6-параграф. 2 - жартыжылдық 138. Сөйлеуді дамыту:
1) етістіктерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру;
2) балаларды жекеше және көпше түрдегі етістіктерді пайдалану икеміне үйрету;
3) балаларды сөйлеу кезінде жеке сан есімдерді (бір, екі, көп) пайдалану және ересек адамның көмегімен оларды зат есімдермен келістіру икеміне үйрету;
4) сын есімдерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру;
5) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап беруге үйрету;
6) сөз таптарын, ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың зат атауын және күнделікті өмірде олармен жасайтын әрекеттерді білдіретін сөздерді пайдалану икеміне үйрету;
7) қарапайым сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;
8) жанды-жансыз санаты бойынша заттардың атауларын жіктеу дағдыларына үйрету;
9) сөздерді тілектері мен сезімдерін білдіру үшін пайдалану икемдерін дамыту: ыңғайсыздыққа (шаршадым, ыстық) және құрдастардың іс-әрекеттеріне (ойыншықты бермейді);
10) ересек адамның көмегімен қарапайым геометриялық пішіндердің атауларын пайдалану икемін дамыту.
139. Күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу кезінде жіктеу есімдіктерін пайдаланады;
2) сөйлеу кезінде жеке реттік сан есімдерін пайдаланады;
3) сын есімдерді зат есіммен келістіре алады (ересек адамның көмегімен);
4) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап бере алады.
140. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарды шешуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қатынасын анықтауға, оларға жай сипаттама (жақсы-жаман) беруге үйрету; "Бұл кім (не)?", "Не істеді?" сұрақтарын қою біліктілігін дамыту; лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру және белсендірту;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:интонацияны қабылдауға үйрету, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін талдау арқылы мейірімділікті танып білуге үйрету;
3) әңгімелеу және түсіну:қуыршақ қолғаптарын, үстел үсті театрын қолдана отырып, таныс ертегілерді әңгімелеуге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға үйрету (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай); ойыншықтарды, бетперделерді қолдана отырып, күрделі емес сюжеттер бойынша сахналау ойынына қатысуға баулу.
141. Күтілетін нәтижелер:
1) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
2) мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
3) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде әрекет етеді;
4) педагогтың көмегімен шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (жақсы-жаман) береді.