Бағдарламасына 2-қосымша «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»



бет14/52
Дата08.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#99861
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
үлгілік оқу жоспары

  1. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша қайта даярлау циклдерінің үлгілік оқу жоспары




Пән коды

Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)
**

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1




МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9

Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9

Сынақ

МНП03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

27

Сынақ

МНП04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)

9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15




МБП

Міндетті компонент

432




МБП 01

Жалпы психопатология, синдромология және психикалық бұзылыстарды жүйелеу мәселелері

54

Сынақ

МБП 02

Стационардағы психиатрия

108

Сынақ

МБП 03

Амбулаториялық-емханалық психиатрия

108

Сынақ

МБП 04

Наркология

54

Сынақ

МБП 05

Дәлелді медицина мәселелері

18

Сынақ

МБП 06

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

18

Сынақ

МБП 07

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)

9

Сынақ

МБП 08

Медициналық психология

63

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компоненті

378/7

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБП-ден)

Емтихан




Жиыны

864/16





  1. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклдерінің үлгілік оқу жоспары




Пән коды



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмр салтын қалыптастыру, апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)










9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/3⅓




МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Психиатрияның өзекті мәселелері.










63

Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтк дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54 /1



108/2



162/3



108/2



Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2 (ТБП-ден)

2 (ТБП-ден)

2 (ТБП-ден)

6 (ТБП-ден)

Емтихан




Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4




3. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)



Бақылау нысаны

Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасының заманауи тәсілдері

90 *






Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтк дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
4. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің үлгілік оқу жоспары (екінші санат үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)



Бақылау нысаны

Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасының алгоритмдері

90 *




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * - оның ішінде қорытынды бпқылау сағаттары
5. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың оқу бағдарламасының мазмұны



Пән коды



Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Жалпы психопатология, синдромология және психикалық бұзылыстарды жүйелеу мәселелері




Жалпы психопатология клиникалық психиатрияның жеке ғылымы мен базисі ретінде. Клиникалық психиатрияға оның негізгі даму тарихы кезеңдерін енгізу. Психикалық бұзылулар ағымының және оның әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерінің жалпы заңдылығы. Х.Джексон тұжырымдамасы. Психопатологиялық тіркелімдер (Э.Крепелин, А.Эй, А.В.Снежневский). Психикалық бұзылулар семиотикасы мен синдромологиясы және олардың әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктері. Жай және күрделі, оң және кемшілікті синдромдар. Прогредиенттілік, эквифиналдық, патоморфоза ұғымы, үрдіс және ахуал, патологиялық негіздер, ұстама, ұстама кезеңдері, экзацербация. Клиникалық-психопатологиялық әдіс. Психикалық бұзылуының объективті және субъективті белгілері. Психикалық бұзылулардың этиология, патогенез және синдромокинез мәселелері. Преморбид. Психикалық бұзылулардың клиникалық-әлеуметтік болжамды ( патогенетикалық, патоплатистикалық) факторлары. Психикалық бұзылулар жүйесінің негізгі эволоюциялық кезеңдері. Психикалық бұзылулардың қолданыстағы жіктемесі.

МБП 02

Стационардағы психиатрия




ҚР стационарлық көмекті ұйымдастыру құрылымы. Есеп беру-есепке алу құжаттамасы. Стационарлық науқасқа медициналық картаны толтыру тәртібі мен құрылымы. Стационарлық психиатриялық көмектің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары. Психиатриялық куәландыру тәртібі, кәмелетке толмағанды стационарға жатқызуға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Келісімсәз ауруханаға жатқызу. Дәрігер мен Медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері. Пациенттің құқығы мен міндеті. Пациенттерге физикалық қысым шараларын қолдану құқықтарын реттеу. Психиатриялық диагноз әдіснамасы. Жалпы психофармокология (жіктеме, фармакокинетика, фармакодинамика, психотроптық препараттардың өзара әрекеті). Тұрақталу және қолдау терапиясы. Ремиссия ұғымы. Медикаментозды емес терапия мәселелері. Диагностика және емдеу хаттамалары. Эндогенді психикалық бұзылулар, экзогенді-органикалық психикалық бұзылулар, психогенді (невротикалық) бұзылулар, әртүрлі аурулар кезіндегі деменция, симптоматикалық психоздар, ақыл-ой кемістігі, тұлғалық бұзылулар, тағам мінез-құлық бұзылулары, психосексуалдық бұзылулар, психикалық даму бұзылулары мен мінез-құлық бұзылулары, патогенездің жас шамсы ерекшеліктері, клиника жас шамасы ерекшеліктері, диагностиканың алгоритмі мен нысанасы (дифф. диагноз мәселесімен қоса алғанда), диагностикалық іс-шаралардың міндеті көлемі, медикаментозды емдеу шеңберінде тағайындамалар мен өзгерістер дәлелдемесі. Госпиталдық кезеңде ургентті жағдайының диагностикасы, реанимациялық іс-шаралары. Кәмелетке толмағанның стационарлық сот-психиатриялық, әскери-дәрігерлік, медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері. Кәмелетке толмағандарды сот-психиатриялық сараптама мен күштеп емдеудің қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу аспектілері. Кәмелетке толмағандардың сот-психиатриялық сараптамасын ұйымдастыру. Ақыл-ес дұрыстығы немесе ақыл-ес дұрыс еместігі туралы түсінік. Азаматтық процесс сараптамасы: іс-әрекетке қабілеттілік, іс-әрекетке қабілетсіздік, қамқоршылық.

МБП 03

Амбулаториялық-емханалық психиатрия




ҚР амбулаториялық-емханалық психиатрия қызметінің құрылымы және ұйымдастырылуы. Есеп беру-есепке алу құжаттамасы. Емхана деңгейінде психиатриялық қызметті ұйымдастыру. Амбулаторлық науқастың медициналық картасын жүргізудің тәртібі мен құрылымы. Консультациялық есеп және динамикалық бақылау (тәртібі, мақсаты, тобы). Амбулаторлық психиатриялық көмектің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары. Науқасты ауруханаға дейінгі және ауруханадан кейінгі кезеңдеріндегі дигностикасы және енгізу алгортимі. Диагностика мен емдеу хаттамасы. Ауруханаға дейінгі және ауруханадан кейінгі кезеңдердің психологиялық фармокологиялық терапиясы. Мамандандырылған мекемелерге, психологиялық-медициналық консультатцияларға, оңалту орталықтарына жіберу тәртібі. Науқастың отбасымен жұмысты ұйымдастыру және мақсаттары. Кәмелетке толмағандардың амбулаторлық сот-психиатриялық, әскери-дәрігерлік, медициналық әлеуметтік-сараптамаларын ұйымдастыру және құқықтық мәселелері.

МБП 04

Наркология




ҚР наркологиялық қызметін ұйымдастыру. Ішімдк пен психологиялық белсендіі заттарды қолдануға байланысты психикалық бұзылулар – наркологиялық стационар мен наркологиялық диспансер жағдайында этиология, жас шамасы кезеңдеріндегі клиникалық ерекшелік, ағымы, мақсаты және жүргізу тәртібі. Ішімдікті және наркологиялық уланудың клиникалық үлгілері. Наркологиясындағы ургенттік жағдайы- клиника, диагностика, емдеу. Инъекциялық есірткіні қолданатын (бұдан әрі - ИЕҚ) нашақорларға, АИТВ инфекциясын жұқтырған тұлғаларға бас бостандығынан айыру орындарында медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмекті ұйымдастыру қағидалары. Ауруханаға жатқызу және күштеп емдеу көрсетілімдері. Диспансерлеу. Профилактика. Наркологиялық бұзылыстармен зардап шегетін кәмелетке толмағандардың медициналық-әлеуметтік, әскери-дәрігерлік, сот-психиатриялық сараптмалары мәселелері.

МБП 05

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу (РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы. Интернеттегі Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) медициналық дерекқорлар. Жүйелі шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулерге арналған дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 06

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсынымдары. Тіршілік жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің алғашқы және екінші бағалауы. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-ны өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясы әдістемесі. Кеңірдек интубациясы.

МБП 07

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және таралуының профилактикасына бағытталған ұйымдастыру, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. Инфекциялық бақылау комиссиясын (бұдан әрі - ИБК) ұйымдастыру. Ауруханаішілік инфекцияны (бұдан әр – АІИ) эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштары, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға стационарлық және амбулаториялық көмекті ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ-ға тестілеуге дейінгі және кейнгі консультация. АИТВ инфекциясының клиникасы, салдарлы аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

МБП 08

Медициналық психология




Психикалық бұзылыстарды қалыптастыруға кедергі болуға мүмкіндік беретін факторлар. Комплаенс- түсінігі, белсендіі басқаруды қалыптастыру тәсілдері. Суицидалды мінез-құлықты ерте айқындау мен профилактикасы мәселелері. Кәмелетке толмаған пациенттермен олардың отбасы мүшелері үшін психологиялық білім беру тренингілер ұйымдастыру және жүргізу мақсаттары. Психикалық науқастың стигма және дестигматизация әдістері. Дәрігер мен қоғамдық бірлестіктің өзара іс-қимылы.

ТК

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

6. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (4 апта) оқу бағдарламасының мазмұны



Пән коды



Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Психиатрияның өзекті мәселелері




Психикалық бұзылыстардың профилактикасы, жіктемелері, сараланған диагностикасы мен терапиясының өзекті мәселелері. Психикалық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасы қолданыстағы хаттамалар. Кәмелетке толмағандардың психопрофилактикасы, психооңалтусы және сараптамалары мәселелері (медициналық-әлеуметтік, сот-психиатриялық, әскери дәрігерлік).

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсынымдары. Тіршілік жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің алғашқы және екінші бағалауы. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-ны өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясы әдістемесі. Кеңірдек интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ҚБ

Қорытынды бақылау

7. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша (жоғарғы және бірінші санаттар үшін) біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны



Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасының заманауи әдістері

Психикалық және наркологиялық бұзылыстардың терапиясы және оңалту, сараланбалы диагностикасы, жіктемелері, клиникалық симтоматикасы, профилактикасы, патогенезі, этиологиясы туралы қазіргі түсініктер. Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасы қолданыстағы хаттамалар. Психикалық денсаулығын сақтау саласындағы күші бар нормативтік құқықтық актілер.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсынымдары. Тіршілік жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің алғашқы және екінші бағалауы. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-ны өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясы әдістемесі. Кеңірдек интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша (екінші санат үшін) біліктілікті арттыру бойынша сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны



Пәндердің атауы, негізгі бөлімдері

Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасының алгортимі

Клиникалық – психопатологиялық диагностика әдістері. Психикалық бұзылыстардың жағымды және жағымсыз диагностикасы. Анамнездік мәліметтерді талдау және жинау қағидалары. Психикалық бұзылыстар синдромологиясы мен нозологиясы. Психикалық бұзылулар терапиясының клиникалық-фармокологиялық аспектілері. Психикалық және наркологиялық бұзылыстар терапиясы мен диагностикасы қолданыстағы жіктеме мен хаттамалар. Психикалық денсаулығын сақтау саласындағы күші бар нормативтік құқықтық актілер.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсынымдары. Тіршілік жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің алғашқы және екінші бағалауы. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-ны өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясы әдістемесі. Кеңірдек интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
19-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет