Бағдарламасы туралы Астана, 2003 жыл Бағдарламаның паспорты Кіріспе


 Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата07.01.2022
өлшемі204,02 Kb.
#19476
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 

  

Бағдарлама  2004-2006  жылдар  аралығындағы  кезеңге  iске  асырылады  және 

мәдени мұраны сақтау мен ӛркендетудiң негiзгi бағыттары:  

 

оларды  зерделеудiң  тұтастай  жүйесiн  қалыптастыру,  ежелгi  және  орта 



ғасырдағы  кенттерге,  қоныстарға,  қорғандарға  археологиялық  зерттеулер 


жүргiзу,  олардың  базасында  қорық-мұражайлар  құру,  оларды  туризм 

инфрақұрылымының жүйесiне енгiзу;  

 

Қазақстанның  қайталанбас  тарихи-мәдени  және  сәулет  ескерткiштерiн 



қалпына келтiру, тұмшалау мен пайдалану;  

 

ғылыми  білім-білікті  кеңiнен  насихаттау,  тарих  ғылымының  теориялық 



проблемаларын  әзiрлеу,  ғылыми,  кӛркем  және  энциклопедиялық  әдебиеттi 

шығару;  

 

Қазақстан  Республикасының  тарихы  мен  мәдениетi  ескерткіштерінің 



томдарын  жинағын  баспаға  дайындау  жӛнiнде  жүйелі  жұмысты  жүзеге 

асыру;  


 

облыстық  мемлекеттiк  инспекциялардың,  қалпына  келтiру  ұйымдарының 

қызметiне  бiрыңғай  басшылықты  қамтамасыз  ету,  тарих  пен  мәдениет 

ескерткiштерiн  қорғау  саласында  бекітілген  бағдарламалар  мен  жобаларды 

iске  асыру  мiндетiне  кiретiн  тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  мен  белсендi 

пайдалану жӛнiнде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселенi 

шешу;  

 

мемлекеттiң мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектiсi ретiнде 



Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиiмділігін арттыру;  

 

мемлекеттік тiлде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгiлерiн, әлемдiк 



ғылыми  ой-сананың  жетiстiктерiн  дайындау  және  басып  шығаруды  жүзеге 

асыру арқылы кӛзделедi.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет