«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы 7 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағат
№ р/с
Ауыспалы тақырыптар /бөлім атаулары
Сабақтар дың тақырыбы
Оқудың мақсаттары
Сағат саны
Мерзімі
Ескерту
1-тоқсан
1
Қазақ-жоңғар соғыстары
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?
7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру; 7.2.2.1халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
2
Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?
7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру