Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы күн сайын ойын түрінде балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады.
Мақсаты: қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы қабылдауды жетілдіру үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу;
заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру;
сезімдік тәжірибесін, сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;
көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял, зейінді дамыту;
түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;
қоршаған орта туралы білімді кеңейту және байыту;
интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену).
Сенсорикалық қабілеттерін: затпен әрекет арқылы түйсігін (сезім мүшелері), түсті, пішінді және көлемді қабылдауды, ойлауды, зейінді дамыту.
Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін)
Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.
Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу-жабу, өткізу-шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.
Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін) Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.
Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.
Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.
Күрделі заттармен әрекеттерді орындау – сақиналары бар таяқшамен, торлы дорбамен, күрекшемен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу, қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе білу.
Біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін заттармен әрекет жасау, дидактикалық ойындар барысында және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз бен қолды» үйлестіру.
Естуді дамыту үшін әртүрлі дыбыс шығаратын заттардың (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) дыбысын тыңдау, қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату.
Дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өзбетінше ойнауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер: заттармен әртүрлі әрекеттер орындайды;
түсі, өлшемі бойынша заттарды ажыратады;
заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастырады;
заттық әрекеттерді орындауға болатын қарапайым заттар мен құралдарды қолданады;
біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;
ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинайды;
тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдайды;
күрделі заттармен әрекеттерді орындайды;
негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратады.
дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өзбетінше ойнайды;