Сызбаның негізгі жазуы.
Барлық сызылған сызбалардың негізгі жазуы болады. Негізгі
жазу сызбаның төлқұжаты, сондықтан оның маңызы өте үлкен.
Бұл сызылған негізгі жазулар мемлекеттік стандартта белгіленген
ережелер бойынша орындалады. Негізгі жазулар барлық
пішімдердің оң жақ төменгі бұрышына орналастырылады.
Мемлекеттік стандарт бойынша негізгі жазулардың пішіні
төрт түрлі. Олардың үшеуінің ұзындығы 185 мм, ал төртіншісінікі
120 мм. Осы секілді негізгі жазу пішінінің ендері де әртүрлі
болады: бірінші, екінші пішіндердің ені 55 мм-ге тең болса, ал
үшіншісінікі 40 мм, төртіншісі 15 мм. Негізгі жазуды
орындағанда
тұтас
қалың
және
жіңішке
сызықтар
пайдаланылады. Негізгі жазу 11 жолдан және 14 бағанадан
тұрады.
Əдебиет: [1; 2; 3; 4]
Достарыңызбен бөлісу: |