Бағдарламасы (силлабус) «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


БЕКІТІЛДІ Гуманитарлық факультетінің деканы: Искакова М.О. ______________ қолы Мазмұны



бет2/10
Дата19.02.2023
өлшемі88,41 Kb.
#69318
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3 БЕКІТІЛДІ

Гуманитарлық факультетінің деканы: Искакова М.О. ______________


қолы

Мазмұны
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
3. КУРС САЯСАТЫ
4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
5. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР










1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Оқытушының аты-жөні, тегі: Турганбаева Т.Б.


Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Гуманитарлық факультеті, педагогика кафедрасы
Білім алушыларға кеңес берудің мерзімі мен уақыты – Сейсенбі күндері сағ.14.00-16.00 (online режимінде, Zoom, WhatsApp және т.б платформалары арқылы)


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі оқу курсының типтік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнында ізгілендіру идеясын негіздеу ескерілген, теориялық және әдістемелік кешенде құрылған және тәрбие үдерісінде жалпы адамзаттық ізгілік құндылықтар басымдылығында, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар жүйесінде жүзеге асырылған.


1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктігін қалыптастыру болып табылады.



    1. Пәнді оқытудың міндеттері

-студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзіреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;
-тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
-студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзіреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру.
-студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.
- педагогикалық білімін, біліктілігін, дағдысын тереңдету;

1.5 Оқытудың күтілетін нәтижелері және қалыптасатын құзыреттіліктер:


Білім алушы «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнді игеруді аяқталғаннан кейін
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білу:
-болашақ мұғалімнің құнды түсініктерін, қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерін, оған бағдарлану, өзінің рөлін саналы түсіну(құнды мағыналы құзіреттілік);
-мақсатты білім және біліктермен оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлекция, өзіндік талдау (оқу-танымдық құзіреттілік)
-оқу пәні мазмұнындағы болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын, білім беру саласындағы және қоршаған әлемдегі ақпараттарды (ақпараттық құзіреттілік);
дағдысының болуы:
- адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынас тәсілдерін,топта жұмыс істеу дағдысын, ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеру (коммуникативтікқұзіреттілік) ;
орындай алу:
-физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзін дамыту, эмоционалды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеру (тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі)





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет