1
ТУРИСТІК –РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ»
БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ақашева Ә.С г.ғ.к., доц.,
Дүйсебаева К.Ж. г.ғ.к., доц.,
4 курс студенті Алимбекова Г.Т.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы. Қазақстан.
Ұлы Жібек Жолы – ежелгі керуен жолдарының жүйесі , ол Қытайдан басталып ,
Европа елдерінде аяқталады.
Ӛзімізге белгілі бұл жолдың кӛп бӛлігі Орта Азия мен Қазақстан арқылы ӛтеді. Ұлы
Жібек Жолы – Азиядағы сауда , керуен жолдарының жалпы атауы. б.з.д. II – ғасырдан біздің
заманымыздағы XYI – ғасырға дейін Орта азия арқылы Қытайды алдыңғы Азиямен
байланыстырды.
Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде б.з.б. II–ғасырда ашылды. Жібек Жолы
тек сауда жолы болған жоқ, мұнда екі түрлі ӛркениет – Шығыс пен Батыс, ӛз мәдениетімен,
дінімен, ғылыми – техникалық жетістіктерімен кездесті. Әрине, тарихта кӛп нәрселер
сақталмады, оған себеп, сол кездегі әр түрлі жаугершілік соғыстар болды. Соғыстың
зардабынан кӛптеген қалалар қирап, жойылып кетті.
Ұлы Жібек Жолы – жалпы адамзат тарихындағы аса бір маңызды жетістіктердің бірі.
Ол Европа және Азия мен Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейін кесіп ӛтіп, сол заманғы
Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы маңызды сауда қатынасы болған. Ұлы Жібек
Жолы арқылы сауда дипломатиялық байланыс I – II – ғасырлар аралығында мейлінше
дамыды.
YII –X – ғасырларда жолдың халықаралық маңызы арта түсті. X – XII – ғасырдан
бастап Ұлы Жібек Жолы Іле аңғарын оңтүстік – батыстан, солтүстік шығысқа қарай кесіп
ӛтетін. Осы Х – ғасырдан бастап , Іле аңғары бойындағы сауда жолы жандана бастайды. Бұл
жерге Қордай асулары арқылы келеді.
Ұлы Жібек Жолы қазіргі Қастек, Қаскелең және Алматының орнындағы кіші
қалашықтарды басып ӛтіп, Талғардың солтүстік жағындағы Талһиз транзитті сауданың
үлкен орталығы болады. Талһирдан жол екіге айрылатын. Біріншісі – Оңтүстік Іле , қазіргі
Есік, Түрген, Шелек арқылы ӛтетін , сосын Іленің оң жағасымен Хоргос арқылы Алмалыққа
жететін. Екіншісі – солтүстік жол Талһиздан басталып, Ілеге, Қапшағайға жақын жердегі
ӛткелге және одан кейін Кӛксу, Қаратал мен Лепсі аңғарына баратын. Міне, Ұлы Жібек
Жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы ӛтетін бағыттары осы.
Алғашында Жібек Жолы Қытайдың жібегін Европа елдеріне экспорттауға пайдаланса,
кейіннен Византиядан, Димнен, Үнді елінен, Ираннан , Араб халифаттарынан, ол бұдан сәл
кейінірек Европа мен қазіргі Ресейден, осы елдерде ӛндірілген тауарлар тасылған. Бұл
тауарлар қатары ӛте кӛп болды, бірақ сонда да болса сауданың негізі жібек болды. Сондай–
ақ , жібек алтынмен қатар валюта ретінде жүрді. Жібек Жолы қазақ сахарасының мәдени
дамуының айнасы деуге болады. Енді, Жібек Жолының Алматы туризміндегі роліне келсек,
оның маңызы ӛте зор /1/ .
XYI – ғасыр мен ХХ – ғасыр орталығында Ұлы Жібек Жолы елеусіз қалды. 1997 жылы
« щнеско» шешімімен Ұлы Жібек Жолы халық аралық дәрежеде зерттеле бастады. Оған
Орта Азия мен Қазақстан республикасының да ӛзіндік үлесі болуы да тиісті. Алматы
қаласының Жібек жолы бойындағы ӛткен тарихы бізге белгісіз, ол ӛз алдында зерттелетін
бір бағыт бағдар. Ертедегі саяхатшылардың қол жазба күнделіктерінен Алматы қаласының
орнындағы елді мекендер туралы мәліметтер кездеседі. Алматау туралы деректемелер де
бар, елді мекендердің Отырар, Тараз, Сауран т.б. қалалар сияқты тарихы болған. Егерде
Отырар қаласы ӛзінің экономикалық – географиялық орналасуына орай бірнеше рет қирап,
қайта қалпына келіп, оңтүстігіндегі, солтүстігіндегі елдердің жаулап алып ӛз иелігіне
2
бағындыруға талпыныстары Жібек Жолы бойындағы қалалардың ішіндегі ӛзіндік
ерекшелігімен байланысты.
Алматы қаласының территориясы арқылы керуен жолының ӛткендігіне ӛткен тарих
куә. Археологиялық қазбалар, дәлірек айтқанда, Талғар қаласындағы, Есік қаласындағы,
Қарқара бойындағы (Кеген) қорғандар мен кӛне тарихи ескерткіштер. Қазіргі жағдайда,
Алматы туризмін Жібек Жолымен байланыстырудың бірнеше жолдарын қарастыруға
болады. Ол үшін Алматы маңындағы елді мекендердің географиялық орнын, әсіресе, Талғар,
Есік қалаларындағы туристік объектілердің мүмкіншіліктерін пайдалану.
Біздің ойымызша «Ұлы Жібек Жолы» бағдарламасы Алматы туризмді дамытудың
тӛменгідей мақсаттарын кӛздеуі қажет:
1. Қазақстан территориясындағы Жібек Жолы аймағын қамтитын карта, схемалардың
және этнографиялық, ұлттық мұражайдың керектігі. Бұл мұражайда Жібек Жолының дау
тарихын кӛрсететін үлкен карталар жүйесін жасауға болар еді , сондай – ақ, Жібек Жолы
бойындағы ежелгі қалалар кӛрінісін кӛрсетті, қазіргі уақытқа дейінгі сақталған материалдар
жинағын ұйымдастыру, алғашқы саяхатшылардың деректемелер жинағы, осы кездегі Жібек
Жолында тасылған тауарлар түрлерін келтіру және т.б. жұмыстар жүргізуге болар еді.
Мұндай ұйымдастырылған мұражай қай жерде болсын туристік экскурсиялық жұмыстарда
ӛз пайдасын жақсы кӛрсетер еді. Дегенмен, мұндай мұражайды біздің Алматы қаламызда
ұйымдастыруға әбден болар еді.
2. Қазақстанның ӛткен тарихын кӛрсететін этнографиялық туристік рекреациялық
орталықтардың ашылуы.
Мұндай орталықтардың ашылуының маңызы зор, себебі осындай орталықтар арқылы,
олардың жарнамалық – хабарламалық жұмыстары арқылы кӛптеген істер істеуге болады.
Сондай – ақ, туристерді осы орталықтарда еліміздің немесе қаламыздың тарихымен, даму
жағдайымен таныстыруға болады. Әрине, мұндай жұмыстар үшін мамандар ӛте қажет.
3. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың Жібек жолымен байланысы барларына
жеңілдіктер ұйымдастыру /2/ .
Атап айтқанда, Алматы қаласын Ӛзбекстанның Самарқанд қаласына ұқсас «Визасыз» (
рұқсаттамасыз) қабылдау аймағына айналдыру қажет. Нәтижесінде, шетел туристерін
Алматы қаласына қабылдап, сосын Жібек жолы бойымен Қытай бағытында және Орталық
Азия, Тараз, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара бағытында жіберу.
Қазіргі кезде шетелдіктерді кӛптеп қызықтыратыны, Жібек жолының Орта Азия мен
Қазақстан территориясындағы аймағы және Құлжа, Қашғар арқылы тау асуларын басып
ӛтіп, Пакистан, Үндістанға шығу.
Алматы қаласындағы Ұлттық – этнографиялық орталыққа қолайлы рекреациялық
аймақты айқындап алу жолдарын қарастыру онша қиыншылыққа соқтырмайды.
Іс жүзінде асыру үшін, Европа елдерінің мүмкіншіліктеріне назар аудара отырып,
мысалға, Дания, Норвегия, т.б. елдердің этнографиялық ұлттық орталықтары үлгісінде
қазақтардың ұлттық – этнографиялық орталықтың ірге тасын қалау.Республика бойынша
қызықты материалдарды, олардың кӛшірмесін сол орталыққа шоғырландыру.
Қазақстан территориясындағы кӛне тарихи ескерткіштерді, Ұлттық салт – сана дәстүрді
, бұрынғы ата – бабаларымыздың ӛмір салтын 4-5-8 күн ішінде туристерге кӛрсетіп
таныстыру мүмкіншілігінің аздығы неде? Мұның бірнеше себептері бар :
1.
Ішкі туризмнің толық дәрежеде дамымауы , оның ӛзі бірнеше себептерге
байланысты. Олар : бірінші , бүгінгі ішкі туризмнің Алматы қаласы бойынша және жалпы
республика бойынша алсақ , оның даму жағдайының тӛмендігі, алдымен әлеуметтік –
экономикалық мәселеге байланысты. Мұнда, халықтың әлеуметтік – экономикалық хал –
ауқаты мен қаржының тапшылығымен түсіндіріледі.
Осыған байланысты ішкі туризмді ұйымдастыруда қаржы кӛзін табу қажет, ол үшін
инвесторларды тарту керек.
Екіншіден, ішкі туризмнің толық дәрежеде дамуына ескі туристік инфроқұрылымдар
жүйесі кедергі жасайды.
3
Ал, оларды жаңарту үшін тағы да қаржы қажет. Шетел туристерін инфроқұрылым
дұрыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде болуы керек. Сонымен қатар, қызмет кӛрсету
жұмыстары да жақсы жолға қойылуы қажет. Әрине, соңғы 2-3 жыл ішінде Алматы
қаласында бірнеше қонақ үйлер салынып, жұмыс істеуде. Бірақ ол қонақ үйлерді шетел
туристерін кӛп мӛлшерде қабылдауда пайдалану тиімсіз, ӛйткені олардың экономикалық
тұрғыдан алғанда, бағалары ӛте жоғары, сондай – ақ қызмет кӛрсету деңгейі де аса қымбат.
Сондықтан, мұндай жағдайда орташа дәрежелі қонақ үйлерінің санын кӛбейткен жӛн, бірақ
қызмет кӛрсету деңгейі жоғары болуы тиіс.
2-жағдай. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың туристерді тек сыртқа жіберу
жұмыстарымен айналысуы.
Әрине , бұл да ішкі туризмнің нашар дамығанын кӛрсетеді.
Туристік фирмалардың мұндай бағытта жұмыс істеуі кері экономикалық әсер береді.
Себебі, сол жіберіліп жатқан туристер арқылы ӛз еліміздегі валютаның кӛптеп сыртқа кетуі.
Сондықтан, осы жағдайға байланысты шаралар қолдана отырып, туристік фирмаларды, ішкі
туризмді дамытуға барынша жұмыс істеу керек.
Келесі шешуін күтетін мәселенің бірі осы жұмыстардың басын ұйымдастыратын маман
кадрлар дайындау. Осы салада, Қазақстан тарихы, этнографиясы, археологиялық, Жібек
Жолы жӛнінде арнайы курстардың оқытылуы септігін тигізер еді. Себебі, кӛптеген
мамандардың барлығы бұл айтылған Жібек жолы жайлы болсын, этнографиясы туралы
болсын, толық біле бермейді. Осыған байланысты болашақ мамандарды дайындау
барысында, осы бағыттағы білім деңгейін кӛтеруге аса кӛңіл бӛлген жӛн болар еді /4/.
Мәселен, Жібек жолының бір бӛлігінде суденттерге комплексті практика ӛткізіп,
олардың алған білім қорларын толықтыра отырып, болашақ мамандығына кеңінен жол ашу
қажет.
Қорыта келгенде, бірінші жағдайға байланысты айтылатын мәселелер, ұсыныстар
осындай. Келесі қарастыратынымыз, Алматы қаласында Ұлттық – этнографиялық орталық
құру. Мұндай орталық құрудың маңызы зор. Ӛйткені, ӛзіміздің тарихымызды, ұлттық салт –
дәстүрімізді, мәдениетімізді осындай үлкен орталықта кӛрсете алсақ, бұл нәтижелі іс болар
еді.
Ұлттық – этнографиялық орталықтың негізгі мақсаттары мынандай болуы керек :
1.
Туристерді Алматы қаласына тарту жолдарын қарастыру.
2.
Ұлттық әдет – ғұрыпты дәріптеу.
3.
Жібек жолының Қазақстандағы үлесін кӛрсету.
4.
Қазақстан туризмін жарнамалау және жариялау.
Міне, осы мақсаттар орындалса, Алматы қаласында және жалпы республика бойынша
туризмнің дамуы алға басар еді.
Тек қана жарнамалау барысында сувенир, фото суреттер, ұлттық зергерлік бұйымдар, «
Алтын Адамның» т.б. археологиялық табылған материалдардың кӛшірмелерін кӛптеп
шығарып, пайда табу жолдарын қарастыру – Алматы туризмінің негізгі мақсаты болуы
керек.
Менің ұсынысым бойынша, мұндай ұлттық – этнографиялық орталықты Алматы
қаласында немесе қала маңында құруға болады. Мәселен, қаланың ішінде парк болсын
немесе басқа болсын, табиғаты кӛрнекті бір жерді алып, сол жердің территориясында келген
туристерге ұлттық салт – дәстүрімізді кӛрсететін бірнеше киіз үй құрып, әр біреуін әртүрлі
жабдықтау қажет.
Мысалы , біреуінде үй мәдениетін кӛрсетсек, келесі біреуінде ұлттық әдет – ғұрыптың
басқа түрін кӛрсете аламыз және тағы сол сияқты. Сонымен қатар, мұнда Қазақстан бойынша
бір – бірінен алшақ орналасқан маңызды ескерткіштердің кӛшірмелерін, ұлттық
бұйымдарды, киімдерді, кішігірім мұражайды орналастыруға болады. Сондай – ақ 40-50
адамдық қонақ үй орнату дұрыс болар еді. Және де бұл қонақ үйдің бағасын басқаларға
қарағанда тӛмендеу жасау керек. Бірақ та қызмет кӛрсету деңгейі жоғары дәрежеде болуы
тиіс. Бұл қонақ үйде Алматыға келген туристерді 3-4 күнге орналастырып, оларды қаламен
4
және басқа да мәдени орындармен толық таныстыруға болады. Сондай–ақ, мұнда салт –
дәстүрімізбен байланысты ат туризмін ұйымдастырып, келетін туристерге қала тӛңірегінде
атпенен жүріп ӛтетін бірнеше маршрут түрлерін дайындап, сосын туристердің қалауы
бойынша бір маршрутты таңдап алып, сол арқылы экскурсиялық – сауықтыру жұмыстарын
ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге, бұл ұлттық – этнографиялық орталықта туризмнің
басқа да түрлерін ұйымдастыруға болады. Мысалы, тау туризмін, спорттық– сауықтыру
туризмі және т.б /5/ .
Бұл туризм түрлері негізінен қала халқы арасында жақсы тараған. Әсіресе, тау туризмі,
қысқы уақытта шаңғы туризмі және т.б. Орталыққа тек шетел туристерін ғана емес, сондай –
ақ ӛзіміздің туристерді де тартуымыз қажет. Ол бір жағынан ішкі туризмнің дамуына оң
ықпалын тигізер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Байпақов К. Ұлы жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан. – Алматы, 1992. - 208
б.
2.
Ердавлетов С.Р. География туризма. – Алматы, 2000
3.
Коблова А. А. Рекреационно-туристский комплекс как объект регионального
управления // Сборник научных трудов СевКавГТУ. Серия «Экономика», 2005, №2.
4.
Интернет желісі www.google.kz
5.
Интернет желісі www.stat.kz
Достарыңызбен бөлісу: |