Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет144/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

9-параграф. II-жартыжылдық

26. Құрастыру:


1) балалардың көз алдында жасалынған құрастыру іс-әрекет процесінде ересектің әрекеттерін бақылауға үйрету; еліктеу практикалық әрекет арқылы заттарды мөлшері бойынша салыстыру (үлкен, кішкентай);
2) құрылыс материалдарынан құрастыру: педагогпен бірлесіп жасалынған әрекеттер арқылы құрылыс конструктордан қарапайым құрылыстарын жасау, оларды ойында қолдану; ойында заттардың орнына құрылыс кешендердің элементтерін қолдану;
3) затсыз құрастыру: топтық бөлме кеңістігінде құрылыс контруктор элементтерінің еліктеу арқылы орнын ауыстыра алуды бекіту; көрсету бойынша баспалдақпен жүру (жоғары-төмен), топтық бөлменің ішінде орын ауыстыру (орындыққа тұру, жерге түсу: жоғарыда-төменде);
4) таяқшалардан құрастыру: таяқшалардан құрастырылған фигуралардан таныс заттарды тану;
5) құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтарды құрастыру: сынған ойыншықты «жамау, жөндеп қою» ықыласын ояту; ойыншықты жинау, бөлшекті тұтасқа біріктіру;
6) конструктор бөлшектерін ұстау, ұстап қалу, ұстап тұру, орнын ауыстыру дағдыларын қалыпптастыру; заттарды екі қолмен сипалап зерттеу (заттарды қармалау).
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс конструктормен ойындарды жағымды эмоциямен қабылдайды;
конструктор бөлшектерін ұстайды, ұстап тұрады, орнын ауыстыра алады;
ересекпен бірлескен әрекеттер арқылы құрылыс конструктордан қарапайым құрылыстарын жасайды;
бөлшектерді тұтас затқа біріктіреді, ойыншықты жинайды;
ересекке еліктеу арқылы топтық бөлме кеңістігінде құрылыс контруктор элементтерінің орнын ауыстырады.
27. Жаратылыстану:
1) тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары: қыс және оның негізгі белгілері туралы түсінік қалыптастыру (суық, қар); жаз және оның негізгі белгілері туралы түсінік қалыптастыру (ыстық, күн жылы болады);
2) өсімдік әлемі: практикалық қызмет процесінде көкөністермен (қияр) және жемістермен (банан) танысу; өсімдік әлемі туралы түсінік қалыптастыру: ағаш, шөп;
3) жануарлар әлемі: үй жануарларымен (ит) танысу; тірі табиғат объектілеріне жақсы сезімдерді тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
мұғалімнің көмегімен суреттерде қыс пен жазды көрсетеді;
таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;
таныс үй жануарларын көрсетеді.

10-параграф. «Шығармашылық» білім беру саласы


28. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


29. Мақсаты: балалардың эстетикалық қабылдауын, практикалық шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
30. Міндеттері:
бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, ең қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықтарын қалыптастыру;
қағаз, қарындаш, қылқалам, бояулар, ермексаз, саз балшықпен таныстыру;
дөңгелек пішінді заттарды, сызықтарды, нүктелерді, штрихтарды, штрихтарды бейнелеуге үйрету; мұғаліммен «бірлескен шығармашылықта»;
композициялық дағдыларды қалыптастыру - кескіннің парақтың бүкіл бетінде орналасуы;
дайын фигураларды, жапсыруларды жапсырмай қалау дағдыларын қалыптастыру;
балалардың музыкалық шығармашылыққа қызығушылығын, әсемдік сезімін тәрбиелеу;
қолдың ұсақ моторикасын, қозғалыстарды үйлестіруді, бақылауды дамыту;
көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, елестетуді, зейінді, қабылдауды қалыптастыру;
қоршаған әлем және сенсорлық қабілеттер туралы түсініктерін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет