Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет73/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

3-параграф. 2-жартыжылдық
67. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүру; қол белде, аяқтың ұшымен жүру; арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру; бір-бірден, шағын топпен және барлығы түзу бағытта жұптасып, қол ұстасып жүру;
2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіру; жан-жаққа шашырап жүгіруге, түзу бағытта бір-бірден, топтасып жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету;
3) секіру: педагогтың, бірінің қолынан біріұстап секіру; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіру; тіректен ұстанып, тұрған орнында секіру дағдыларын қалыптастыру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды (көлемі және фактурасы әртүрлі) екі және бір қолымен шеңберге лақтыру; допты 1,5-2 м қашықтықтағы қақпаға домалату; допты тәрбиешіге 50 см қашықтықтан лақтыру; көлемі кіші матадан тігілген доптарды 50 см қашықтықтан себетке лақтыру;
5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; еденде жатқан тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен еңбектеу; бөрене арқылы өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу және түсу; көрсету бойынша үлкен шеңберден (түзу) еңбектеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау:шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүру және оның бойымен төмен түсу (ересектің сақтандыруымен және көмегімен); гимнастикалық орындық бойымен жүру және тақтай ұшынан секіру; аяғын дұрыс қоя отырып, бір орнында тұрып айналу;
7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; еденге түзу етіп салынған арқан бойымен тұру, арқанды қолымен ұстап тұру; арқанның немесе жіптің бойымен бірінің артынан бірі сапқа тұру;
8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға иілу, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру және жанына созу; кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру;
9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар.
68. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
3) тура бағытта жүреді, жүгіреді;
4) шеңбер бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
5) сигнал бойынша тоқтайды, жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
6) шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді;
7) допты бір және екі қолымен лақтырады;
8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді;
10) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді;
11) тақтай бойымен еңбектейді;
12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
13) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі;
14) бір орнында тұрып айналады.
69. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру:қасық және тостағанды қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алуды қалыптастыру;балаларды төгіп алмай тостағаннан дұрыс ішуге үйрету;
2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:ересектің бақылауында шүмекті ашуға және жабуға;ересек адамның көмегімен және көрсету бойынша жуынар алдында жеңінтүру керектігін;сурет бойынша өз орамалын таба білуді балаларға үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);санитария және гигиена заттарын (сабын салғыш, тіс щеткасы, тіс пастасы)тани алуын және ажыратуын қалыптастыру;тіс пастасын тіс щеткасына жаға отырып, тіс тазалау, ауыз шаю дағдыларына үйрету (бірлескен әрекет); жуынып болған соң қол және бетті сүрту үшін жайылған орамалмен сүртіну керектігін үйрету;автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіру;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай білуін қалыптастыру (еліктеу бойынша);ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана білуге үйрету;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:тамақтан кейін майлықты қолдана білуге,тамақтанып болған соң алғыс білдіруге үйрету;ересектің бақылауымен және көмегімен орындыққа киімді дұрыстап бүктеуді қалыптастыру;дәретханамен дер кезінде қолдану керектігін бекіту (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша);
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету(ересектің көмегі арқылы, көрсету немес ауызша нұсқаулық бойынша);ересектің көмегімен өз киімін сәйкестендіре білуін қалыптастыру; жабысқақ түймелегіштерді (ересектің жартылай көмегімен) шеше алуды қалыптастыру; жабысқақтар көмегімен түймелейтін, ағытатын, біріктіретіндағдыларды қалыптастыру үшін түрлі ойын модульдері бар жаттығулар.
70. Күтілетін нәтижелер:
1) қасық және тостағанмен қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алады;
2) тостағаннан төгіп алмай ішеді;
3) ересектің бірлескен әрекеттерімен ауыз шаю және тіс тазалау процесіне қатысады;
4) автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіре алады;
5) ересектің көмегі арқылы өз киімін сәйкестендіре біледі;
6) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау дағдысына ие болады (еліктеу бойынша);
7) ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана біледі;
8) жабысқақ түймелегіштерді ересектің жартылай көмегімен шеше алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет