Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II жартыжылдық



бет190/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

2-параграф. II жартыжылдық

198. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:


1) суретте көрсетілген іс-әрекетті нақты іс-әрекетпен салыстыру қабілетін қалыптастыру;
2) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (6-8 бөліктен): кесілген суреттерді, пазл түріндегі қиылған суреттерді, текшелерді жинау;
3) көлемді пішіндерді (куб, шар, кірпіш, призма, жұмыртқа, цилиндр) көзбен ажырату, үлгі бойынша көлемді пішінді таңдау;
4) геометриялық фигураларды ажырату: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақ;
5) өлшемдері әртүрлі және жақтар арақатынастары әртүрлі геометриялық фигураларды ажырату;
6) бейнеленген заттың формасын геометриялық фигурамен салыстыру және заттарды геометриялық формасымен сәйкестендіру;
7) көлемдік және жазық пішіндерді корреляциялау (шар – шеңбер, текше – шаршы, кірпіш-тіктөртбұрыш, жұмыртқа тәрізді – сопақ);
8) екі немесе одан да көп бөліктерден көлемді форманы жасау (мысалы, шар – екі жарты шардан);
9) заттың бейнесін құрамдас бөліктерге бөлу және бөліктерден объектінің күрделі пішінін қайта құру;
10) геометриялық элементтердің комбинациясын пайдалана отырып, жоспар бойынша күрделі пішінді заттардың кескіндерін жасау;
11) өлшемдері (ені) бойынша дәйекті қатарды екі бағытта: өсу және кему бойынша салу;
12) объектілердің өлшемдерінің ұлғаюының (азаюының) біркелкілігіндегі бұзушылықтарды байқауға, жетіспейтін элементтерді қатарға қосуға үйрету;
13) ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы әртүрлі заттарды қатарластыру және қабаттастыру арқылы салыстыру: ұзын-қысқа, тар-кең, биік-аласа, жуан-жіңішке;
14) екі заттың массасын салыстыру, массаның көлемнен тәуелсіздігі туралы түсінік қалыптастыру;
15) ұлғайту, кішірейту тәртібімен 6-8 тармақтан тұратын сериялық қатарларды орнату (пирамида, матрешка, баспалдақ);
16) заттың басқа белгілерінен алшақтап заттың түсін (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ, қызғылт сары, күлгін) ерекшелеу;
17) түсті білдіретін сөзге сәйкес заттарды таңдау; қоршаған кеңістікте берілген түстерді табу;
18) бояуларды араластыру арқылы түрлі түсті реңктерді шығару және оларды ауызша белгілеу: күңгірт, ашық, одан да ашық, ең ашық, ең күңгірт;
19) спектрдің түстерін жылы және суық деп топтастыру;
20) үш белгіге бірдей назар аудара отырып, объектілерді топтастыру: пішін-түс-өлшем;
21) бірнеше белгілерге бірдей назар аудара отырып, үлгі бойынша объектілерді таңдау, олардың кеңістіктегі орналасуын көрсету;
22) объектілер арасындағы кеңістіктік қатынастармен практикалық түрде танысу (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жақта, оң жақта);
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) таныс заттар мен табиғат құбылыстарын дыбыстық белгілеріне қарай ажырату;
2) көру анализаторына сүйенбей дыбыс көзін анықтау;
3) берілген ырғақтарды (2-3) жаңғыртып, оларды өзара ажырату;
4) дыбысталуы ұқсас буындарды ажырату;
5) буын құрамы мен дыбыстық жағынан ұқсас сөздерді ажырату;
6) берілген сөзді естіген кезде әрекетпен жауап беру (қол шапалақтау);
7) ұсынылған сөз тіркесінің ішінен берілген сөзді табу;
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) объектілерді зерттеу амалдарын үйрету: көру-тактильді (сипалау) және көру-қозғалыс (контур бойымен сызу);
2) көзбен қабылданатын үлгі бойынша әртүрлі заттарды сипалау арқылы таңдау;
3) заттарды бет сапасы бойынша (тікенді, тегіс, кедір-бұдыр) ажырату;
4) әртүрлі сусымалы материалдар мен сұйықтықтарды (құм, дән, су, бояу, май, кілегей) ажырату;
5) жазықтықта бағдарлау (қағаз парағында): парақтың жоғарғы және төменгі (сол және оң) жақтарын, парақтың ортасын анықтау және көрсету.
дәм қабылдауды дамыту:
1) ұсынылған өнімдердің ішінен ащы, қышқыл, тәтті, тұзды дәмі барларын таңдай білуге үйрету;
2) ұсынылған бірқатар өнімдердің ішінен тәтті, ащы, қышқыл, тұзды дәмі бардарын таңдау;
3) өнімдерді екі дәм белгісі бойынша сұрыптау үшін шартты сигналды қолдану («Тәтті дәмі бар барлық өнімдерге қызыл шеңберлерді салындар»);
4) тағамды температурасына қарай ажырату (ыстық, суық, жылы).
иіс сезу қабілетінің дамуы:
1) жағымды және жағымсыз иістерді ажырату;
2) әртүрлі топтағы иістерді дифференциациялау: гигиеналық және хош иісті өнімдер, тамақ иістері;
3) иістерге деген көзқарасын білдіру, ұнату - ұнатпау;
4) иісі бойынша сәйкестендіру: таныс тамақ өнімдері, жемістер, гигиеналық және хош иісті өнімдер.
Күтілетін нәтижелер:
негізгі түстер мен олардың реңктерін корреляциялауды біледі;
көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, жұмыртқа тәрізді) ажырата алады;
жазық геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақ) ажыратады;
берілген сенсорлық атрибут (пішіні, өлшемі, түсі) бойынша заттарды топтастыруды орындайды;
объектілерді өлшемдерінің кему және өсу реті бойынша жүйелеуді біледі;
6-8 сақинадан тұратын пирамида жасайды;
бір-біріне салынатын қуыршақтарды 6 бөлігін жинайды;
6 бөліктен тұратын затттық суретті құрастырады;
суреттің контурына сүйене отырып, тұтасты толықтыра алады;
көлемді пішіндерді және заттардың көлемін сипалау арқылы ажырата алады;
берілген ырғақтарды қайталай алады (2-3);
дыбысталуы ұқсас буындарды, сөздерді ажыратады;
көзбен қабылданатын үлгі бойынша әртүрлі заттарды сипалау арқылы ажыратады;
жазықта (қағазда) бағдарлауды біледі;
заттарды материалы бойынша, бетінің сапасы бойынша ажыратады;
сусымалы материалдар мен сұйықтықтарды ажыратады;
тағамды температураға (ыстық, суық, жылы) қарай ажыратады;
белгілі бір дәм атрибуты бойынша өнімдерді топтастыруды біледі;
«тәтті-ащы-қышқыл-тұзды» тағамның дәмін анықтауды біледі;
иісі бойынша анықтай алады: таныс тамақ өнімдерін, жемістерді, гигиеналық және хош иісті өнімдерді;
иістерге деген өз көзқарасын білдіруді біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет