Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет187/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

1-параграф. I жартыжылдық

197. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:


1) суреттерде көрсетілген әрекеттерді өз әрекеттерімен салыстыру арқылы сәйкестікті орнату;
2) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (2-ден 6 бөлікке дейін): кесілген суреттерді, ағаштан пазл түрінде қиылған суреттерді, текшелерді жинау;
3) заттармен әрекеттерді орындау (итеру, қақпақтармен жабу, тізбектеу) кезінде заттардың өлшеміне және пішініне бағдарлау;
4) көлемді пішіндерді (куб, шар, кірпіш, призма, сопақша, цилиндр) көзбен ажырату, үлгі бойынша көлемді пішінді таңдау;
5) геометриялық пішіндерді ажырату: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақ;
6) бейнеленген заттың пішінін геометриялық фигурамен салыстыру және заттарды геометриялық формамен сәйкестендіру;
7) көлемдік және жазық пішіндерді сійкестендіру (шар – шеңбер, текше – шаршы, кірпіш-тіктөртбұрыш, сопақша – сопақ);
8) 3-5 затты көлемі бойынша салыстырып, олардың қатынасын сөздермен белгілеу: үлкен, кіші, орташа, одан үлкен, одан кіші, одан да кіші, ең кіші, ең үлкен;
9) ұзындықтағы, ені, биіктігі әртүрлі заттарды қабаттастырып қою және тақап кою арқылы салыстыру: ұзын-қысқа, тар-кең, биік-аласа, жуан-жіңішке;
10) заттың массасына назар аудару, алақанға алып өлшеу арқылы объектілердіңсалмақтарын салыстыру: ауыр-жеңіл;
11) ұлғайту, кішірейту тәртібімен 4-6 тармақтан тұратын сериялық қатарларды орнату (пирамида, матрешка, баспалдақ);
12) заттың басқа белгілерін елемей заттың түсін (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ, қызғылт сары, күлгін) ерекшелеу;
13) түсті білдіретін сөзге сәйкес заттарды алу; қоршаған кеңістікте берілген түстерді табу;
14) үш реңкті алу және оларды ауызша белгілеу: күңгірт, ашық, ең ашық;
15) екі белгіге бірдей назар аудара отырып, объектілерді топтау: пішіні-түсі, өлшемі-пішіні;
16) объектілер арасындағы кеңістіктік қатынастармен практикалық түрде танысу (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жақта, оң жақта);
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) таныс заттар мен табиғат құбылыстарын дыбыстық белгілеріне қарай ажырату;
2) көру анализаторына сүйенбей дыбыс көзін анықтау;
3) дыбысталуы ұқсас буындарды ажырату;
4) буын құрамы мен дыбыстық жағынан ұқсас сөздерді ажырату;
5) берілген сөзді естіген кезде әрекетпен жауап беру (қол шапалақтау);
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) мұғалімнің ауызша нұсқауы бойынша заттардың көлемі мен пішінін сипалау арқылы қабылдауды қалыптастыру;
2) пішіні, өлшемі бойынша әртүрлі заттарды сипалау арқылы ажырату (4 -тің ішінен таңдау);
3) бетінің құрылымы бойынша таныс заттарды сипалау арқылы тану (тікенді, тегіс, кедір-бұдыр);
4) әртүрлі сусымалы материалдармен және сұйықтықтармен (құм, дәндер, су, бояу, май, кілегей) таныстыру;
5) жазықтықта бағдарлау (қағаз парағында): парақтың жоғарғы және төменгі (сол және оң) жақтарын, парақтың ортасын анықтау және көрсету.
Дәм қабылдауды дамыту:
1) ұсынылған өнімдер қатарының ішінен ащы, қышқыл дәмі бар өнімдерді таңдау;
2) өнімдерді дәмі бойынша саралау (тәтті – ащы – қышқыл);
3) тағамды температураға қарай саралау (ыстық, суық, жылы);
иіс сезу қабілетінің дамуы:
1) жағымды және жағымсыз иістерді ажырату;
2) әртүрлі топтағы иістерді дифференциациялау: гигиеналық және хош иісті өнімдер, тамақ иістері;
Күтілетін нәтижелер:
негізгі түстерді аджыратады (6 түс);
көлемді фигураларды (шар, текше, кірпіш, призма, жұмыртқа тәрізді, цилиндр) ажыратады;
жазық геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақ) ажыратады;
объектілерді берілген сенсорлық атрибут (пішіні, өлшемі, түсі) бойынша топтастырады;
объектілерді өлшемдерінің кему және өсу реті бойынша жүйелейді;
5 сақинадан тұратын пирамида жасайды;
бір-біріне салынатын қуыршақтарды 3-5 бөліктен құрастырады;
4 бөліктен тұратын заттық суретті жинайды;
буын құрамы мен дыбыстық жағынан ұқсас сөздерді ажыратады;
дыбыстық белгілері бойынша таныс заттар мен құбылыстарды анықтайды;
буын құрамы жағынан ұқсас сөздерді, буындарды ажыратады;
сипалау арқылы заттардың көлемдік формалары мен өлшемдерін ажыратады;
сипалау арқылы қатты және жұмсақ заттарды ажыратады;
жазықтықта бағдарлайды (қағаз парағында);
заттарды бет сапасы бойынша (тегіс-кедір-бұдыр) ажыратады;
сусымалы материалдар мен сұйықтықтарды ажыратады;
тағамды температураға (ыстық, суық, жылы) қарай ажыратады;
тағамның «тәтті-ащы-қышқыл-тұзды» дәмін анықтайды;
иісі бойынша анықтайды: таныс тағамдарды, жемістерді, гигиена және хош иісті өнімдерін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет