Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
 
3. Тақырыбы:
 Ҧлттық руханияттағы кемел адам ҥлгісі
Сағат саны: 1 
Тақырыптың жоспары: 
1. Кемел адам – халықтық тәрбиенің мақсаты.
2. Кемел адам туралы ой-пікірлердің қалыптасып, дамуы
3. Кемел адамның этникалық келбеті.
4. Кемел адам қасиеттерінің жалпыадамзаттық сипаттамасы.
5. Кемел адамды тәрбиелеу жолдары.
 
Дәріс тезисі
:
Кемел адамның халықтық үлгісі – халық тәрбиесінің жиынтық түсінігі. Адам 
қарапайым іс-әрекеттен жоғары іс-әрекетке қадам жасайды, алдына ӛте жоғары мақсаттар 
қояды. Кемелденген адамның ӛзі де жетіліп, тұлғалық тұрғыдан ерекшелене түседі. 
Тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – оның ӛзіне тән мінез-құлқындағы, ісәрекетіндегі, 
кӛзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни ӛмірді 
ӛзінің сана-сезім ӛлшемімен қарап, бағалауға бейім тұруы. Әрбір тұлға оқып, кӛріп, 
оқығанын, естігенін, кӛргенін ӛз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да ӛзінің іс-әрекетін, 
мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-
жігерінің іске асуы, ӛзі жӛніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске 
асыруының нәтижесі. Адам баласы материалдық және рухани ӛмірдің ортасында тіршілік 
етеді де, ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың рудың мүшесі ретінде ӛзіндік 
ақыл-парасатымен, жеке бастың ӛзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен 
кӛрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің 
болуы мүмкін емес. Әр адам - ӛзінше жеке тұлға. Адамдардың қоршаған ортадағы 
құбылыстарды түсініп қабылдауы әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, 
психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әрбір және кез-келген халықтың 
педагогикалық мәдениетінде кемел адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген ӛзіндік 


табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше 
жақтарына қатысты болса, ал ӛзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып 
кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет