Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Түсіндірме жазба 1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты тірек-қимыл аппараты бұзылысының (бұдан әрі - ТҚАБ) дәрежесі мен балалар церебральды сал ауруының (бұдан әрі - БЦСА) көріністерін есепке ала отырып, балаларда арнайы түзету-компенсаторлы және қоғамдық-бейімді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; жасына сай қозғалыс дағдыларына үйрету; тірек қимыл аппараты бұзылысының алдын алуды қамтамасыз ету; шынайы өмір жағдайларына сәтті тұрмыстық, ойын және қоғамдық бейімделуіне, олардың қоғамға интеграциясына түзетуші физикалық жаттығулар және арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен алғышарттар жасау.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдың дұрыс бақылауын қамтамасыз ететін бойын түзеу және тепе-теңдік реакцияларын дамыту;
2) қол функциясын және заттық-манипулятивтті қызметін дамыту;
3) көру- моторлы координациясын дамыту;
4) дұрыс емес қалып пен күйді тежеу және жою;
5) екіншілік ақаулы қозғалыс стереотипінің қалыптасуының алдын алу;
6) омыртқа қисаюын тұрақтандыру; сколиоз корсетінің доғасын кішірейту;
7) бұлшық еттердің күш шыдамдылығын жоғарылату; табан мен сан бұлшық еттерін қатайту;
8) табан бірігулерін қалыптастыру;
9) дұрыс және уақытында сүйектенуіне, омыртқа бедерлерінің қалыптасуына әсер ету;
10) тыныс алу бұлшық еттерін қатайту;
11) негізгі гимнастиканың жаттығуларын жасау дағдыларын; негізгі қимылдарды қалыптастыру;
12) сапалы дағдыларды тәрбиелеу: ептілік, жылдамдық, икемділік, күш, шыдамдылық, тепе-теңдік;
13) жеке және қоғамдық гигиенаның алғашқы дағдыларын тәрбиелеу;
14) қозғалыс бағыттары жайлы білімін қалыптастыру;
15) рухани, ерік, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу.
4. Бағдарлама коммуникативті дағдыларын қалыптасуына, балалардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін білдіруге, білім алуға деген қызығушылығы мен құштарлығын дамытуға, балаларға қимыл дағдаларды меңгеруге, енжар-қайталмалыдан белсенді-өзіндік қозғалысқа ауысуын іске асыруға мүмкіндік береді.
5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша мақсаттар жүйесінде көрсетілген.
6. Бағдарлама мазмұны 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың психикалық және физикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:
1) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар;
2) ортаңғы топ - 4-5 жастағы балалар;
3) мектепке дейінгі ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар;
4) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7(8) жастағы балалар.