Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет175/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

2-параграф. II-жартыжылдық


175. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы сөйлеуді түсінуін және қарым-қатынас дағдыларын түсінуді одан әрі қалыптастыру.
Қарым-қатынас дағдыларын нығайту.
Білімді қалыптастыру: отбасы және отбасындағы оқиғалар (мерекелер, серуендер), қала, көлік, көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы.
Қарапайым сөз тіркесі (2-3 сөз) арқылы сұрақтарға жауап беру және өз өтініштерін білдіру дағдыларын бекіту.
Білімді кеңейту:
айналадағы адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің объектілері, тірі және жансыз табиғат құбылыстары туралы;
сенсорлық қабылдаудың дамуы нәтижесінде қоршаған дүние объектілерінің негізгі белгілері (түсі, пішіні, өлшемі) туралы;
активті сөздік қорын белсендіру және пассивті сөздік қорын жинақтау және кеңейту.
Жұмыстың мазмұны.
Тәуелдік есімдіктері мен жанды-жансыз табиғаттың зат есімдерін қолданып жай сөйлем құрау дағдысын бекіту.
Объектілерді негізгі белгілеріне және функционалдық тиістілігіне қарай топтастыруға, осы объектілерді негізгі белгілеріне қарай салыстыруға үйрету.
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі негізгі түсініктері туралы білім қорын қалыптастыру.
Адамдар мен жануарлардың жасаған әрекеттерін анықтауға, атауға үйрету.
Дүкен, аурухана, мектеп, балабақша сияқты кейбір қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің атауларын үйрету және олардың тағайындануы туралы түсіндіру.
Алған білімдерін «ішінде», «үстінде», «астында» көмекші сөздерді пайдаланып сөз тіркесін құрастыруда қолдану.
Жолда жүрудің негізгі ережелерімен таныстыру.
Барлық жыл мезгілдерінің негізгі ерекшеліктері, табиғаттың маусымдық өзгерістері, осы кезеңдегі адамдар мен жануарлардың іс-әрекеті, сонымен қатар осы уақыт кезеңінде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы балалардың білімдерін кеңейтуді жалғастыру.
Жыл мезгілдерінің әрқайсысында табиғатта болатын белгілі бір оқиғаларды сипаттайтын заттардың атауларын және заттардың қимылын білдіретін сөздерді қолданып, жай жайылма сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру.
Қоршаған орта заттары мен құбылыстары арасындағы қарапайым себеп-нәтиже байланыстарды түсінуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жыл мезгілдерінің негізгі белгілерін, әр маусымдық кезеңде болатын кейбір табиғат құбылыстары мен оқиғаларын біледі;
адамдар мен жануарлардың жасайтын іс-әрекеттерінің атауларын біледі, оларды атайды;
жиһаз бөліктерінің, көліктің кейбір түрлерінің, гүлдер мен жәндіктердің атауларын, сондай-ақ олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін біледі және бұл дағдыларды адамдармен қарым-қатынаста, өзіндік өтініштері мен тілектерін білдіргенде пайдаланады;
дүкен, аурухана, мектеп, балабақша сияқты кейбір қоғамдық -тұрмыстық мекемелердің атауларын және олардың тағайындануын біледі;
көмекші сөздерді және тәуелдік есімдіктері мен жалғауын пайдаланып заттың және қимылдың атауларымен жай сөйлемдер құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет