Миссиясы мен пайымы Соңғы он жылда әлем жаңа экономика түріне қарай қарқынды жылжып келеді, оны қалыптастырудың негізгі құралы цифрлық технологиялар болып табылады. Заманауи жағдайларда ақпараттық технологиялар мен цифрлық трансформация қызмет көрсету сапасын арттыруды, өнімділікті түбегейлі арттыруды, бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз ету шарты және технологиялық өзгерудің негізгі факторы болып табылады. 2016 жылы біз өз миссиямызды жеке және заңды тұлғаларға бірыңғай мемлекеттік қызмет провайдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру ретінде қалыптастырдық. Қазіргі кезде заманауи әлем талаптары назарға алына отырып, Мемлекеттік корпорацияның даму векторы озық технологиялар жағына, қызметтерді көрсетудің жаңа тәсілдерін іздеуге және жаңа аумақтарды игеруге, командамыздың ішкі әлеуетін дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда Мемлекеттік корпорацияның келесі кезеңге міндеттерін қалыптастыра отырып, біз өзіміздің келесі даму деңгейімізді айқындайтын мақсаттарды және біз үшін маңыздырақ жұмыс принциптері мен басымдылықтарды нақтылаймыз. Мемлекеттік корпорацияның миссиясы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белсенді ұсыну қағидатын енгізу, оларды технологиялық шешімдерді пайдалана және жоғары сервис деңгейін қамтамасыз ете отырып, ыңғайлы заманауи арналар арқылы бірыңғай провайдермен көрсету. Мемлекеттік корпорацияның пайымы – Мемлекеттік корпорация – белсенді, клиентке бағдарланған және инновациялық тәсілдер қолданыла отырып, қызмет алушылардың сұранымдарына жауап беретін сервистер мен қызметтерді алудың бірыңғай алаңы. Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация өз қызметінің бастысы ретінде келесі құндылықтарды қояды:
1. Меритократия: әр адамның қосқан үлесі мен жетістіктерін бағалаудың әділдігі мен объективтілігі.
2. Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
3. Адалдық: команда ішіндегі және өзінің әріптестеріне деген адалдық.
4. Ашықтық: байланыстар мен әріптестерге деген ашықтық.
5. Командалық рух: бірлескен қызметтен жоғары нәтижелерге жетудегі ынтымақтастық.
6. Сенім арту: өзара көмек пен сенім мәдениетінің адалдығы.
Мақсаты: Мемлекеттік корпорацияның азаматтар мен бизнес үшін бір көзден қызметтер мен сервистерді көрсетуі, бірыңғай провайдер қызметін жетілдіру.