Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)



бет30/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

2-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
7. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны бұл топта тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
8. Мақсаты қолжетімді сөйлеу құралдарымен сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын және қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеуіне қызығушылықты дамыту болып табылады.
9. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту;
3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру;
5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, фонематикалық түсініктердің алғышарттарын қалыптастыру, жалпы сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
11. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру;
3) "ма, ме" демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз етістік бұйрықтарын дифференциациялау;
4) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
5) зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту;
6) жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: "бастауыш+баяндауыш", "бастауыш+толықтауыш+баяндауыш";
7) жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру;
8) заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды түсінуін балаларға оқыту.
12. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі):
1) қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру;
2) ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды дамыту;
3) өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін, лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту;
4) етістіктер сөздігін кеңейту;
5) заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін атай алуды дамыту;
6) қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту;
7) сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру: "Қандай?";
8) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
9) кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастырып жасауға арналған жаттығу; зат есімдермен "менікі" есімдігін келістіруге арналған жаттығу;
10) суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;
11) кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін аяқтап айта алуды үйрету;
12) сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.
13. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін қалыптастыру;
2) дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;
3) тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.
14. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету;
2) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимыл-қозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы;
3) қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ым-ишарамен сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.
15. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алады, ересектердің сөзіне құлақ салады және оның мазмұнын түсінеді;
2) қарым-қатынастың қарапайым вербалды емес құралдарын түсінеді: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, сұрақ қою интонациясы;
3) өткен лексикалық тақырыптар бойынша заттардың белгіленуін, тұрмыстық ойын әрекеттерін, заттарды сипаттау кезіндегі қарама-қарсы сапаларды білдіретін сөздерді түсінеді (үлкен-кіші);
4) қарапайым қарым-қатынасты-орнатушы сұрақтарды түсінеді;
5) сюжеттік, заттық суреттер бойынша қарапайым сұрақтарлы түсінеді;
6) жанама септіктердің сұрақтарын түсінеді;
7) атау септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрін ажыратады;
8) бұйрық және ашық райдағы қарапайым етістіктерді сөйлеу кезінде қолданады;
9) аса қарапайым сөйлемдерді түсінеді;
10) қарапайым заттар мен әрекеттерді олардың сөйлеу белгілеуімен сәйкестендіре алады;
11) тұрмыстық орта және өтілген лексикалық тақырыптар бойынша заттарды, топтағы балалардың, туған-туысқандардың, өзінің есімін атай алады;
12) кез-келген фонетикалық рәсімделуінде қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіндегі тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет