысушының  оны  өткізу  шарттарымен  жəне 

ережелерімен танысқандығын жəне келісетіндігін білдіреді. 

3.3.  Қатысушы  Іс-шараға  қатысуға  байланысты  өз  құқықтарын  үшінші  тұлғаға 

(тұлғаларға) бере алмайды жəне/немесе басқа жолмен ұсына алмайды. 

3.4. Қатысушының Іс-шараға қатысудан бас тарту немесе тартыну құқығы бар. 

3.5. Қатысушы Іс-шараға қатыса отырып, өзіне қатысты барлық жеке ақпаратты тек 

Ұйымдастырушы  немесе  оның  аталған  Іс-шараны  өткізуге  қатысты  құпия  мəліметтерді 

жарияламау туралы келісімнің негізінде əрекет ететін өкілдері ғана пайдаланады жəне осы 

Іс-шараға қатысы жоқ мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға берілмейді деген шартпен, өзінің 

дербес мəліметтерін өңдеуге өз келісімін береді. 

3.6. Іс-шараға қатысушы өзінің Іс-шараға қатысуына қатысты барлық шығындарды: 

салықтар  мен  басқа  төлемдер  жəне  Қазақстан  Республикасы  заңнамасымен  белгіленген 

жинақтарды,  көлік  шығындарын  жəне  Қатысушыда  пайда  болуы  мүмкін  басқа 

шығындарды  өз  есебінен  төлейді.  Көрсетілген  шығындарды  Ұйымдастырушы  төлемейді 

жəне өтемейді. 

3.7. Іс-шараға қатыса отырып, Қатысушылар өздерінің аты-жөндері, фотосуреттері, 

сондай-ақ басқа мəліметтері Қатысушылардың қосымша келісімісіз жəне оларға қандай да 

бір  бөлек  қосымша  сыйақы  төлеусіз  жарнамалық  мақсатта  пайдаланылуы  мүмкін 

екендігімен келіседі. 

 

4. 

Сыйлық қоры 

 

4.1. 


Ұтыс ойынының бірінші кезеңінде ойнатылатын сыйлықтар: 6" PocketBook 

электрондық  кітабі,  LG  тоңазытқышы,  Huawei  Mate  8  смартфоны,  Bosch  кір  жуу 

машинасы,  Samsung  кір  жуу  машинасы,  тұрмыстық  тонометрлер,  жылу  өлшегіштер, 

ингаляторлар, «Coca-cola» компаниясының сусындар, «Demeu food» компаниясының тегін 

бургерлеріне  сертификаттар:  «Отбасылық  түскі  асқа»  үш  сертификат  жəне  20  тегін 

бургерлік  «Бургер  кеші»  сертификаты,  үй  ДК  арналған  Dr.  Web  вирусқа  қарсы 

бағдарламалардың пакеттері. 

4.2.  Ұтыс  ойынының  екінші  кезеңінде  ойнатылатын  сыйлықтар:  «Active»  ұялы 

байланыс қызметтерінің жылдық пакеттері, Sony үй кинотеатры, Notebook Asus, Notebook 

Apple,  MacBook  Air  13",  Desktop  Apple  iMac  21.5",  Apple  iPhone  7  смартфоны,  LG 

шаңсорғышы, Bosch тоңазытқышы, LG музыкалық орталығы, Sony музыкалық орталығы, 

iPad Pro 9.7 32GB WiFi Gold, Nikon сандық фотоаппараты, Canon сандық фотоаппараты, 

GoPro бейне камерасы, Samsung бейне камерасы, Bosch ыдыс жуу машинасы, Beko ыдыс 

жуу машинасы, Саппородағы Азия ойындарына 2 əуе билеті (бұдан əрі – Сыйлық), 2 Air 

Astana авиабилеттер, Panasonic 43" теледидары, Sony 48" теледидары, LG үй кинотеатры, 

екі бөлмелі пəтер (бұдан əрі – Бас жүлде). 

 

5. 

Іс-шараны өткізу тəртібі жəне жеңімпазды анықтау алгоритмі 

 

5.1. 



Осы Ереженің 4 бөлімінде көрсетілген сыйлық қорын ойнату осы Ереженің 

2.2 жəне 2.3 тармақшаларында көрсетілген орындар мен мерзімде өткізіледі. 

5.2 Ұтыс ойынына шақыру билеттері мен Универсиаданың спорттық жарыстарына 

жəне Универсиаданың ашылу жəне жабылу салтанаттарының тегін билеттері қатыспайды. 

5.3. 

Ұтыс  ойынын  Ұйымдастырушы  белгілеген  комиссия  жəне  жүргізушілер 



жүргізеді. 

5.4. Ұтыс ойыны келесі тəртіп бойынша жүргізіледі: 

• 

ұтыс  ойынының  əрбір  кезеңінің  алдында  комиссияға  бос  ішіндегі 



көрінбейтін  қапшық  жəне  оларға  0  бастап  9  дейінгі  сандар  жазылған  10  бірдей  шар 

беріледі.  Комиссия  мүшелері  қапшықтың  бос  жəне  шарлардың  бірдей  екендігіне  көз 

жеткізеді; 


• 

жүргізуші  қандай  Сыйлық  (4  бөлімде  көрсетілген)  ойнатылатынын 

жариялайды; 

• 

комиссия  мүшелерінің  қатысуымен  бос,  ішіндегісі  көрінбейтін  қапшыққа                  



0,  1,  2,  3,  4,  5,  6,  7,  8,  9  нөмірлері  бар  10  бірдей  шар  салынады.  Ары  қарай  жүргізуші 

комиссия  мүшелерінің  біреуіне  бір  шарды  шығару  құқығын  береді.  Жүргізуші  шарды 

көрсетеді жəне оның нөмірін жариялайды; 

• 

ұтқан  билетті  анықтау  мақсатында  шығарылған  шарлардың  барлық 



нөмірлері  тəртіп  бойынша  арнайы  бағдарламалық  қамтамасыз  етуге  енгізіледі,  ол  ұтыс 

билетінің нөмірі қалыптастырылғанға дейін сəйкестіліктің санын анықтайды. 

5.5  Ұтыс  комбинациясы  анықталғаннан  кейін  5.4  тармақшасында  көрсетілген 

əрекеттер қайталанады. 

5.6.  Билетінің  нөмірі  ұтыс  комбинациясының  нөмірімен  сəйкес  келген  қатысушы 

ұтыс ойынының жеңімпазы (бұдан əрі – Жеңімпаз) аталып, əрбір ұтыс ойынының алдында 

жарияланатын сыйлықты алу құқығына ие болады. 

5.7. 


Билеттердің ұтыс нөмірлері ары қарай ойнатудан шығарылады. 

5.8. 


Ұтыс ойынының айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, ұтыс ойынының 

үдерісінің  өзі  Универсиаданың  ресми  YouTube  арнасында  тікелей  беріледі,  оған  сілтеме 

Сайтта орналастырылады. 

 

6. 



Сыйлықтар мен бас жүлдені алудың тəртіптері мен мерзімдері 

 

6.1. 



Қатысушыны  Жеңімпаз  деп  тапқан  жағдайда,  осы  Ережелерге  сəйкес, 

Сыйлықты келесі мерзімдерде алуға болады: 

ұтыс  ойынының  қорытындылары  шығарылғаннан  кейін  бірден  осы 



Ереженің 2.2 тармақшасында көрсетілген жерден; 

ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Алматы 



қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй, 10-қабат мекен-жайы бойынша. 

Сыйлықты  алу  үшін  Жеңімпаздың  Қазақстан  Республикасы  азаматының  жеке 

куəлігін  (жəне/немесе  Қазақстан  Республикасы  азаматының  тұлғасын  куəландыратын 

басқа  құжатты)  ұсынуы,  сондай-ақ  Ұйымдастырушының  өтініші  бойынша  Сыйлықты 

алғандығы  туралы  актіге  қол  қоюы,  Ұйымдастырушыға  Қазақстан  Республикасы 

азаматының жеке куəлігінің (жəне/немесе Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын 

куəландыратын  басқа  құжаттың)  көшірмесін  беруі  керек.  Сондай-ақ  Жеңімпаздың 

көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынудың орнына жəне Сыйлықты алғанға дейін 

аталған  құжаттың  көшірмесін  электронды  түрде 

office@almaty2017.kz

  электрондық 

поштасына жіберуге құқығы бар.     

6.2. 

Бас  жүлдені  алу  үшін  Жеңімпаздың  «Алматы  қаласындағы  2017  жылғы                      



28-ші  Дүниежүзілік  қысқы  Универсиадаға  дайындалу  жəне  өткізу  жөніндегі  дирекция» 

мемлекеттік қорына тиісті өтініш жазуы керек. 

6.3.  Егер  Жеңімпаз  ұтыс  ойынын  өткен  күннен  бастап  30  (отыз)  күнтізбелік  күн 

ішінде  Сыйлықты  алу  құқығын  пайдаланбайтын  болса,  онда  Ұйымдастырушының 

Жеңімпазға Сыйлық беруден бас тарту құқығы бар. 

6.4. Егер Жеңімпаз деп жарияланған Қатысушы осы Ережемен белгіленген тəртіпте 

жəне  мерзімде  өзіне  тиесілі  сыйлықты  алмаған  жағдайда,  талап  етілмеген  Сыйлықтар 

Ұйымдастырушының иелігінде қалады жəне Қатысушыларға берілмейді. 

6.5.  Жеңімпаз  деп  жарияланған  Қатысушы  осы  Ережеде  көрсетілген  əрекеттері 

жүзеге  асырудан,  6.2  тармақшаға  сəйкес  құжаттарды  ұсыну  туралы  талапты  қоса,  бас 

тартқан  жағдайда,  сондай  Қатысушы  Сыйлы  алудан  бас  тартқан  болып  саналады  жəне 

Сыйлық Ұйымдастырушының иелігінде қалады. 

6.6. 

Сыйлықтардың  меншік  құқықтары  оларды  алған  уақыттан  бастап 



Жеңімпазға өтеді. Сыйлықты алған уақыттан бастап оның кездейсоқ опат немесе бұзылу 

қаупі үшін жауапкершілік Жеңімпазға жүктеледі. Ұйымдастырушы сыйлықтарға қатысты 

ешқандай кепіл бермейді. 


6.7.  Сыйлық  жəне  бас  жүлде  қайтаруға  жəне  оларды  ақша  эквивалентіне 

ауыстыруға тиесілі емес. 

 

7. 

Ұйымдастырушының міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі 

 

Ұйымдастырушының: 

7.1.  Кез-келген  уақытта  Іс-шараны  өткізу  шарттарын  өзгертуге  немесе  тоқтатуға, 

оның  ішінде  осы  Ереженің  4  бөлімінде  көрсетілген  сыйлықтардың  саны  мен  атауын 

өзгертуге, тиісті өзгертулер/тоқтату күшіне енгенге дейін бір күн бұрын ол туралы Сайтқа 

ақпарат жариялау арқылы Ережеге өзгерту енгізуге; 

7.2. Қатысушы Ережеде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайда, Қатысушыны 

Іс-шараға қатысуға қабылдамауға; 

7.3. Қатысушыны дисквалификациялауға, яғни, Ұйымдастырушыға Қатысушының 

Ережені бұзғандығы туралы белгілі болған жағдайда, Қатысушының Іс-шараға қатысуды 

жалғастыруын мойындамауға; 

7.4.  Ұйымдастырушы  ұтыс  ойынының  нəтижелерін  анықтау  үдерісінде 

бұзылыстарды анықтаған жағдайда, ұтыс ойынының нəтижелерін жоққа шығаруға немесе 

қайта қарауға; 

7.5.  Қатысушы  осы  Ережеде  көрсетілген  ақпаратты  жəне/немесе  құжаттарды 

ұсынбаған жағдайда, Қатысушыға Сыйлық беруден бас тартуға құқығы бар. 

Ұйымдастырушы: 

7.6. Ережеде белгіленген ережелер мен үрдістерді сақтауға; 

7.7  Қатысушыларға  Іс-шараға  қатысуға  қабылдамағандығы,  дисквалификациялау, 

Іс-шараның  шарттарының  өзгергендігі  туралы  немесе  Іс-шараны  өткізуге  қатысты  кез-

келген  басқа  оқиғаларды  Сайтқа  тиісті  ақпарат  жариялау  жолы  арқылы  хабарлауға 

міндетті. 

Ұйымдастырушы: 

7.8. Қатысушының көрсеткен дұрыс емес мəліметі; 

7.9. Сайттағы, оның ішінде ақпаратты Сайтқа жүктеген кездегі дұрыс емес ақпарат, 

технологиялық  сипаттағы  басқа  да  бұзылыстар,  оның  ішінде  осы  ереженің                                          

5.5  тармақшасында  көретілген,  Іс-шараны  өткізу  мерзімдері  мен  тəртібіне  жəне  оның 

нəтижелеріне əсер ететін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудегі бұзылыстар; 

7.10.  су  тасқыны,  өрт,  жер  сілкінісі,  əскери  əрекеттер  жəне  Ұйымдастырушы 

алдын-ала  болжай  алмайтын  жəне  əрекетін  жоққа  шығара  алмайтын  басқа  ұқсас 

жағдайларды қоса, бірақ, шектелмей, ырық бермейтін күш жағдайларының пайда болуына 

байланысты өз міндеттерінің бұзылуына жауапкершілікте болмайды. 

 

8. 

Басқа шарттар 

 

8.1. 



Ұйымдастырушы,  осы  Ережелерде  көрсетілген  жағдайлардан  басқа, 

Қатысушылармен  жазбаша  келіссөздер  жүргізбеу  немесе  басқа  да  байланысқа  түспеу 

құқықтарына ие. 

8.2.  Ұйымдастырушы  салық  агенті  болып  табылмайды  жəне  Сыйлықтарды  жəне 

Бас жүлдені иеленген тұлғалар үшін қандай да бір салықтарды жəне бюджетке төленетін 

міндетті төлемдерді төлемейді. 

8.3. Қатысушылар Іс-шараны өткізуді ұйымдастыруға қатысты шағымдарын келесі 

мекен-жайға:  Алматы  қаласы,  Байзақов  к-сі,  280-үй,  «Алматы  Тауэрс»  БО,  солтүстік 

мұнара, 10-қабат немесе ақпараттық желінің 8 (727) 313 23 25 телефоны бойынша жібере 

алады. 


Ұйымдастырушы  Қатысушылардың  шағымдарына  қатысты  шешімді  шағымдарды 

алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес уақыт ішінде шығарады. 



8.4.  Ұтыстың  екінші  кезеңінде  пəтер  мен  көптеген  басқа  жүлделер  болады, 

турникеттен  өткен  билеттер  ғана  қатысады.  Тек  қана  билет  сатып  алмай,  жарысқа  келу 



қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет