Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Ересек топ (4 жастан бастап)



бет153/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   187
4-тарау. Ересек топ (4 жастан бастап)


1-параграф. «Денсаулық» білім беру саласы

80. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


81. Мақсаты- денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларды қолдануға ұмтылу, баланың денсаулығын нығайту және қорғау, дене шынықтыруға деген қызығушылықты дамыту.
82. Міндеттері:
балалардың қозғалыс әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында қимылдарды дұрыс орындау біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
дене қасиеттерін, ептілікті, төзімділікті, қозғалыс координациясын, тепе-теңдікті, икемділікті сақтай білуді қалыптастыру;
әр түрлі қимыл-қозғалыс біліктілігі мен дағдылары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
жүру мен жүгіру, секіру мен лақтыру, лақтыру және ұстау, жорғалау және өрмелеу кезіндегі негізгі қозғалыс түрлерін, жеке бас гигиенасы дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
дене жаттығуларын орындауға қызығушылықты, салауатты өмір салтына ұмтылуды тәрбиелеу;
түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарға, жарыстық сипаттағы ойындарға қызығушылықты ояту.


2-параграф. I-жартыжылдық

83. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (5 сағат).
Ширату (5 сағат):
заттарды пайдалану арқылы (гимнастикалық таяқтар және т.б.);
заттарды пайдаланбай.
Дене қалпын қалыптастыруға арналған жаттығулар (20 сағат):
қабырғаға бастың артқы жағымен және арқаны тигізіп, тұрып жаттығу жасау;
тірексіз отыру, арқаны ұзартып түзеу, қолды еденге қою жаттығулары;
еденде жатып омыртқаны созу және иілу, қолды аяққа орау жаттығулары.
Жалпақ табанның алдын алуға арналған ойындар мен жаттығулар (25 сағат):
тұрған қалыпта орындайтын жаттығулар (заттарсыз, заттарды қолдана отырып)
отыру қалпында орындайтын жаттығулар (заттарсыз, заттарды қолдана отырып).
Көру-моторлы координациясын қалыптастыруға арналған доппен жаттығулар (25 сағат):
әртүрлі ойындар арқылы допты нысанаға лақтыруға жаттықтыру;
кішкентай допты нысанаға лақтыру, үлкен-кіші доптарды лақтыру және қағып алу;
футбол жаттығулары.
жүгіру, секіру және бір уақытта лақтыру элементтері бар қозғалмалы ойындар.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әртүрлі қарқынмен таныс дене жаттығуларын орындау.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Төбеден төмен түсу; бір-бірін сырғанату; шанамен төбеге шығу, одан түскенде жылдамдығын азайту. Мұзды жолдармен өздігінен сырғанау;
2) шаңғы тебу. Шаңғы жолында бірінен соң бірі сырғанау қадамымен жүру мүмкіндігі. Төбеге баспалдақпен, бүйірден көтерілу. Ересектердің көмегімен шаңғыны кию және шешу;
3) велосипед, самокат тебу. Үш доңғалақты және екі доңғалақты велосипед, самокат тебу. Оңға, солға бұрылыстар жасау;
4) жүзуге дайындық. Суға кіру және суға түсу, суда ойнау; суда отыру кезінде аяқпен жоғары және төмен қимылдарды орындау; суға иек, көзге дейін отырып сүңгу, судан шығу, бетті суға батыру, басымен суға түсу, еркін тәсілмен жүзуге тырысу.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат).
Дене шынықтыру демалысы 2 айда 1 рет, ұзақтығы 20 минут.
Дене шынықтыру мерекесі жылына 2 рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минутқа дейін.
Денсаулық күні екі айда 1 рет, ұзақтығы 30 минутқа дейін.
Дербес қимыл белсенділігі.
Балаларды доппен ойнауға баулу, дене шынықтыру құралдарын, құрал-жабдықтарды, спорттық және қозғалмалы ойындарға атрибуттарды пайдалануға баулу. Балаларды мұғаліммен бірге жаттығулар жасауға баулу, ашық ауадағы ойындарға қатысуға қызығушылықтарын ояту. Ауа-райының жағдайын ескере отырып, балалардың ауадағы қозғалыс белсенділігіне жағдай жасау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су рәсімдерін жүргізу: дымқыл сүрту, аяқты, денені сулау. Жалаң аяқ жүру, жұтқыншақты шынықтыру.
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұруды біледі;
ересек адамның бұйрықтарын орындайды;
құралдарды қолданбай, заттарды пайдалана отырып, арқа бұлшықеттерін, іш бұлшықеттерін күшейту үшін қозғалыстарды орындайды;
бірінен соң бірі қозғалатын сапта ересек адамның бұрығымен табанның дамуына арналған қозғалыстарды орындайды;
заттардың көмегімен табанды дамытуға арналған қозғалыстарды орындайды;
дұрыс дене қалпын дамыту жаттығуларын орындайды;
заттарды пайдалана отырып, қозғалыс кезінде жаттығуларды орындайды;
командалық ойындарды ойнауды біледі;
эстафеталық жарыстарға қатыса алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет