Бағдарламасы Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»



Дата10.10.2022
өлшемі17,3 Kb.
#42157
түріБағдарламасы

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы
Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
Мақсаты: оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

Барысы:
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды және барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 


Мектеп деген білім күні, жыр күні


Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші: 


Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Шашу биі

1-жүргізуші:


Биылғы 2022/2023 оқу жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен, Роза Бағланованың 100 жылдығымен, Қазыбек бидің 355 жылдығымен, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығымен, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр.
Олай болса ағайын, барша мерей той құтты болсын!

2-жүргізуші:


Бүгін мерекеміздің құрметті қонақтарын аныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Барша ауылымыздың ардагер ұстаздар

  2. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы

  3. Қамқоршылық кеңес мүшелері

1-жүргізуші:


Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.
2-жүргізуші:
Биылғы 2022-2023 оқу тжылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған барша шәкірттерді ұстаздары Қалиаждарова Гүлмира Орынбекқызымен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:


«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын ашық деп жарниялансын!
Гимн

2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Омаров Қайрат Уашұлына беріледі.


Ән: Аяулы мектебім. Қуанышбекқызы Еркеназ


1-жүргізуші: құттықтау сөз

1-жүргізуші:


Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін деп құттықтай отырып, бүлдіршіндердің жүрек жарды шумақтарына кезек береміз.
Флешмоб

Құттықтау сөз


Ән:

1-жүргізуші:


Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын ашық деп жарниялансын!


Гимн

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет