Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Коммуникативтік дағдыларды дамыту



бет21/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, сауат ашу негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын жүзеге асырылады.


Мақсаты: тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру.
Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;
түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;
балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу;
балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;
әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.
Сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.
Сөздік қор
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.
Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.
Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту.
Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.
Байланыстырып сөйлеу
Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.
Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алады;
сөздегі дыбыстардың орнын анықтайды;
айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады;
сөздерге дыбыстық талдау жасай алады;
сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдерді, үстеулерді, көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолданады;
зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып айтады;
хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданады;
құрдастарымен өзбетінше қарым-қатынас жасай алады;
әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қояды және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап береді;
негізгі ойды дұрыс тұжырымдайды;
әңгімелерді бірізді айтып береді;
ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығарады;
бақылаулар мен сюжеттік суреттер бойынша әңгімелер құрастырады;
әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті ұстайды.
Көркем әдебиет
Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.
Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.
Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.
Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
шығармалардың мазмұнын эмоциямен қабылдайды;
себеп-салдарлық байланыстарды, әдеби жанрларды ажыратады;
өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды;
мазмұнның бірізділігін сақтай отырып, шығарма мазмұнын қайталап айтады;
кітаптарға қызығушылық танытады;
кейіпкердің ерекшеліктерін жеткізу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді;
көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналауға қатысады;
рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын береді;
қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі, дербес орындайды;
түрлі дереккөздерден алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөліседі;
айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіреді;
сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолданады.
Сауат ашу негіздері:
Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.
Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.
Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.
Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің және т.б. дайын суреттерінің сыртын контурдан шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өзбетінше жазуға мүмкіндік беру.
Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.
Күтілетін нәтижелер:
сөздің мағынасын түсінеді;
сөздерге дыбыстық талдау жасайды: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтайды;
сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды;
берілген буынға сөз құрастырады;
сөздегі буындардың санын анықтайды;
үш-төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
сөйлем сөздерден тұратынын біледі;
берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;
қаламды дұрыс ұстай алады;
жазу парағында бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажыратады;
дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты/дауыссыз);
геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің және т.б. дайын суреттерінің сыртын контурдан шықпай бастырады, бояйды;
түрлі сызықтарды салады;
қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет