Пәннің міндеттері: оқытудың мынадай негізгі міндеттері жүктеледі:
- математикалық ұғымдар мен әдістерді пайдаланып студенттерге ғылыми зерттеудің мәнін ашып көрсету;
- қолданбалы өндірістік есптерді шешудегі математиканың ерекшелігі мен рөлін айқындау.
- студенттерді кәсіптік жұмысында математикалық әдістерді қолдануға бейімдеу;
Осы мақсатқа жету үшін мыналар қарастырылады.
- Дәрістерді оқу. Дәрістерде пәннің мазмұны баяндалып, негізгі математикалық ұғымдар мен әдістерге талдау жасалады. Бұл жағдайда дәрістің мазмұны мен студенттің болашақ кәсіптік жұмысын байланыстырып отыру қажет.
- Тәжірибелік сабақтар. Тәжірибелік сабақтарда студенттер математикалық есептерді шешудің негізгі әдістерін үйренумен қатар математика курсының теориялық қағидаларынан түсінік алады.
- Студенттердің өзіндік жұмысы. Математикалық әдістерді меңгерудің негізі ретінде студенттердің өзіндік жұмысын айтуға болады. Оған мыналар жатады:
- студенттердің аудиториядағы үздіксіз жұмысы;
- аудиториядан тыс жердегі үздіксіз жұмысы;
- пәннің бөлімдері бойынша рефераттар жазу және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу;
- студенттердің ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысуы .т.б.
4. Пәнді үйрену нәтижесінде студенттер теориялық материалдың негізгі бөлігін біліп шығуы тиіс. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер – теориялық білімдерін берілген қолданбалы және тәжірибелік есептерді зерттеуге пайдалана алатындай:
- берілген есепті шешудің қолайлы әдістерін таңдай алатындай және есепті соңына дейін шығара алатындай;
-алынған нәтижеге математикалық талдау жасап және қорытынды шығара алатындай дәрежеде болуы керек;
- ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және өз бетінше математикалық білімін көтеріп отыруы тиіс.
- қолданбалы және тәжірибелік өңдірістік есептерді шешу үшін негізгі әдістерді толық пайдалана алатындай білім қоры болуы тиіс.
5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары күндізгі оқу нысанына