Бағдарламасы Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу



бет2/7
Дата17.01.2023
өлшемі138,5 Kb.
#61629
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Зертханалық жұмыс №6.2.
Тақырыбы: Тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу. Мәтінді бағандарға бөлу


Қазақ халқының жазу тарихы

Қазақ халқы - әліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы – ерте заманда Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардыңғ атап айтқанда Сақ, Қаңлы, Албан, Қыпшақ, Оғыз, Арғын, Найман, Қарлық тайпаларының тарихы даму дәуірлерін басынан кеше отырып, бірте-бірте бірігуі арқылы халық болып қалыптасқан.


Түркі тілдерінің даму дәуірлерін түрколог ғалым Н.А.Баскаков алты кезеңге бөліп көрсетті:
Алтай дәуірі;
Хун дәуірі /V ғасыр/;
Көне түркі дәуірі /V-X ғасыр/;
Орта түркі дәуірі /Х-ХV ғасыр/;
Жаңа түркі дәуірі /ХV-XX ғасыр/;
Ең жаңа дәуір /ХХ ғасыр/.
Осы кезеңдерде қазақ халқы басқа туыстас түркі тілдерімен бірге дамыды, қалыптасу барыснда қазақ тілі басынан төрт түрлі жазу түрін кешірді: руна таңбасы, ұйғыр, араб, латын алфавиттері.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыда келтірілген мәтінді теріңіз.

  3. Келтірілген мәтінді Пішім→Тізім (Формат→Список) командасының көмегімен пішімдеңіздер.

  4. Ол үшін Сақ, Үйсін, Қаңлы, Албан, Қыпшақ, Оғыз, Арғын, Найман, Қарлық мәтін бөлігіндегі әр сөзді жеке жол басына орналастырыңыз (көрсетілген әр сөздің алдынан Enter батырмасын басыңыз).

  5. Сонан соң осы сөздерді ерекшелеп алып, ашылған Тізім (Список) сұхбат терезесінен Маркіленген (Маркированный) бөлімін ашыңыз. Осы терезеден үлгіде көрсетілген маркердің түрін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

  6. Жоғарыда 3-5 бөлімдерінде келтірілген амалдарды мәтіннің үлгіде бейнеленген бөліктеріне қайта қолданыңыз.

  7. Мәтіннің Түркі тілдерінің даму дәуірлерін деген бөлігінен бастап соңына дейін ерекшелеп алып, Пішім→Бағандар (Формат→Колонки) командасын орындаңыз. Ашылған Бағандар (Колонки) сұхбат терезесіндегі Бағандар саны (Число колонок) өрісіне 2 мәнін, қалған өрістерге екі бағанның ені үлгіге сай болатындай етіп мәндерді таңдап алыңыз. ОК батырмасын шертіп, Бағандар (Колонки) сұхбат терезесін жабыңыз.

  8. Екі бағанға бөлінген мәтіннің арасын түзу сызықпен бөліңіз. Ол үшін қосымша Сурет салу (Рисование) аспаптар панеліндегі батырманы пайдаланамыз (Түр→Аспаптар панелі→Сурет салу (Вид→Панель инструментов→Рисование) командасының көмегімен ашылады).

  9. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документі) қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет