Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)



бет134/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

3-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
35. Мақсат: түзету физикалық жаттығулар мен арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен шынайы өмір жағдайларына ойын, тұрмыстық сәтті бейімделуіне, олардың қоғамдаға араласуына алғышарттар жасау болып табылады.
36. Міндеттер:
1) негізгі қозғалыстарды қалыптастыру үшін бұлшық еттерді қатайту және дамыту;
2) қозғалыста бастапқы кеңістіктік бағдарлануын дамыту;
3) нұсқаушының сөздік нұсқауы немесе белгісі бойынша ерікті қозғалысты бастау мен аяқтауға үйрету;
4) қол білігін, қозғалыс дағдыларын, сенсорлы функцияларды дамыту;
5) өзіндік қозғалыс белсенділігін дамыту;
6) контрактуралардың алдын-алу және түзету;
7) физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылығын тәрбиелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
37. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) бастың асимметриялы қозғалысын, жамбас және тізелік буындардағы аяқтың бүгілуін, жамбасты көтеру, белді қозғалысқа келтіруін түзету;
2) басты көтеру мен ию дағдыларын қалыптастыру;
3) қолдарды алға, жан- жаққа, жоғарыға көтеру (нұсқаушы жаттығуларды орындауда шынтақ буындарын қолдай отырып көмектеседі);
4) тұру қалпынан , білекте бүгілген, қолдарын арқаға бағыттау;
5) арқада жатып жан- жаққа бұрылулар;
6) аяқтың ұшына саусақты тигізіп, алға еңкею;
7) аяқты кезекпен өкшеге, ұшына қойып, аяқты көтеру. Қолды белге қойып, алға, жан- жаққа жартылай отырып тұру (4-5 рет).
38. Құрлықтағы негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
39. Жүру:
1) жұрыс бас қалпымен дұрыс және үнемді қозғалыстарды қалыптастыру (басты түсірмеу және артқа шалқайту);
2) сапта біреуден; жүгірумен кезектестіріп;
3) басқа қозғалыстармен кезектестіріп жүру дағдысын қалыптастыру;
4) өкшеде;
5) қол және аяқ қимыл үйлесімділігін дамыту;
6) табанның ішкі бетінде, аяқ ұшында (диагнозға байланысты жеке мөлшерлеу);
7) ізді жол бойынша;
8) әр түрлі заттарды аттаумен, ойлы-қырлы тақтайшамен;
9) арқанды жолмен;
10) топпен тік бағытта; шеңбер бойынша, қозғалыс бағытын өзгертумен бір-бірден сапта; белгі бойынша тоқтаумен; жүгіруге өту және керісінше; аяқ пен қолдың қозғалыс координациясын дамыту;
11) табандардың байланыс-бұлшық ет аппаратын қатайту;
12) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.
40. Жүгіру:
1) үлкен және ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыстың жылдамдығы мен координациясын дамыту;
2) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру;
3) зейінді жаттықтыру;
4) көру және есту анализаторының функциясын, олардың кеуде мен аяқ- қол қозғалыстарымен координациясын жақсарту;
5) белгілі бір тапсырмаларды орындауда жүгіру дағдысын қалыптастыру: қарапайым жүгіру, шұлықпен; тізені жоғарыға көтеріп, тар және кең қадамдармен, қатарда біреуден, жұппен, әр түрлі бағытта жүгіру; баяулатқан және жылдамдатқан темппен, жетекшіні ауыстырып жүгіру. Баяу темпте 1-1,5 минут ішінде үздіксіз жүгіру, 30-40 метрге орташа жылдамдықпен жүріспен кезектестіріп жүгіру.
41. Секіру:
1) табанның байланыс- бұлшық ет аппаратын қатайту; оның бірігуін қалыптастыру;
2) ырғақ сезімін дамыту;
3) бұлшық ет және қозғалыс координациясының сай жұмыстарын қалыптастыру;
4) 1-2 метр арақашықтыққа алға жылжып, екі аяқта, екі аяқта секіруді жаттықтыру жүріспен кезектестіріп 5 секіру 2-3 реттен; оңға, солға сақтандырғышпен бұрылумен орында; баланың қолы жететін деңгейде, жоғарыға орнынан затқа тиюмен; ұзындыққа орнынан, 1-2 сызықтан кейін (сызықтардың арақашықтығы 30-40 см), 10-15 см биіктіктен; бір аяқта секіру.
42. Лақтыру, қағып алу:
1) көру моторлы координациясын, қолдың итеру функциясын дамыту;
2) лақтыру сапасын және күшін, бағытты сақтаумен затты дұрыс қармауды қалыптастыру;
3) қозғалыс нақтылығы мен ырғақтылығын, ептілікті дамыту;
4) ұсақ және ірі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын, реакция жылдамдығын дамыту;
5) табиғи қозғалыстардың оңтайлы дағдысын жаттықтыру;
6) допты, құрсау шеңберді бір-біріне заттар арасынан сырғанату; допты бір-біріне астынан лақтыру және оны қағып алу 1,5 м арақашықтықта, оны екі қолмен басынан кедергі арқылы 1 м арақашықтықтан лақтыру дағдысын қалыптастыру;
7) допты жоғарыға лақтыру және оны екі қолмен қағып алу. Ұзаққа заттарды лақтыру. Оң және сол қолмен көлденең нысанаға 1-1,5 м арақашықтықта; 1 м арақашықтықтан тігінен нысанаға нысана орталығының биіктігі 1,5 м лақтыру; кеңістікте бағдарлану білігін дамыту,оппен ойнауда түрлі тәсілдерге үйрету;
8) көзбен шамалауды, қырағылықты дамыту.
43. Еңбектеу, өрмелеу:
1) бастың дұрыс қалпымен, аяқ пен қолдың координацияланған қозғалысына үйрету;
2) үлкен және сұқ саусақтар қатысымен қармау функциясын қалыптастыру.
3) 6 метрге дейінгі арақашықтықта заттар арасында тікелей; көлденең тақтайда, орындықта;
4) түзету жоллағында, алақан мен табанға сүйене отырып, аяқ және қолмен; еңбектеу дағдысын қалыптастыру;
5) оң және сол бүйірмен алға 50 см биіктікке көтерілген, арқан астына еңбектеу. Құрсау шеңберге кіру. Жоғары-төмен кезектескен қадаммен гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Қолмен тартылып, ішпен гимнастикалық орындықты еңбектеу. Бөренеден, гимнастикалық орындықтан секіру. Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, оңға, солға аралықтан аралыққа өту.
44. Тепе-теңдік:
1) дененің тұрақты қалпын қалыптастыру;
2) ұсақ және ірі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын дамыту;
3) реакция жылдамдығын жаттықтыру;
4) тепе-теңдік сезімін, кеңістікте бағдарлана алуын дамыту;
5) сызықтар арасындаарақашықтық 20 см, сызық, арқан, тақтай, гимнастикалық орындық, бөрене бойынша жүру;
6) қол жоғарыда, аяқ ұшында тұрып, қол белде, бір аяқта тұрып (нұсқаушы сақтандыруымен), қолдар ерікті (жеке) екі жаққа айналуда тепе-теңдік сақтау;
7) кедір-бұдырлы тақтайда, жоғарыға және төменге еңіс тақтаймен ені 25-30 см, биіктігі 30- 35 см жүру;
8) еденнен 10- 15 см жоғарылатылған, баспалдақ тақтайшасынан; бір-бірінен түрлі қол қалпымен арақашықтықта қойылған, баспа шарлардан аттау.
45. Сапқа тұру, сапқа қайта тұру:
1) кеңістікте бағдарлау білігін қалыптастыру, тежелу реакцияларын жақсарту;
2) қатарға бір-бірден; бөлімдерге екіден, үштен қатарға тұру; бағыт бойынша түзелу дағдыларын қалыптастыру.
46. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) қозғалыстың дұрыс ырғағын жасауға үйрету;
2) берілген ырғақта, отырып немесе жатып, қолмен және аяқпен еркін қозғалыстарды;
3) әр түрлі темпте музыкалық сүйемелдеумен сәйкес таныс физикалық жаттығуларды орындау білігін қалыптастыру.
47. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау: дағдыларға үйрету: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату; шанамен төбешікке көтерілу, одан түсіп келе жатқанда тежелу; мұз жолдармен сырғанау;
2) велосипедпен, өздігінен сырғанайтын құралмен (самокатпен) жүру; табанның байланыс-бұлшық ет аппаратын қатайту; сирақ-табан буындары және табан буындары мен аяқ саусақтарының қозғалыс амплитудасын үлкейту; дұрыс дене мүсінін қалыптастыру; қозғалыс координациясын, тепе-теңдік сезімін дамыту; кеңістікте бағдарлана алу білігі; батылдыққа тәрбиелеу; екі дөңгелекті және үш дөңгелекті велосипедтерде, самокатта (ТҚАБ бар балаларға) жүруге; оңға, солға бұрылыс жасауға үйрету. Гемипарезде табан және білек фиксацияланады.
48. Судағы емдік дене тәрбиесі:
1) жүзуге дайындалу:баланы жауырынынан жеңіл сүйемелдеп арқамен сырғанауға үйрету;
2) гиперкинетикалық БЦСА бар балаларға суда жатып 2-3 минут бұлшық ет тонусын босаңсыту жаттығуларына үйрету;
3) суға кіру және ішінде болу, суда ойнау білігін қалыптастыру, су шашырауына үйрету;
4) суда отырып, аяқтарымен жоғарыға және төменге қозғалтуды;
5) орындау (ТҚАБ балалар үшін), ерікті тәсілмен жүзуге тырысу.
49. Спорттық ойындар элементтері:
1) кегель ойыны: дұрыс қалыпта тұрып, допты лақтыру. 1-1,5 м қашықтықтан кегельді қағып жіберу;
2) футбол: берілген бағытта допты айналдырып жіберу. Бір-біріне аяқпен допты беру білігі.
50. Өзіндік қозғалыстық белсенділік:
1) балалардың доппен ойынын ынталандыру, дене шынықтыру құралдарын, жабдықтарды, спорттық және қозғалмалы ойындарға арналған атрибуттарды қолдануға ниеттендіру;
2) балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға жұмылдыру, қозғалыс талап ететін ойындарға қатысу қызығушылығын ояту;
3) ауа райы жағдайын ескере отырып, балалардың ауадағы қозғалыс қызметіне жағдай жасау.
51. Күтілетін нәтижелер:
1) физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылық көрсетеді;
2) қимылды ойындардың ережесін орындайды;
3) әр түрлі тапсырмаларды орындаумен бір-бірден сапқа тұра алады;
4) екіден, үштен бөлімдерге қайта тұра алады;
5) спортық ойындар мен спорттық жаттығуларрдың алғашқы техникаға ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет