Байланысты: үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)
6-параграф. 2-жартыжылдық 26. Сөйлеу тіліндамыту:
1) қаратпа сөйлеу тіліне зейін салып тыңдау икемін дамыту;
2) белгілі заттарды көрсету икеміне үйрету; осы сөздермен алғашқы сөйлемдерді құрастыру икемін қалыптастыру;
3) балаларды "бер", "ал", "бар" сөздерімен фразаларды құрастыру икеміне үйрету; балаларды ойыншықтармен әрекет жасау нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге талаптандыру;
4) достарының, қуыршақтардың есімдерін атау икеміне үйрету;
5) дене мүшелердің және киімдердің атауларын түсінуді қалыптастыру;
6) қоршаған әлеммен, таныс тұрмыстық немесе ойын жағдайымен байланысты әрекеттерді көрсету және орындау икемдеріне үйрету;
7) суретте бейнеленген қарапайым әрекеттерді түсіну икемін дамыту.
27. Күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу тілінде айналадағы заттардың атауларын және олармен жасайтын әрекеттерді түсінеді және ажыратады;
2) кейбір дене мүшелері мен киімдердің атауларын түсінеді;
3) ересектердің көмегімен қарапайым сөйлемдерді қолданады;
4) қарапайым сұрақтарға бір сөзбен, ым-ишаратпен немесе дыбыстар кешенімен жауап береді.
28. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну: мазмұны қолжетімді өлеңдерді, тақпақтарды, ертегілерді тыңдауға, қабылдауға үйрету; оқу кезінде ойыншықтарды, үстел үсті театры, саусақ қуыршақтарын, суреттерді (фланелеграфта)қоса көрсету; көркем шығарманың иллюстрацияларымен таныстыру, суреттерді қарауға үйрету;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: өлең-тақпақтардың интонациясын эмоциональді қабылдауға үйрету, сөйлеу тілінің мәнерлігін: көркем шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы интонацияны қабылдауға үйрету; өлеңдердің, тақпақтардың ырғағына және әуезділігіне әрекет ету білігін қалыптастыру; қимыл-қозғалыс пен фонация үйлесімділігінің негізіндеырғақ қатарын құру білігін қалыптастыру;
3) әңгімелеу және жаттау: оқу кезінде кішігірім ақындық шығармаларды ойын әрекеттерімен қостау; шығармаларды оқу кезінде еліктеу әрекетін орындауға үйрету, дыбыстық ым-ишараттарды қайталауға ынталандыру.
29. Күтілетін нәтижелер:
1) қысқа ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды;
2) көркем шығармалардың мазмұнындағы сұраулы интонацияны қабылдайды;
3) кішігірім ертегілерге, өлеңдерге, тақпақтарға эмоциональді әрекет етеді.