Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің


 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
 
1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Ұлттық руханият, ұлттық болмыс, ұлттық құндылық, ұлттық сана туралы түсінік. 
Тарихи сананы қалыптастырудың жолдары. Ұлттық сананың қалыптасу жолдары. Қазақ 
халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Наным-сенімдері. Ырым-жорамалары мен 
тиымдарының мән мағнасы. Мәдениет пен ӛнер. Ұлттық кодтың анықтамасы. Ұрпақ 
тәрбиесі мәселелері. Ұлттық сезім, түйсік, ұлттық намыс пен ұлттық рух түсініктері. Ұлттық 
тәрбиенің қайнар кӛздері мен ерекшеліктері. Адамгершілік, руханилық, имандылық, ізеттілік 
түсініктері. Ұлттық руханият пәні қоғамдық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар 
жүйесіндегі орны. 
«Ұлттық руханият» пәні жаңа ғасырда ұлттық ӛркендеу және этникалық түбірге 
топтасу үдерісі қатар қарқындауда. Интеграцияның негізін ұлттық рухани құндылықтарды 
сақтау және этникалық мәдениеттің ӛзіндік үлгісін нығайту мүддесі құрайды. Осы орайда 
ұсынылып отырған жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған «Ұлттық 
руханият» пәні болашақ кәсіби маманның ӛз ісінің білгірі болуға, кӛпдеңгейлі және 
кӛпқырлы, кӛпмәдениетті, жан-жақты кәсіп саласында кәсіби маман ретінде қалыптасып, 
жетілуіне мүмкіндік береді. 
«Ұлттық руханият» – жоғары оқу орындарында студенттерге теориялық білім
тәжірибелік және іскерлік дағды беретін, ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелейтін негізгі 
пәндердің бірі болып есептеледі. Студенттерді болашақ мамандықтарына бейімдеу, 
ұлтымыздың рухани, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық сипатын ашатын ғылыми 
мағлұматтар беру, ұлттық жәдігерлеріміздің құнды мұра екендігі танытылады. 
Халқымыздың әр дәуірдегі тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі кӛрініс тапқан фольклор, 
жыраулар поэзиясы, ХІХ-ХХ ғғ. сӛз зергерлерінің шығармашылығы, Тәуелсіздік дәуіріндегі 
әдебиет пен ӛнердің кӛркемдік-эстетикалық құндылығы туралы білім беру кӛзделеді.
1.2 
ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: 
Қазақстан тарихы. Адам және қоғам.
 
«Мәдениеттану» «Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі». 
Студенттер бұл пәнді оқу үшін фольклорлық мұра, салт-дәстүр, әдебиет тарихы, қазақ 
халқының озық тұлғаларының ӛмірі мен шығармашылығынан хабардар болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет