3.3.Математика пәні бойынша сабақтар, сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттарын нақты кластың кесетсі бойынша өткізу (5 апта)
Кластағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сабақ өткізу әдістемесі бойынша әдіскер мен мұғалімнен кеңес алу. Өз бетімен мақсатын, жабдықтар, технология, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, бірнеше сабақты (байқау және ашық) жоспарлау.
Өткізілген сабақты алдымен студенттің өзінің, одан соң топтастарының, мұғалімінің, соңынан әдіскері мұғаліммен келісе отырып, қорытынды бағасын қою. Берілген тақырып бойынша өз бетімен дайындық жұмысын жүргізуі, қолданылатын технологиясын, жұмыс формасын анықтау, АКТ пайдалану. Талдау барысында студентте дидактикалық біліктерді математикалық бағыттау, әр оқушының жеке ерекшеліктерін есепке алу, оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынастың тұлғалық бағытталған моделін пайдалану біліктерін қалыптастыру.
Пән бойынша сыныптан тыс шараны өткізуге даярлау барысында студент сыныпты зерттеп, оның математкиалық дайындығын және шығармашылық мүмкіндіктерін зерттейді. Сыныптың ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына басты назар аударады. Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, студент сыныптан тыс шараның толық конспектісін жасайды, даярлық кезеңін, жабдықтарын ойластырып, шараны өткізеді.
Әр студент кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуі тиіс.
Сынып жетекшісі міндетін атқарады. Ата-аналар жиналысын өткізу. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Озық педагогикалық тәжірибелермен, мектептің әдістемелік жұмысымен танысу. Педагогикалық кеңес жұмысымен танысу және математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына сағаттарын өткізу. 90-150 сабақ, оның ішінде 8 сыныптан тыс сабақ, 6 тәрбие сағаттарын өткізу. Барлық сабақ мұғаліммен талданып, бағаланады, күнделікке жазылады. Мұғалім потфолиосы мазмұнын жаңарту.
3.4.Есеп
Машық күнделігін жүргізу. Жазбаша есеп жасақтау
Портфолионы жаңарту. Белгілі бір әдістемелік және педагогикалық тақырыпқа арналған жоба презентациясы
Достарыңызбен бөлісу: |